Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Лепті сөйлем
  • 05.05.2016
  • 787 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18935

Қызылорда облысы
Сырдария ауданы,Ақжарма ауылы
№130 Абай орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Шербатша Күләш Әбдірашитқызы

Cабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем,8 сынып.
Сабақтың мақсаты:
а) Лепті сөйлем туралы түсінік бере отырып оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін , сөйлеу мәдениетін арттыру.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.
б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену,талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме парақша
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1. –Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Қандай сұрақты білдіреді?
2. –Негізгі сұрақ дегеніміз не? Қалай жасалады?
3. –Жетек сұрақ деген не? Қай шылаудың қатысуымен жасалады?
4. –Анықтауыш сұрақ не арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1-слайдтағы жазылған сөйлемдерді оқушыларға оқытып, қандай көңіл күйді білдіріп тұрғанын сұрау.

1. Отаным қандай кең- байтақ,
Астанам неткен тамаша!
2. Шіркін, ат – ақ екен!

3. - Апырай, енді не істеуім керек, ренжітіп көңіліне қаяу салып алдым ба, қап?!

4. Түу, мына ұстаң әнші ғой өзі!


Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдер –бір нәрсеге таңданғанда, өкінгенде, сұқтанғанда, күйінгенде, сүйсінгенде, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер.

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады Сөйлемде- ақ,-ау, ғой,-ай шылауларының қатысымен Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы жасалады
Даусы мұнша зор болар ма!
Ол жетіп келмесі бар ма! Апыр- ау,
шыбықтар көктейін депті- ау!
Өлеңі не деген жақсы!
Ақын ғой өзі! -Япыр- ай, ұшқыр
екен мына жорға!
Паһ! Бұл ғаламат қой! Заман біздікі! Жау жойылды!
Жаттығумен жұмыс: 24-жаттығу. Мәтіндегі сұраулы лепті сөйлемді ажыратып, жасалу жолын түсіндіріңдер.
26-жаттығудағы сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу.

Кім жылдам? «Адасқан сөйлемдер» (3-слайдтағы тапсырманы орындау)

1.
2. Бұл әнді қайдан үйренгенсіз
Асаубай деген қарт шопанды білесің бе Хабарлы сөйлем
3.

4. Шіркін- ай, осы өлеңдерді бұл неге ертерек оқымады екен
Япырау, тіпті сөз- ақ мыналарың Сұраулы сөйлем
5.
6. Жаңа келгендердің бәрі де жастар екен
Кітапты Абай бұл шақта көзілдірікпен оқиды Лепті сөйлем


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?

Семантикалық картамен жұмыс. (Бірнеше оқушыға үлестірме парақша таратып, тапсырманы орындату)

4-слайдтағы сурет бойынша сөйлемдер құрату.

Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Лепті сөйлем. 26-жаттығу.( тапсырма) Тәрбие.орг сайтынан Лепті сөйлем Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шербатша Күләш Әбдірашитқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 787 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar