Мұқағали Мақатаев шығармашылығы. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 380
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20671


Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев шығармашылығы.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: а) Ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын түсіндіріп, тақырыбы мен идеясын анықтау және басты кейіпкерлерге мінездеме беру,бөлімдерді талдау.
ә)Өз бетінше іздену, ой толғау, тұжырым жасау, салыстыру, сипаттама беру, қорытынды жасау,пікірін еркін айта білу және ой-өрісін дамыту.
б)Табиғатты сүюге,оны қорғауға үйретіп адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ-жауап, мінездеме, сипаттама беру, пікірсайыс, көрнекілік, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,М.Мақатаев портреті, түрлі- түсті суреттер, Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә)Үй тапсырмасын пысықтау
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша логикалық, викторинарлық сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
1.Басталуы: Жетім көл туралы айтылған аңыз.
2.Дамуы: Баланың ауруы, тәуіптің айтқан емі.
3.Байланысуы: Дәрменсіз күйдегі ата-ана.
4.Шарықтау шегі: Аққуды атқан ана.
5.Шешімі: Аққудың қасиеті мен киесі.
Жаңа сабақты дамыту.
1. «Отбасы» тобы баланың әкесіне, «Қасиет» тобы тәуіпке, «Жер-ана» тобы жылқышы қартқа мінездеме береді.
2. Интерактивті поэмадағы кейіпкерлер кезекпен көрсетіледі.
3. «Отбасы» тобы ана бейнесі көрсетілгенде, оған сипаттама береді. «Қасиет» тобы аққудың қасиеті,киесі туралы қазақ ырымдарын еске түсіріп, ой толғайды.«Жер-ана» тобы монитордан табиғат көрінісін тамашалап,сурет салады.
4. Пікірсайыс «Ананың аққуды атқан әрекеті дұрыс па, әлде бұрыс па?»
«Отбасы» тобы ана әрекетін жақтап, түсінік білдіреді.
«Қасиет» тобы ана ісінің дұрыс еместігін поэмаға сүйене отырып дәлелдеуі тиіс.
«Жер -ана» тобы ананың табиғатқа келтірген зардаптарына ой жүгіртеді.
5. «Отбасы» тобы ана туралы өз ойларынан өлең, әңгіме,шығарма жазады. «Қасиет» тобы аққу туралы ән, би, күй шығарған авторларды атап, мақал мәтелдер айтады.
«Жер-ана» тобы табиғат туралы нақыл сөздер, тыйым сөздер айтады.
Сабақты бекіту.
А) Поэма неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталған?
Ә) Поэмадағы кейіпкерлер сізге қандай әсер қалдырды?
Б) Ақын осы поэмасы арқылы қай қырынан танылды?
Үй тапсырмасы:
1.«Ана – өмірдің гүлі» немесе «Аққуды атпа...» деген тақырыптардың біріне қазақ мақал-мәтелдерін қатыстыра отырып шағын әңгіме жазу.
2.Поэманы оқып, өзіңе ұнаған үзіндіні жаттау.
3.М.Мақтаевтың өміріне қатысты деректер жинау.


Айжан Ердәулетқызы
«Балдаурен» балалар шығармашылық орталығы,
«Қазақ тілі» үйірме жетекшісі Тәрбие.орг сайтынан Мұқағали Мақатаев шығармашылығы. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айжан Шоқыбаева Ердәулетқызы

Талдықорған қаласы Балдаурен» балалар шығармашылық орталығы «Қазақ тілі» үйірме жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar