М.Мақатаев «Бүгін менің туған күнім»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 576
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 01/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21455


Тақырыбы: М.Мақатаев «Бүгін менің туған күнім»
Орындаған: қазақ тілі пәні пәнінің мұғалімі
с

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Бүгін менің туған күнім»
Сабақтың мақсаты: қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаев өмірінен және шығармашылығымен таныстыру;
Дамытушылық: оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту;
Тәрбиелік: өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Мұқағалидың кітаптары, интерактивтік, тақтадағы слайдтар, өмірі туралы видео, клиптер «Есіңе мені алғайсың»
Әдісі: мәнерлеп оқу, жатқа айту, әндету
Сабақтың барысы:
Балалар, сендер осы 6-сыныпта қандай ақын-жазушылармен таныс болдыңыздар? Әрине, ұлы Абай, Ыбырай, Мұхтар, Жамбыл және Сәкендер.
Ал, бүгін балалар-поэзияның биік шырқауларын көрсете білген, ақ шашты аналардың жүрегін әлдендірген, барша ғашық жүректерді жиі соқтырып, бөбектердің бесігін тербей білген, яғни қазақ халқының біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев туралы болып отыр. Бүгін, балалар, Мұқағали туралы ойлар, өлендер, естеліктерді білетін боламыз.
«Бүгін менің туған күнім» өлені оқылады.
Міне, туған күн. Мұқағали ақын 9-ақпанда 79 жасқа толар еді. 1991 жылы Алматы облысының Қарасаз деген ауылда дүниеге келген
Видео «Қарасаз ауылы»
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам? Оған жұртым елеңдестің,
.....Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өліңді ешкім.

Севда «Поэзия»
Ия, қазақ поэзиясына өзіндік үлес қосқанын осы өлеңнен білуге болады.
Мұқағали Мақатаев – көптеген тақырыптаға өлең жазған ақын. Соның ішінде әйел адамды, халқымыздың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсыноваға арнап жазған өлең жолдары. Бұл өлең кімді де болса да толқытар, тебірентері сөзсіз.
Айнұр «Фаризаға»
Рагим «Әйелдер – ай»
Мұқағалидың өлендері – шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзелістен ,шын қуаныштан, шын сағыныштан туған өлеңдер. «Табиғат үні», «Жетімдер үні», «Жесірлер үні» деген өлеңдері жүректен шыққан жырлар емес пе? «Жетім қөрсең, жебей жүр» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек
Диана «Жетімдер үні»
Мұқағали өмірінің соңында қөп ауырды. Тағдыр оны аямай сынады. Өлеңдерінің кейбірін ауруханада шығарған болатын.
Алтынай «Дәрігер»
Мұқағалидың өлеңдеріне ән жазбаған сазгер де, оған өлең арнамаған ақынды да таба алмаймыз. Оның өлеңдерінің демі ән болып айтылып, құлақтан кіріп, бойды алуда. Ендеше ақынның бір өлеңін әндетпесек болмас.
Хор «Сенің көзің түпсіз терең....»
Мұқағали – ол қазіргі ең көп оқылатын ақын. Көзінің тірісінде 11, қайтыс болғаннан кейін 12 кітабы жарық көрді. Кітаптарын күндіз шам жағып іздесеңізде таба алмайсыз.
Нұрғиса Тілендиев:
Мұқағали дүниеден өткен соңқатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін бешпенттің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз»,- депті Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлені: «Есіңе мені алғайсың» екен. Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір кунінде әлгі өленге ән жаздым.
Міне, аяулы Мұқағалиімді бүгін де есіме алып отырмын.......
Клип «Есіңе мені алғайсың!»
Марқұм, бүгін ақын бір аунап қалған шығар.
Сонымен, балалар, міне Мұқағали Мақатаев туралы көптеген мәліметтерді білдік. Мұқағали халқын, ана тілін қадір тұтқан азамат. Тәрбие.орг сайтынан М.Мақатаев «Бүгін менің туған күнім» Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адырова Акслу Кудайбергеновна

Пікірлер: 0

avatar