"Мұраты мықты Мұқағали"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 535
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 06/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18472


Сабақтың тақырыбы: Мұраты мықты Мұқағали
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы және
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы алған білімдерін тексеру.
2. Елін, жерін, Отанын сүюге, бірлікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Табиғатты қорғауға, аялауға баулу.
3. Мұқағали мақатаевтың өміріне, өлеңіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бүктеме.
Пән аралық байланыс: Математика, музыка
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу
Б) Түгелдеу
В) Сабаққа дайындығын тексеру
С) Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау. Топтың аты
«Қыран», «Қайсар» топтары.
Жауап берген оқушыларды екі түрлі аққумен бағалаймын. 1-шісі нашар жауап берген оқушыға ұша алмай қалған аққумен бағалаймын. 2-ші өте жақсы жауап берген оқушыны қуана-қуана ұшып бара жатқан аққумен бағалаймын. Әр кезеңнің соңында аққуларды тарата отырып, оқушыларды бағалап отырамын .
2. Сабақтың мақсатын қою.
Оқушылардың Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы алған білімдерін тексеру.
3.Білімді бекіту.
Оқушылар біздің бұл кезеңіміз «Мұқағали шыңы» деп аталады. Бұл кезеңде біз Мұқағали туралы нені білдік соны тексереміз. Екі топқа екі сөзжұмбақ беріледі. 1-ші топқа «Мұқағали», 2-ші топқа «Мақатаев».
1. Мұқағалидың 11 жасындағы қаза болған қызының аты?
2. Мұқағалидың үлкен үміт күткен баласы?
3. Мұқағали неше жасында қайтыс болды?
4. Мұқағалидың үлкен қызы?
5. Мұқағалиды сөзге, жырға үйір етіп тәрбиелеген кім?
6. Бізге ұсынылған поэмасының киелі құсы?
7. 1941жылы Калинградта соғыста қайтыс болған әкесінің аты?
8. 1969жылы У.Уитменнің жарық көрген кітабы?

2-кезең «Поэзия минуты».
Бұл кезеңде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзіндіні жатқа айту.
3-кезең Академиялық дау-дамай.
Бұл кезеңде балалар өздерін поэмадағы кеіпкерлердің орнына қойып, образға кіреді. Мысалы : «Қыран» тобы әке образына, «Қайсар» тобы ана орнына образға енеді.
4-кезең Галереяға саяхат.
Бұл кезеңде оқушылар өздерінің осы тақырыптың ұнаған жерін суреттеп, қорғап беруі тиіс.
5-кезең Семантикалық талдау.
Мұқағали Мақатаев Ол кім? Поэманың аты Әдебиетке қосқан үлесі Шығарманың негізгі идеясы Шумақ Тармақ Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні
Бұл кезеңде әр топтан оқушылар шығып, семантикалық картаны толтырады.
6-кезең Аққу-бала-ана.
Бұл кезеңде оқушылардың жазып келген шығармалары оқытылады.
7-кезең Ойнап отырып ойлаймыз.
А Қ
Ж М
Бұл кезеңде берілген әріптер бойынша, басы осы таңдаған әріптерінен басталатын, осы сабақпен байланыстыра отырып сөйлем құрау.
Мысалы: А әріпін алатын болсақ
Айдындағы аққудың ақтығын, ананың арпалыстағы аңқаулығын, адамдардың адамгершілігін асқақтата айтқан ақиық ақын.
8-кезең Сандар сөйлейді.
Бұл кезеңде математика сабағымен байланыстыра отырып, есеп шешу арқылы Мұқағалидың әнге айналған өлеңдерін табамыз. Шешуін тапқан топ әнмен орындайды.
«Қайсар» тобы
Ң 72 : 8 = Р 50 + 25 =
Е 12 - 9 = К 25 + 17 =
Ү 32 - 17 = З 56 : 7 =

42 15 75 3 9 42 15 8
«Қыран» тобы
Е 25 - 20 = М 30 - 18= Ғ 81 +12=
А 64 : 8 = С 42 : 6= Й 25 + 30=
Ң 72 - 66 = І 16 : 4= Ы 30 + 7=
Н 41 * 2 = Л 24 – 2 =

5 7 4 6 5 12 5 82 4 8 22 93 8 55 7 37 6

9-кезең Шығу парағы
Бұл кезеңде екі топқа сұрақтар қойылады.
1.Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Сабақ несімен ұнады?
3. Бүгінгі сабақтың пайдасы?
4. Мұқағали туралы не білдік?
5. Болашақта Мұқағали туралы нені білгіміз келеді?

10-кезең Тосын сый.
Бұл кезеңде сабағымыз 8-наурыздың қарсаңында болғандықтан осы сыныптың ер балалары өздерінің топтарындағы қыздарға сабақпен байланыстыра отырып тілек айтып құттықтайды.
Мысалы: қыздарды аққуға теңеп әдемді сөздермен көркем, шебер құттықтауы.

Бағалау. Қай топта қанша аққу қалды, нешеуі ұшып кетті. Осы бойынша топты бағалау.
Қорытынды:
Мен бүгінгі сабағымды мына бір шумақ өлеңмен аяқтағанды жөн көрдім.
Поэзия әлеміне самғадың,
Әділетті көксеуден еш талмадың.
Ақындардың ақиығы атанып,
Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.

Үйге тапсырма: «Құшағы мейрімге толы ана» (шығарма жазу)
Мұқағалиға арнап өлең шығару. Тәрбие.орг сайтынан "Мұраты мықты Мұқағали" Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алтаева Нұргүл Сейтқұлқызы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar