Ма( ме ), ба ( бе ), па ( пе ) шылаулары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 997
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 02/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22734


Сабақтың тақырыбы: Ма( ме ), ба ( бе ), па ( пе ) шылаулары
Сабақтың мақсаты: 1. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының өздері қатысты сөзге
сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру, білімдерін
толықтыру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, есте сақтау
қабілеттерін байқау, дамыту.
3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс жасауға,
топпен жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың әдісі: топтастыру, ойқозғау, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ойын.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, ребус, ойын элементтері.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Психологиялық дайындық.
Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз,
Қош келдіңіз көңіл күйге сеніңіз
Қош келдіңіз шыққан күндей жарқырап,
Бақытты күнді бізбен бірге бөліңіз.
Ә) сабақтың ерекше екендігін хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау
Өткенді пысықтау мақсатында екі топқа « Бәйге » сұрақтар.
1 топ.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Сан есім дегеніміз не?
3. Мәтіннің түрлерін ата.
4. Буын үндестігі дегеніміз не?
5. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
6. Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?
7. Қыстырма сөз дегеніміз не?
8. Біріккен сөз дегеніміз не?
9. Қайталама қос сөз дегеніміз не?
10. Септік жалғауы дегеніміз не?
11. Ілік септік сұрақтары мен жалғаулары
12. Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?
13. Етістіктің шақтарн ата.
14. Келер шақ дегеніміз не?
15. Сан есім нешеге бөлінеді?
16. Есімдік дегеніміз не?
17. Үстеудің түрлерін ата.
18. Мекен үстеу дегеніміз не?
19. Шылау дегеніміз не?
20. Да( де ), та ( те ) шылауларының қызметі

2 топ
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Сын есім дегеніміз не?
3. Мәтін нешеге бөлінеді?
4. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
5. Жай сөйлем дегеніміз не?
6. Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?
7. Қыстырма сөздің тыныс белгілері.
8. Қос сөз дегеніміз не?
9. Қосарлама қос сөз дегеніміз не?
10. Қазақ тілінде қанша септік бар?
11. Көмектес септіктің сұрақтары мен жалғаулары.
12. Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
13. Осы щақ дегеніміз не?
14. Өткен шақ дегеніміз не?
15. Сын есім нешеге бөлінеді?
16. Есімдіктерді ата.
17. Үстеу дегеніміз не?
18. Мезгіл үстеу дегеніміз не?
19. Шылауларды ата
20. Мен ( бен, пен ) және шылауларының қызметі.
Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздермен « Жасырынған сөздер » ойынын ойнағым келіп тұр. Ойын ойнауға дайынбызба?
( оқушыларға қима қағаздар таратылады, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып сөйлемді аяқтауы керек. Шыққан сөйлемнен шылауды тапқызу)

1. Құс қанатсыз бола ..... ? ( ма )
2. Сен ертең келесің ....? ( бе )
3. Жазда Астанаға барасың .... ( ба )
4. Ол өз орнына отырып....? (па)
5. Айнұрға жаңа дәптер керек ....? ( пе)
6. Олар ауылдан алыстап кетті..... ? ( ме )
ІІІ. Жаңа сабақ . Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары.
Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары.
Дәптерімізге күннің жадын жазамыз.
Көркем жазу.
Сабақты түсіндіру.

Енді жаттығуларды ойын түрінде жүргіземіз.
1 – жаттығу. ( Әдебиеттік оқу пәнінен « Сөзжұмбақ » шешу).
Жаттығу ауызша орындалады.

1. Толассыз күндер өтеді кіл
Өтеді айлар, өтеді жыл
Қаратаудан асырып көшін
Үдере көшкен
Бабалардың
Мекені – бұл. Қай өлеңнен үзінді? ( Түркістан )

2. Асыранды биші киігің бар екенін маған неге айтпағансың? Қазір ұстап бер! Әйтпесе, басыңды шауып тастаймын! – деп қиғылықты салады. ( Сыбызғышы )

3. Беріктің екі беті ду ете қалды. Онысын ешкім байқаған жоқ. Байқаса да, оның жүгіріп, ентіккеннен бе, әлде ұяттан ба, неден қызарғанын ажырата алмас еді. Өзі ғана білді. Қай мәтіннен үзінді? ( Өкініш )

4. Медеу – күллі әлемге
Аты әйгілі мұзайдын
Ақ айдында, төменде
Жарқырайды жүзі айдың. Қай өлеңнен үзінді? ( Медеу )

5. Алшы тұрсаң – қуандым
Тәйке тұрсаң – құп алдым
Бүге тұрсаң – кешірдім
Шіге тұрсаң – өкіндім. Қай өлеңнен үзінді? ( Асығым )

6. Ұйғырша аға деген сөз. ( Әбзи )

7. Бір жастан екі жасқа дейінгі жылқы ( Байтал )

Ерекшеленген торкөзегі шыққан сөзді оқиықшы. ІСКЕ СӘТ. Олай болса балалар сендерге сәттілік тілей отырып, 1 – жаттығуды ауызша орындаймыз.
1 топ Өлеңнің 1 – 2 жолы
2 топ Өлеңнің 3 – 4 жолы.
2 - жаттығу. «Гүл ойыны » ( математика пәні бойынша )
( тақтаға гүлдің сабағы мен жапырағы ілінеді. Оқушылар есептерді шешіп жаттығуды ауызша орындай отырып, гүлін орналастыру керек)
1. 2000 – 87 = 1913 ( 1 – сөйлем )
2. 75/5 = 15 ( 2 - сөйлем )
3. 100 / 50 = 2 ( 3 – сөйлем )
4. 380 + 320 = 700 ( 4 - сөйлем )
5. 90 * 3 = 270 ( 5 – сөйлем )

3 – жаттығу. Ол кім? Бұл не? Ойыны ( орыс тілі мен ағылшын тілі пәні бойынша )Жаттығу ауызша орындалады. Жаттығу ішінде кездескен сөздерді орыс тілінде ағылшын тілінде айтып беру керек.
Нан – хлеб – bread
Жер – земля – land
Екі – два – two
Ел – страна – population
Мен – я – I
Сен – ты – you
Ол – он (она ) – hi she
Ән – песня – melody
Нәресте - младенец - baby

4 – жаттығу. « Ребус шешу » Екі топқа екі түрлі ребус беріледі. Ребустың шешуі болған шылау бойынша әр топ жаттығуды орындайды.
1 топ. Ма, ме.
2 топ. Па, пе
Сабақты қорытындылау.
Шылауға топтастыру жасау.
ШЫЛАУ - жеке тұрып сөйлем мүшесі болмайды.
ШЫЛАУ – сөз бен сөзді байланыстырады.
ШЫЛАУ - сөйлем мен сөйлемді байланыстырады
ШЫЛАУ – өз алдына толық мағынасы жоқ
ШЫЛАУ - сөзден бөлек жазылады
Оқушыларды мадақтап, бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 – жаттығу. 163 бет.



№ 123 « Елтай » бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ
Тақырыбы: Ма ( ме ), ба ( бе ), па ( пе ) шылаулары.


Орындаған: Нурлибаева Б.

2017 жыл. Тәрбие.орг сайтынан Ма( ме ), ба ( бе ), па ( пе ) шылаулары Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурлибаева Б.

Пікірлер: 0

avatar