Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мен және менің отбасым
  • 06.02.2017
  • 55 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21536

1 Қазақ тілі
3 сынып

Сабақ тақырыбы: Отбасы мүшелері

Жалпы мақсат: Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсніу
Сабақтың мақсаттары Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, қоғам басшысы, қоғамның алып жатқан аймағы, қоғам - бізді қоршаған орта ұғымын ашу. - Отбасы - шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы - біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу
Күтілентін нәтижесі: Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым - қатынастар туралы түсініктер бере отырып, оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету. - Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру. -
Негізгі идеялар: Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсенді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Отбасы жағдай түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Үлестірмелі материалдар
2. АКТ, маркерлер, карталар, глобус

Сабақта қолданатын модульдер “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Оқыту әдістері: Миға шабуыл
Интерактивті оқыту әдістері
диалогтік оқыту
Жигсо, Спираль
 Топтық жұмыс
 Жұптық жұмыс
 Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: Карталар, электрондық оқулық, интернет жүйесі
Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Баршаңызға
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Сыныпты топқа бөлу (сыйлық сыйлау арқылы)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрду. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі арқылы

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Топ бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау. Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу.

II.Ой қозғау « Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері,

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын аштыру. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді, топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды, өз ой-пікірлерімен санаса білу
«Отбасы деген не? » туралы білімдерін тексеру және слайд арқылы отбасының орыналасу жиынтығыі туралы суреттерден көрсету бойынша жұмыс (8 мин)
 Отбасы қалай құрылады?
Қоршаған ортаны бізді қалай қабылдайды?
 Отбасындағы негізгі әрекеттерді ата?
Осы аталған сұрақтар төңірегінде 3 топ жұмыс атқарып, өз ойларын, пікірлерін ортаға салып жұмыс атқарады.

III.Мағынаны ашу: «Спираль» әдісі (10 мин) «Отбасы мүшелері» тақырыбымен жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау.
Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырдым.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді
IV.Топпен жұмыс Кітаппен жұмыс. (7 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.
Менің отбасым: Менің атым -------- Менің әкемнің аты ---------- Менің анамның аты --------- Менің әжемнің аты --------- Менің атамның аты ---------- Менің ағамның аты ---------- Менің әпкемнің аты --------- Менің қарындасымның аты -------- Менің інімнің аты -------------------- Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ---------------- - Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен. Ал енді балалар осы сөздер жалғасын кітап бойынша толтырайык

V.Сергіту сәті: «Ақ түс» (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

VI.Шығармашылық тапсырма
«Өмірлік ахуалды талдау» әдісі (Тақтамен жұмыс, сұра- жауапты талдау, бағалау) (8 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы ілінген қағаздарды топқа таратады және қосымша материалдар үлестіріледі Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын табиғатағы қызықты сурет арқылы жеткізу

VII.Қорытындылау: (сұрақ-жауап) (4 мин)
1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
2. ТОтбасы мүшелері туралы не білемізі?
3. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
4. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
5. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (3 мин)
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма Тәрбие.орг сайтынан Мен және менің отбасым Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ногайбаева Баглан Байбековна

№74 ЖББ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 55 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar