Менің ана тілім

  • Жүктеулер: 65
  • Көрсетілім: 232
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 30/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20725


5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім
Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік: Тіл туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту әрі ойлау қабілеттерін қалыптастыру;
б) Тәрбиелік: Сөз құдіретінің адам өміріндегі маңызын ұғындыру әрі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Негізгі идеялар: Оқушылар тақырыптың мағынасын ашады, ана тілі туралы түсінік алады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Ана тілі туралы мәліметтер алады, қолданады, жинақтайды, көшбасшылықты анықтайды.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық ,топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
- Кезекшінің мәліметі
Психалогиялық хал-ақуал
Шаттық шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Сыныпты кеспе қағаз арқылы топқа бөлу.
І-топ «Қазақ тілі», ІІ-топ «Орыс тілі» және ІІІ-топ «Ағылшын тілі».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сөздікті жатқа айту. Мәтінді мазмұндау.
3-тапсырманы тексеру. «Кітап, оқулық, күнделік» сөздерін үш топ тәуелдейді.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бейнекөрініс арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
Ана тілім - болашағым, өркенім,
Ана тілім - болашағым, ертеңім.
Ана тілім - сайыс далам, жер көгім,
Ана тілім - арман, ойым, көрнегім.
Бауыржан Момышұлы -[І].
-Балалар бейнекөріністен не көрдік және Бауыржан атамыздың өлең шумақтары не туралы екен, қалай ойлайсыңдар сабағымыздың тақырыбы қандай?
-Дұрыс айтасыңдар « Ана тілі».
-Онда біз бүгін, сендермен «Менің ана тілім» тақырыбымен танысамыз.
1 – тапсырма. «Менің ана тілім» мәтіні бойынша жұмыс жасау.
Әр топ мәтінді оқиды.
І-топ мәтін бойынша сұрақ құрайды
ІІ-топ мәтін бойынша жоспар құрайды
ІІІ-топ мәтінді сурет арқылы мазмұндайды
І-топ «Қазақ тілі» тобының тапсырмасы.
2 – тапсырма. «Менің ана тілім» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастыру.
- Сенің ана тілің қандай тіл?
- ... .
- Сен өз ана тіліңде еркін сөйлесе аласың ба?
- ... .
ІІ-топ «Орыс тілі» тобының тапсырмасы.
3-тапсырма. «Кім көп біледі?» ойының өткізу.
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Сенің тілің қай тіл? (орыс, шешен, неміс тілі).
3. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
ІІІ-топ «Ағылшын тілі» тобының тапсырмасы.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті тірек сөздерді қою.
Біз жаз..., сен үйрен.., мен оқы..., ол жатта...,сіз шығың..., олар келе.., сіздер айтт....
ІҮ. Сергіту сәті.
Әр топ аттарына сай диалог құрайды.
І-топ «Қазақ тілі»- қазақ тілі туралы диалог құрайды.
ІІ-топ «Орыс тілі» - орыс тілі туралы диалог құрайды.
ІІІ-топ «Ағылшын тілі»- ағылшын тілі туралы диалог құрайды.
Әр топ өз аттарына сай постер қорғайды.
Ү. Кері байланыс:
«Есте қалғаны...» ойыны арқылы бүгінгі тақырыпты туралы білімдерін толықтырады.
Оқушыға гүл шоғы беріледі, осы гүл шоғын бір-біріне кезектесіп беріп, бүгінгі өтілген сабаққа қатысты есте қалғандары туралы айтады.
ҮІ. Қорытынды:
«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді».
Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ҮІІ. Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі. Жасыл,сары және қызыл смайликтер арқылы оқушылар өз пікірлерін жазып тақтаға іледі.
ҮІІІ. Үйге тапсырма
1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау)
Тіл туралы мақал-мәтелдерді тауып жаттап келіңдер.
ІХ. Бағалау бөлімі. Сабақта белсенді қатысқандары бойынша бір-бірін бағалау.
Қосымша мәліметтер:
І- [ғаламтор]. Тәрбие.орг сайтынан Менің ана тілім Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar