«Менің Мұқағалиым.»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 444
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 13/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21729


Жұмыс орны: ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы. «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ.
Мамандығы: Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Аты-жөні: Юсупова Айсулу Амангельдиновна
Байланыс нөмірі: 87762017702
Сертификат алу үшін

«Менің Мұқағалиым.»
1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші: Поэзия-ұлы әлем. Тұңғиығы терең тылсым күш. Мұнайғанның жүзіне күлкі үйіретін, бейқам көңілді тұңғиық ойға шомылдыратын, ғашық көңілдердің асық жүректерін бір арнаға тоғыстыратын құдірет-поэзия.
1-жүргізуші: Ия, өлең сөздің патшасы да-поэзия. Ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білген, көкірегі ояу, көзі ашық жастардың ұлттық рухын көтерер, рухани байлығының мәртебесін асқақтатар да – осы поэзия.
2-жүргізуші: Сырым да осы,
Жырым да осы
Алдыңда,
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда»-деп бір күндік жарық сәуледей өте шыққан қысқа ғұмырында ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен, қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын –Мұқағали Мақатаевтың рухына «Менің Мұқағалиым» атты әдеби-сазды кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» –
деп жырлаған ақиық ақын, қазіргі қазақ жастарының піріне айналған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болған. Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесі Тиынның тәрбиесінде болған.
Мұқағали өзінің өмірінде ауылдық кеңестің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңісшісі міндеттерін атқарды. Алдарыңызда
Көрініс: «Менің анкетам» (Үстелдің үстінде май шам жанып тұр. Мұқағали үлкен ойдың үстінде тебіреніп отыр. Тергеуші сахнаға шығып, ақынның жанындағы орындыққа жайғасады.)
Тергеуші: Туған жерің?
Мұқағали: Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Тергеуші: Туған жылың?
Мұқағали:1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Тергеуші:Жынысың кім?
Мұқағали:Еркекпін ғой,еркекпін! Және- дағы тәуірмін...
Тергеуші:Партияда барсың ба?
Мұқағали:Жоқпын
Тергеуші:Шыққан тегің?
Мұқағали:Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Тергеуші:Білімің ше?
Мұқағали:Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Тергеуші:Ана тілің?
Мұқағали:Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
Тергеуші:Қайда істедің?
Мұқағали:Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
Тергеуші:Міндеттісің бе әскерге?
Мұқағали:Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
Тергеуші:Сөгіс алып көрдің бе?
Мұқағали:Ол жағынан періште едім дей алмаймын...Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
Тергеуші:Шетелдерде болдың ба?
Мұқағали:Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
Тергеуші:Мекен-жәйің?
Мұқағали:Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам,қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Мұқағали: Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...
1-жүргізуші: Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
2-жүргізуші: Мұқағали аға – өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын.. Ендігі кезекте Мұқағали ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз.
1) 8 а сынып оқушылары:
Сейтқанова Шырай «Пай,пай,өмір», Рыскелдиев Нұртас «Махаббатым өзімде», Қайратқызы Дильназ «Туған елім», Болатбекова Мадина «Дос туралы», Қадірбаева Аяулы «Жаңбырда», Жантыкеев Бекжан «Шыда, шыда»...
Мұқағали: Поэзия болмаса қайтер едім? Не істер едім?! Ақынның өз мемлекеті, өз қоғамы, өз дүниесі бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшін өмір сүрем, сол үшін күресем. Күресем?! Кіммен, немен күресем? Өзіммен өзім бе?
Соңғы сөзді айтып өлу керек қой...Қандай сәби едім.О,Тәңірім!Түйсік бере гөр, түсінік бере гөр!
2) 10 а сынып оқушылары:
Базархан Ербол «Шеше, сен бақыттысың», Нұрсеитов Әділжан «Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға», Мақсатқызы Назым, Дүйсенгазин Елжан «Үш бақытым».т.б.
1-жүргізуші: Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің.
2-жүргізуші: Әлем-дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты
Сәнді сарай соғыңдар.
-Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар! Ия, ақынның шабытпен кең жырлаған тақырыптары- туған жер, туған ел, достық,махаббат, сүйіспеншілік, жалғыздық, қайғы, мұң сарындары.
Мұқағали: Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы мен аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...
1-жүргізуші: Қабыл алыңыздар, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық көрініс.
Автор: Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?
Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да,
Болған өмір ұқсайды болмағанға
Сызат та жоқ, бетінде сызық та жоқ,
Айдынына аққуы қонбаған ба?
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау, теңселген қара орманда.
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы еді-ау, байызын бар арман да.
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға
Әлдилеп ақ төсінде бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық атқан саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын...
Аққулар оралмайды осы маңға,
Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба?
«Жетім көл» жетімсіреп қала берді,
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?
І көрініс.
Сахнада қазақы үйдің іші, жасау-жабдық. Төсекте ауырып, қызуы көтеріліп сандырақтаған бала. Басында аһлап-үһлеп есі шыққан әке мен ана.
Ана: -Жаңағы бақсы шал да кешікті-ау! Құдай-ай енді қайттік? Сорлы балам-ай...
- Я құдай, бақсы ата келді, мінекей, өзі де келді.
(Бақсы келеді. Әлем-жәлем киінген, басында қауырсын қадаған, сылдырмағы көп, ақ таяғы бар).
Бақсы: (тамырын ұстап) – Апыр-ай мына баланың ауруы кәттә-ғой! Жын!Жын!Жын қамап тұр екен. Алдымен жынды қуу керек! Алла-ай хақ! Мен дем салайын.
Жерден болды ма?
Көктен болды ма?
Күннен болды ма?
Көлден болды ма?
Судан болды ма?
Жаман тілден болды ма?
Жаман көзден болды ма?
Күнбатыстан күншығысқа көш!
Күншығыстан күнбатысқа көш!Көш...Көш...-деп баланы шыр көбелек айналып, қиқу сап, таяғымен жерді тоқылдатып жүгіріп, ақыры «уһ» деп шалқасынан құлайды.
Біраз жатып басын көтереді де:
-Бұл баланы аққумен аластау керек! Аурудың иесі сол екен. Өлген аққумен ұшықтау керек боп тұр! Ертеңге дейін қалайда аққу табыңдар! Әйтпесе баладан айырыласың. Мен қайтып келемін.(бақсы шығып кетеді).
Ана: - Жаңағы тәуіп-бақсы не деп кетті?Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті. Аққуменен баланы аластаңдар деді дағы жайына жөнеп кетті...
(Ана күйеуіне қарап): Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған!?
Жаңағы бақсы шалдың сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
«Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалма, Бүрліктірме, әйтеуір, салма бүлік.
Әке: - Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана?!
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Ана: - Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап, несіне армандайсың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!(Ана жинала бастайды).
ІІ көрініс

Сахна ашылады.
Сахна «Жетімкөл» бейнеленген картина. Ол арада екі аққу-қыз қалықтап тербетіліп жүр. Бір бұрышта, қолында мылтығы бар ана бас бұғып, аққуларға тамсана қарауда.
Автор:
-Оятып дүниені дел-сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Таудағы тіршілікке тамсандырып, бұлбұлға дүниеге жар салдырып.
Қысқа таң.
Бұлбұл үні көл бетінде,
Аққулар жүзуде әне тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкәппар құс келбетіне.
Аққулар!
Аққу-мойын, сүмбе-қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері білмей тұрмын
Етермін тағдырынды кімге аманат?!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Би «Аққу».
Осы кезде «Аққу» күйі ойналады да, аққу болып қыздар билейді. Би аяқтала бергенде, ананың қолындағы кезене берген мылтық атылады. Аққу жерге қансырап құлап, екінші сыңары оны айнала жүгіріп, сахнаның бұрыш-бұрышына барып, ананың қарсы алдына келіп біраз тұрып, ұшып кетеді. Ана оған қолын созған күйі құлайды. (Осы көріністер қойылып жатқанда үзіліссіз зарлы қобыз үні не қайғылы күй сұңқылдап ойналып жатады).
Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын құрығы бар жылқышы ата шығады.
Жылқышы: -Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде.
Көргенсіз көл басында мылтық атқан?
Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,
Нағылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Бұл маңның адамы емес, сірә дағы,
Білейін, табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен,
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын!?
Жөн болар алас тұрып сұрағаным...
Ей,кімсің?Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?
Басыңды көтер дағы, келгін бері,
Келгін бері, кеуденде жаның барда!
(Әйел сүйретіліп орнынан тұрып, қартқа қарай бір-екі аттап басып, тоқтайды).
Ана: -Кешір ата!
Адам емес, мен енді жай тулақпын,
Жемісіне тас аттым гәкку-бақтың.
Жалғыз ұлым ауырып, амалсыздан,
Тәуіптің айтуымен аққуды аттым!
Жылқышы: -Ә,балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!
Соңы.
1-жүргізуші: Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.
2-жүргізуші: Келесі кезекте, біздің бүгінгі кештің қонақтары ақынның өлеңдерін қаншалықты біледі екен? «Тіл өнері» ой қозғайды. Олай болса, интерактивті тақтада көрсетілген ақынның жыр жолдарында жасырынған сөздерді тауып, үш тілде жауап береміз.
1. Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ..........шоқтарын лақтырып,
Мынау шапан, мынау атың, мін демей.(гүл-цветок-flower -флауэ
2. Жігітінен қазақтың...таба алмай,
Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын. (дос-друг-friend-френд
3. Жапырақ жүрек, жас қайың,
Жанымды айырбастайын.
Сен......бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын. (адам-человек-people-пипл
4. Өкінбе, ....., отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным. (әке-отец-father-фазе
5. Ақ ұлпа жерді жапқанда,
.......сырға таққанда. (ағаштар-деревья-trees-трис

Мұқағали: Ойлап отырсам, менде бір-ақ арман бар екен. Ол-қалайда халқыма жағыну, ұнау соған. Тек соған ғана жасырмай шынымды айтсам деп едім. Халқым, үнімді қалай жеткізем саған?
1-жүргізуші: Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—
деп ақын жырлағандай ендігі кезекті ақынның сөзіне жазылған әндеріне кезек берсек.
Ортада: «...................» әнімен сынып оқушысы .....................................Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: ....Махаббат бүгін және қарамады,
Қарамады....Жанымды жаралады.
Шәміл-ау,
Білесің бе?
Шын махаббат-осылай қарамаудан жаралады! Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады.
Ортада.....................................................................................................Қабыл алыңыздар!
Мұқағали: Ей,қалам ұстаған, қаламдас бауыр-қарындастарым, халықты ұмытпаңдар! Халықсыз күндерің қараң! Оны сүйемін деп байбалам салмаңдар. Оған тек ғашық бола біліңдер!
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
1-жүргізуші: Қулары таудың қызыл түлкісі дер,
Момындар біздің үйдің кірпіші дер,
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер?!
2-жүргізуші: Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
Болашақ бүгіннен басталады, яғни бүгінгі жастар, зиялы азаматтар. Қоғам қай кезде де біліктілік пен білімділікті, парасаттылық пен ақылдылықты талап етеді. Сол талаптарға сай болу үшін жастар білім ізіне түсіп, мол еңбек етіп шыңдалып, өздерін танытуға тырысу үстінде. Белсенді, отаншыл жастар біздің арамызда.
1-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған, қара өлеңнің ХАНТӘҢІРІ Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Себебі, ол менің Мұқағалиым! Мұқағали – мәңгілік өмір! Осымен әдеби-сазды кешіміз өз соңына жетті. Көріскенше күн нұрлы болсын!



«Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады».
Рза Қунақова

«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда. Әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр!..».
Әбділда Тәжібаев

«Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын».
Лашын Әзімжанова

«Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз.
Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу».
Қ.Құрманғалиев

«Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық».
Фариза Оңғарсынова

«Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясының дәуірі басталды».
Әбділда Тәжібаев

Көрініс: «Менің анкетам» (Үстелдің үстінде май шам жанып тұр. Мұқағали үлкен ойдың үстінде тебіреніп отыр. Тергеуші сахнаға шығып, ақынның жанындағы орындыққа жайғасады.)
Тергеуші: Туған жерің?
Мұқағали: Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Тергеуші: Туған жылың?
Мұқағали:1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Тергеуші:Жынысың кім?
Мұқағали:Еркекпін ғой,еркекпін! Және- дағы тәуірмін...
Тергеуші:Партияда барсың ба?
Мұқағали:Жоқпын
Тергеуші:Шыққан тегің?
Мұқағали:Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Тергеуші:Білімің ше?
Мұқағали:Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Тергеуші:Ана тілің?
Мұқағали:Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
Тергеуші:Қайда істедің?
Мұқағали:Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
Тергеуші:Міндеттісің бе әскерге?
Мұқағали:Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
Тергеуші:Сөгіс алып көрдің бе?
Мұқағали:Ол жағынан періште едім дей алмаймын...Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
Тергеуші:Шетелдерде болдың ба?
Мұқағали:Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
Тергеуші:Мекен-жәйің?
Мұқағали:Мекен-жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам,қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
І көрініс.
Сахнада қазақы үйдің іші, жасау-жабдық. Төсекте ауырып, қызуы көтеріліп сандырақтаған бала. Басында аһлап-үһлеп есі шыққан әке мен ана.
Ана: -Жаңағы бақсы шал да кешікті-ау! Құдай-ай енді қайттік? Сорлы балам-ай...
- Я құдай, бақсы ата келді, мінекей, өзі де келді.
(Бақсы келеді. Әлем-жәлем киінген, басында қауырсын қадаған, сылдырмағы көп, ақ таяғы бар).
Бақсы: (тамырын ұстап) – Апыр-ай мына баланың ауруы кәттә-ғой! Жын!Жын!Жын қамап тұр екен. Алдымен жынды қуу керек! Алла-ай хақ! Мен дем салайын.
Жерден болды ма?
Көктен болды ма?
Күннен болды ма?
Көлден болды ма?
Судан болды ма?
Жаман тілден болды ма?
Жаман көзден болды ма?
Күнбатыстан күншығысқа көш!
Күншығыстан күнбатысқа көш!Көш...Көш...-деп баланы шыр көбелек айналып, қиқу сап, таяғымен жерді тоқылдатып жүгіріп, ақыры «уһ» деп шалқасынан құлайды.
Біраз жатып басын көтереді де:
-Бұл баланы аққумен аластау керек! Аурудың иесі сол екен. Өлген аққумен ұшықтау керек боп тұр! Ертеңге дейін қалайда аққу табыңдар! Әйтпесе баладан айырыласың. Мен қайтып келемін.(бақсы шығып кетеді).
Ана: - Жаңағы тәуіп-бақсы не деп кетті?Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті. Аққуменен баланы аластаңдар деді дағы жайына жөнеп кетті...
(Ана күйеуіне қарап): Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған!?
Жаңағы бақсы шалдың сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
«Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалма, Бүрліктірме, әйтеуір, салма бүлік.
Әке: - Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана?!
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Ана: - Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап, несіне армандайсың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!(Ана жинала бастайды).
ІІ көрініс

Сахна ашылады.
Сахна «Жетімкөл» бейнеленген картина. Ол арада екі аққу-қыз қалықтап тербетіліп жүр. Бір бұрышта, қолында мылтығы бар ана бас бұғып, аққуларға тамсана қарауда.
Автор:
-Оятып дүниені дел-сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Таудағы тіршілікке тамсандырып, бұлбұлға дүниеге жар салдырып.
Қысқа таң.
Бұлбұл үні көл бетінде,
Аққулар жүзуде әне тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкәппар құс келбетіне.
Аққулар!
Аққу-мойын, сүмбе-қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері білмей тұрмын
Етермін тағдырынды кімге аманат?!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Би «Аққу».
Осы кезде «Аққу» күйі ойналады да, аққу болып қыздар билейді. Би аяқтала бергенде, ананың қолындағы кезене берген мылтық атылады. Аққу жерге қансырап құлап, екінші сыңары оны айнала жүгіріп, сахнаның бұрыш-бұрышына барып, ананың қарсы алдына келіп біраз тұрып, ұшып кетеді. Ана оған қолын созған күйі құлайды. (Осы көріністер қойылып жатқанда үзіліссіз зарлы қобыз үні не қайғылы күй сұңқылдап ойналып жатады).
Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын құрығы бар жылқышы ата шығады.
Жылқышы: -Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде.
Көргенсіз көл басында мылтық атқан?
Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,
Нағылған қаныпезер құлқы қатқан?!
Бұл маңның адамы емес, сірә дағы,
Білейін, табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен,
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын!?
Жөн болар алас тұрып сұрағаным...
Ей,кімсің?Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?
Басыңды көтер дағы, келгін бері,
Келгін бері, кеуденде жаның барда!
(Әйел сүйретіліп орнынан тұрып, қартқа қарай бір-екі аттап басып, тоқтайды).
Ана: -Кешір ата!
Адам емес, мен енді жай тулақпын,
Жемісіне тас аттым гәкку-бақтың.
Жалғыз ұлым ауырып, амалсыздан,
Тәуіптің айтуымен аққуды аттым!
Жылқышы: -Ә,балам!..
Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!
Соңы.

Сабақтың тақырыбы: Себеп - салдар салалас.
Сабақтың мақсаты: Себеп - салдар салаласпен таныстыру
1. Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру Себеп - салдар туралы түсіндіру; 2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге, сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру. 3. тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тірек сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу - құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. 99 - жаттығу
2. тест тапсырмасы
1) Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.
А) – қы, - ғы, - кі, - гі жұрнақты қалау райлы етістіктен
В) – ғалы,- гелі, - қалы, - келі көсемше жұрнақтары арқылы
С) – ған, - ген есімше жұрнақтары арқылы
Д) – са,- се шартты райлы етістік
Е) – ар,- ер жұрнақты етістіктен
2) Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.
А) да - де
В) және
С) Сондықтан
Д) бірде
Е) болмаса
3) Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз
А) ыңғайлас В) себеп - салдар
С) түсіндірмелі Д) қарсылықты
Е) кезектес
4) Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ол асып та, тасып та сөйледі.
В) Қарағым, бермен кел.
С) Ақылды қарттан нақыл шығады!
Д) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
Е) Ерлік көрсеткен ер болар.
5) Ешқашан қайталанбай, бір - ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз
А) да
В) та
С) де
Д) те
Е) және
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп - салдар салалас дейміз.
Себеп - салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.
1. Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын (Ғ. Мұст.). Ақыры тапқан сияқты; оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастапты (Ғ - М -)
2. Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тілін жақсы біледі.

Салаласа байланысқан себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысуы:
1.
Сондықтан
Сол себепті

Мысалы: Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
2.
Өйткені
Себебі
Неге десеңіз

Мысалы: Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.

Жалғаулықсыз себеп – салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.

Мысалы: Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.
Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәннен қолымнан мен септім ғой. (С. М.)

ІV. Cабақты меңгерту
101 - жаттығу ауызша
102 - жаттығу Көшіріп жазу талдау жасау
1 топ – 1 - 2 сөйлем; 2 – топ 3 - 4 сөйлем.
V. Сабақты қорытындылау.
Құрмалас сөйлем түрлерін ата.
Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
Себеп - салдар салаластың жалғауларын ата.
Ыңғайлас салалас дегеніміз не? Ыңғайлас салаластың жалғауларын ата.
VІ. Үйге тапсырма беру. 103 - жаттығу
VІІ. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан «Менің Мұқағалиым.» Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Юсупова Айсулу Амангельдиновна

Пікірлер: 0

avatar