Менің Отаным - Қазақстан

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 682
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 13/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19209


[color=gray][/color] Сабақтыңтақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан І. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: «Менің Отаным – Қазақстан» модуліндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену, жұмыстану қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұтымды, дәл жауап беруге баулу. 3. Тәрбиелігі: Оқушыларды сабақ барысында ата - дәстүрімізді құрметтей білуге, сүюге, адамгершілікке, шешендікке, өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, сөз құдіретін тани білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: викторина. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, әдебиет, математика. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кинофильмдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Мемлекеттік әнұран орындалады. Құрметті, қадірменді оқушылар, қонақтар бүгінгі біз «Отан» тақырыбына арналған викторина сабағымызды өткіземіз. Бүгін сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бұл өлең не туралы айтылған? - Туған жер, Отан туралы. - Отан деген не?»Отан» туралы не білеміз? - Отан деген адамдардың туып - өскен жері. Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Сондықтан да біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз.. Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда - ақ берген білім, Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошаметімізді жарыс арқылы көрсетейік. ІІІ - Танысу. Сайысқа 9-10 сынып оқушылары қатысады. Оқушылардың білімдерін бағалау үшін әділ - қазылар сайланады. «Сәлем – сөздің анасы». Қазылар алқасымен таныстыру.Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі,оқу – ісінің меңгерушісі Биба Вера Викторовна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тамара Васильевна. Сайыс 7 - кезеңнен тұрады. Ойынымыздың кезеңдерімен танысайық. 1 - кезең. «Сұрақ - жауап» «Менің Отаным» 2 - кезең. «Анаграмманы шешу» 3 - кезең. «Cөз құрастыру» сайысы. 4 - кезең. «Сандар сөйлейді» 5 - кезең. «Қызықты сөздер» 6 - кезең. «Полиглот» сайысы үш тілде айту. 7 - кезең. «Мақал – мәтелдер – сөздің мәйегі. Ал, ендігі кезек екі топқа беріледі. Әр топ өздеріңізді таныстырып өтіңіздер. 1 - Топ. «Қыран тобы». Ұраны: «Білімімізді қару етіп, Ізденуден жалықпаймыз. Содан кейін қыран болып қалықтаймыз.» 2 - Топ. «Тұлпар тобы». Ұраны: Асау тұлпар! Желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Сөзіне қарап кісіні ал, Кісіге қарап сөз алма. Шын сөз қайсысы біле алмай, Әр нәрседен құр қалма. (Абай ) атамыз айтқандай. 1 - кезең. «Сұрақ - жауап» Блиц – турнир сайысы. 1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоқсан 1991жыл). 2. Қазақстанның тұнғыш президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев) 3. Қазақстан республикасының ұлттық валютасы не? (теңге) 4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз. (ту, әнұран,елтаңба) 5. Қазақстанда қанша облыс бар? (14 облыс) 6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? ( 130 – дан астам) 7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар? ( 30 тамыз Конституция, 16 Тәуелсіздік күні,1 желтоқсан Тұңғыш президент күні) 8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? (Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркімен, Қытай, Ресей) 9. Ұлттық валюта қашан қабылданған? (1993 жылы, қарашада) 10. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай) 11. Қазақтың тұнғыш педагогы кім? (Ы. Алтынсарин) 12. Еліміздің жер көлемі қанша шаршы метр? (2717300 кв м.) 13. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында.) 14. Қазақ тілі қандай тіл? [мемлекеттік тіл] 2 - кезең. Анаграмманы шешіңіз. Артық сөзді табыңыз. 1 - топ. «Қыран тобына» НАТО (Отан) НАТСАҚЗАҚ (Қазақстан) ТАІКП ( Кітап) ТЕКЛЕМЕМ (Мемлекет) 2 - топ. «Тұлпар тобына. Анаграмманы шешіңіз. Артық сөзді табыңыз. ЗІМӘР (Рәміз) ЗІСЛЕӘУТ (Тәуелсіз) ПЕТЕКМ (Мектеп) ДІМЕНЕГЕ (Егеменді) Мұғалім: Тамашалап көріңдер, Жұмбақ айтып, жасырып, Шешуін тауып беріңдер. Таппай оны қоймаңдар, Көп боп бірге ойлаңдар. 3 - кезең. «Сөз құрастыру» сайысы. 1 - топ «Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз. «Бесбармақ»- бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер. 2 - топ«Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі, енді. «Қуырдақ» - қуыр, уыр, ақ, қыр, қу, ыр, дақ, арық, уақ, ардақ, ар, қу 4 - кезең. «Сандар сөйлейді» Мұғалім: Көптеген ғасырлар бойы елімізді жаудан қорғап қалған, ұлы Отан соғысына қатысқан ұл - қыздарымыздың арқасында осындай шалқыған тәуелсіздігімізге, егемендік жерімізге жетіп отырмыз. Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру. Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі. 10 - ұпай. 1945 - Жеңіс күні. 20 - ұпай. 1941 - Ұлы отан соғысының басталуы. 30 - ұпай.1991 – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы. 40 - ұпай.2015 – Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. 50 - ұпай.16 - Тәуелсіздік мерекесі. 60 - ұпай.30 - Конституция күні. Жақсының үлгісі Жанып тұрған шамдай Шешенің сөзі Ағып тұрған балдай 5 - кезең. «Қызықты сөздер». 1. Қызылорда …… (Қазақстанның екінші астанасы). 2. Конституция.... (Ата заң). 3.Астана …. (Қазақстан Республикасының бас қаласы,астанасы). 4. Шаңырақ.....(Киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі). 5. Мектеп ….. (Білім алатын мекеме) . 6. Тымақ...(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі). 7.Домбыра ….. (Қазақ халқының ұлттық аспабы). 8. Уық,кереге,шаңырақ,киіз …. ( киіз үйдің басты бөлшектері). 9. Түркістан …… (Ежелгі қала) 10. Тоқтар Әубәкіров …. (Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері) Жеті жұрттың, тілің біл, Жеті түрлі, білім біл. 6 - кезең. «Полиглот». сайысы. Екі топқа ортақ сұрақтар. Жауабын орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде айтылады. 1. Заң – закон - 2. Мемлекет - Государство - 3. Елтаңба - Герб - 4. Егемен - Суверенный 5. Тәуелсіз - Независимый - 6. Қонақжай - Гостепримный - 7. Атамекен - Земля предков. 8. Ата заң – Конституция – 9. Шекара- Граница- 10. Ақын- поэт- Мұғалім: Шешендіктің сәні жоқ, Сөзіне сүттей ел үйып, Қолтығына ел сыйып, Басына бақыт қонбаса. 7 - Кезең. «Мақал - мәтел - сөздің мәйегі». 1. Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас). 2. Туған жер - (алтын бесік). 3. Батыр ел үшін туады, (ел үшін өледі.). 4. Отан үшін отқа түс, (күймейсің). 5. Отан оттан да (ыстық). 6. Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл). 7. Еңбекпен тапқан – (нан тәтті). 8. Жалқаудың – (жаны тәтті) 9. Өзге елде сұлтан болғанша - (өз еліңде ұлтан бол) Сабақты қорыту кезеңі: Бүгін балалар, өз білімдеріңізді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңізді көрсеттіңдер. Ендігі сөз кезегін әділ - қазыларға береміз. Сіздерді өз елін шын сүйетін, оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін. Қазақтың салты бойынша шашумен сабағымызды аяқтаймыз Марапаттау. Тәрбие.орг сайтынан Менің Отаным - Қазақстан Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ільясова Гүлжамал Баянқызы

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Чистов орта мектебі Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar