Менің отбасым

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 626
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 05/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19169


Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың мақсаты:
Қазақ тілін үйренушілерге бастауыш деңгейдегі жаттығулар орындату арқылы отбасы мүшелерімен таныстыру.
Тіл үйренушілерге отбасы мүшелерін таныстыра отырып, сөздік қорларын қалыптастыру.
Тіл үйренушілерге мәтінмен қатар қосымша мәліметтер мен қатар жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға түсінік беру, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интерактив сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, мақал-мәтелдер жарысы, сұхбат құру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиалық тақтада үлкейтілген отбасы мүшелерінің суреті шығарылады т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сұрақ-жауап
1. «Отбасы» сөзін орыс тіліне аударыңыз.
2. Сіз бос уақытыңызда отбасыңызбен қайда саяхатқа шыққанды ұнатасыз?
3. Сіздің отбасыңызда неше адам бар?
4. Отбасының адам өмірінде маңызы қандай деп ойлайсыз?
№ 1 Тапсырма
Оқу. Түсіну.
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Біздің отбасымыз
Біздің отбасымыз үлкен, тату. Отбасымызда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Біз Астана қаласында тұрамыз. Менің атым – Гүлнәр. Мен 19 жастамын, студентпін. Әкемнің мамандығы – заңгер. Жеке меншік компаниясы бар. Анам – мұғалім, №65 мектепте жұмыс істейді. Ол 45 жаста, әкемнен екі жас кіші. Ағамның аты – Арман. Жасы 23-те, «Қазгидромет» орталығында ақпараттық бөлімде бас маман.
Біз отбасымызбен сенбілік демалыстарда әсем табиғатқа шығып, серуендегенді ұнатамыз. Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарға барамыз.
Біздің отбасымыз өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.
№2 Тапсырма
Мәтіннен қазақ тілінің төл дыбыстары бар 8 сөз үлгі бойынша жазыңыз.
Үлгі: біздің – (і, ң), отбасымыз – (ы), үлкен – (ү).
№3 Тапсырма
Отбасы тақырыбына байланысты 6-7 мақал – мәтел жазыңыз.
Жазған мақал-мәтелдері бойынша тіл үйренушілерді жарыстыру.
Үлгі:
1. Отанды сүю – от басынан басталады
2. Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
№4 Тапсырма
Сұхбатты оқыңыз. Әріптесіңізбен үлгіге сүйене отырып жаңа диалог құрастырыңыз.
Сұхбаттасайық
Алмагүл:
- Сәлеметсіз бе!
Ардақ:
- Амансыз ба! Серуендеп жүрсіз бе?
Алмагүл:
- Иә. Бір айға еңбек демалысына шықтым.
Ардақ:
- Жақсы екен. Демалыста қандай жоспарларыңыз бар?
Алмагүл:
- Ертең Ыстықкөлге демалуға отбасыммен барамын. Ал сіз демалысқа шықтыңыз ба?
Ардақ:
- Жоқ. Келесі айда демалысқа шығамын.
Алмагүл:
- Бәрекелді! Сіз де демалысыңызды жақсы өткізіңіз!
Ардақ:
- Рақмет! Сау болыңыз!
№5 Тапсырма
Диаграмманы толтырыңыз.
?
?
Бірлікте Отбасы бақыты неде? Ынтымақта
? ?
Шаттықта Татулықта
? ?
?
Лексикалық минимум
Отбасы – семья
Бақыт – счастье
Бірлік – единство
Ынтымақ – согласие, солидарность
достық – дружба
шаттық, қуаныш – радость
бауыр – родной
Грамматикалық минимум
Есте сақтаңыз!!!
Буын үндестігі
Үндестік заңы
Закон сингармонизма
В казахском языке гармонию слогов и гармонию звуков называют үндестік заңы. Мысалы, от-ба-сы, ә-ке.
В казахском языке слова произносятся либо твердо, либо мягко в зависимости от гласных. Мысалы:
Твердое произношение: отбасы, отан, табиғат
Мягкое произношение: серуен, бірлік, әсем
Мысалы: отбасы-лар, бірлік-тер
№6 Тапсырма
Асты сызылған сөздердегі бос орындарға керекті әріптерді қойыңыз, фонетикалық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Біз – бір буынды, бітеу буын.
б – дауыссыз, ұяң
і – дауысты, жіңішке
р – дауыссыз, үнді
Біз отбасымызбен сенб..л..к демалыстарда т..з.. ауаға шығып, серуендегенді ұнатамыз. Жазғы д..мал…с кезінде ауылдағы туыстарға барамыз.
Біздің отбасымыз өте т..ту. Мен өз отбасымды жақсы к..р..мін.
ТЕСТ
Білімімізді тексереміз! Сұрақты тыңдап, дұрыс жауапты табуға тырысыңыз. Сәттілік тілейміз.
1. «Семья» сөзінің аудармасы.
а. отағасы
ә. мекен
б. ауыл
в. отбасы
2. «Младшая сестра» сөзінің қазақ тіліндегі аудармасын көрсетіңіз.
а. аға
ә. қарындас
б. іні
в. әпке
3. Отбасын қандай мемлекет деп атайды?
а. қалалы мемлекет
ә. мөлтек аудан
б. шағын мемлекет
в. аудан
4. Отбасының иесі кім?
а. әже
ә. отағасы
б. қарындас
в. көрші
5. «Жеті ата» сөзінің аудармасын табыңыз.
а. род
ә. отечество
б. потомство
в. семь поколение
6. «Атаның баласының баласын» табыңыз.
а. бала
ә. ұрпақ
б. немере
в. жиеншар
7. «Родственник» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а. аға
ә. туыс
б. іні
в. жолдас
8. (ы) әрпі түсірілген сөздерді көрсетіңіз.
а. ағай…н, бау..р, ту..с
ә. әк..- шеше, ата-…..
б. ..рпақ, ..ала
в. с..руен, демал…с
9. Отбасын неге теңейді?
а. балуан
ә. орамал
б. алтын ұя
в. үлкен кітап
10. Отбасы мүшелерін атаңыз.
а. құда, көрші, инженер
ә. жүргізуші, студент, ұшқыш
б. сатушы, көрші, маман
в. әке-шеше, аға, әпке
Тест сұрақтарының жауаптары:
1 В, 2 Ә, 3Б, 4 Ә, 5 В , 6 Б, 7 Ә, 8 А, 9 Б, 10 В.
Бағалау
1. Тыңдаушылар өзін-өзі бағалайды.
2. Тыңдаушылар бірін-бірі бағалайды.
3. Оқытушы сабақ барысындағы тыңдаушылардың белсенділігіне қарай бағалайды.
Үй тапсырмасы:
1. Отбасы тақырыбына арналған мақал-мәтелдер жаттап келу.
2. Өз отбасыңыз туралы шағын мәтін құрастырыңыз. Тәрбие.орг сайтынан Менің отбасым Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жакупова Бақытжан Аманқызы

СҚО Мамлютка қаласы Мамлют санаторлық орта мектеп интернаты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar