МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 1048
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 24/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19117


Мусагалиева Гульнара Абухановна 1 санатты
Мерген ОЖББМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Мезгіл бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру
2.Дамытушылық: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың құрал-жабдықтар: оқулық, флипчарт, маркер, доп, слайд
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау «Серпілмелі сауал»
1. Құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен болады (кемінде екі)
2. Түсіндірмелі салаластың жалғаулығын ата (жоқ)
3. Ыңғайласқа айналатын салалас түрі (кезектес)
4. Қайталанбайтын жалғаулықтар (және, немесе)
5. Мынау, сонша, сол жалғаулығы қай салаласта (жалғаулық емес)
6. Үш жалғаулығы бар салалас (кезектес)
7. Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл сал (шартты бағ. саб)
8. Сабаққа жақсы жауап берсең, бес аласың (салалас емес)
Салаластың қай түрі?

Негізгі бөлім.
Жаңа тақырыпты ашу. Слайд арқылы мысалдарды оқытып, сұрақ қойдыру арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз. Ол ауылға кеткелі, екі жыл болды. Баласы сегізге келгенде, әкесі оны оқуға берді.
Постер қорғау. Флипчарт тарату.
1 топ: мезгіл бағыныңқы сабақтастың жалғаулықты түрі
2 топ: : мезгіл бағыныңқы сабақтастың жалғаулықсыз түрі
3 топ: Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлем құрау

Өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Топтық тапсырмалар:
1-топ: 190-жаттығу. Мәтіннен мезгіл бағыныңқылы сабақтастарды тауып, жасалу жолын түсіндіру, жасалу жолын түсіндіру.
2-топ: 189-жаттығу.
Берілген ойды әрі қарай жалғастырып жазу.
3-топ: 131-жаттығу.
Көп нүктенің орнына мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің алдыңғы бағыныңқы сыңарын өз ойларымен жазу.

Өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Қорытынды.
«Венн диаграммасы»
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас пен мезгіл бағыныңқылы сабақтасты салыстыру.

Өзін-өзі бағалау: «Басбармақ»

Үй тапсырмасы: 102-жаттығу, ереже жаттау.

Рефлексия. Тәрбие.орг сайтынан МЕЗГІЛ БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусагалиева Гульнара Абухановна

Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar