НӘТИЖЕ САБАҚ. НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 630
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 28/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20261


НӘТИЖЕ САБАҚ. НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Наурыз мейрамы» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын бекіту. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу, сөйлету. Оқу техникасын жандандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды салт-дәстүрді, тілді қадірлеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.
Дамытушылылық: Тақырып бойынша сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сауатты жазуға үйрету, ойлау қабілетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, түсіндіру, жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сөзжұмбақпен жұмыс, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: А4 парағы, қарындаштар, үлестірме қағаздары, бағалау парақтары, Наурыз мерекесі туралы мәліметтер, оқулықтар, сандар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-сәлемдесу; -түгендеу / кезекші сөзі/; -сабаққа әзірлігін бақылау.
-Қазір қай жыл мезгілі? -Көктем
-Көктем айларын ата?- наурыз, сәуір, мамыр.
-Көктемнің бірінші айы қай ай? -наурыз
-Қазір қай ай?-сәуір
-Көктемде ауа- райы қандай? –жылы.
Психологиялық дайындық.
Ендеше балалар, бәріміз қолымыздын ұстап, бір-бірімізге жылулығымызды берейік те, сәттілік тілейік!-Рахмет!
Бақылау парақтарын таратып беру. Сыныпты топқа 1,2,3 сандарымен бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Үлестірме қағаздарымен жұмыс.
1-тапсырма. Тиісті әріптерді қой.
То..ызқ..малақ, алтыба.. ан, к...кпар, ..лттық, дастар..ан, сәу..р.
2-тапсырма. Переведи на казахский язык.
Весенние месяца: март, апрель, май. Сейчас апрель. Весной тепло. Я люблю весну.
3-тапсырма.
«Мереке» сөзін тәуелдеу.
Менің ..............................
Сенің ................................
Сіздің ....................................
Оның ............................................
4-тапсырма.
Орысшаға аудар. Переведи на русский язык.
Наурыз мейрамы ...................................
Ұлттық ойындар ......................................
Көктем мейрамы ........................................
Ойын түрлері ..............................................
Ұнайды ....................................
Өткен тақырып бойынша ауызша сұрақ-жауап әдісін қолдану.
Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?
Тоғызқұмалақ қандай ойын?
Тоғызқұмалақты қайда ойнайды?
Неше адам ойнайды?
Тағы басқа қандай ойындарды білесіңдер?
Үй жұмысын бағалау.
ІІІ. Күнді және тақырыпты тақтаға жазу, дәптерлеріне жаздыру. Сабақ тақырыбы: «Нәтиже сабақ. Наурыз мейрамы».
Мұғалімнің сөзі: -Көктемде қандай мерекелер бар? Ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз мейрамы. Бұл мереке жыл сайын наурыз айының 22-де күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастаған көктем айында тойланады. Сондықтан, наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы деп есептеп, жақсы тілекпен, зор қуанышпен қарсы алған. Бұл күнді жұрт ел аралап, үйлерге кіріп, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз күні халық бір-бірімен көрісіп амандасқан. Өкпе - реніш ұмытылып, дос болады екен.
Оқушылардың «Наурыз жайлы» дайындаған мәліметтерін тыңдау:
Наурыз мейрамы – ең көне мерекелердің бірі. Наурыз - дін мейрамы емес, тұрмыс, шаруашылық мейрамы.
«Наурыз» - парсы сөзі. Қазақша « жаңа күн» деген сөз. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Наурыз-жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз табиғаттың мейрамы.
Наурыз күні адамдар таза киініп қыдырады, бірін – бірі құттықтайды, мерекелік дастарқан жаяды.
«Ақ мол болсын!», « Ұлыс құтты болсын!», « Денсаулық берік болсын!»- деп ақсақалдар бата береді. Жастар бір - біріне сыйлықтар береді. Ақындар айтысады.
Ұлттық ойындар ойнайды, ән салады, би билейді, ренжіскендер татуласады. Адамдар бұлақтарды тазалайды, ағаш отырғызады.
Наурыз мейрамының мерекелік тағамы – наурыз көже. Наурыз көжені жеті дәмнен дайындайды. Олар: бидай, тары, күріш, ет, сүт, су, тұз.
«Наурыз» тақырыбына өлеңді айтқызу.
Көктем басы-Наурыз,
Той-мереке-сәніміз.
Көктем келіп,
Мал төлдеп,
Уыз іштік бәріміз. Н.Жанаев.
Сонымен, «Наурыз келді» модулі бойынша өткен тақырыптар бойынша тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.
ІV. Лексикамен жұмыс: алаң, жеті түрлі дән, көңілді, бата беру, шашу.
Қазақша-орысшасын сұрау. Сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру. Жеке жұмысжасату.
Бата беріледі.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәлі-жала жерге енсін!
Шашу шашылады.
Бағалау парағына бағасын қойып отырады..
V. 1.Мәтінмен жұмыс. Оқылым, тыңдалым, айтылым: мәтінді оқу, түсіну, сұрақтарға жауап беру.
Наурыз.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, мейрам. Халық наурыз мейрамында ән айтады, ұлттық ойындар ойнайды.Әжелер наурыз көже пісіреді.
Наурызда қар ериді, күн мен түн теңеледі.
Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!» деп бірін – бірі құттықтайды. Үлкен адамдар бата береді.
Наурыз- халықтық мейрам.

Мәтін не туралы? Наурыз қандай мереке? Халық не істейді? Әжелер не пісіреді? Наурызда табиғатта қандай өзгерістер болады? Үлкен адамдар не береді?
Бағалау парағына бағасын қойып отырады.
2.Жазылым: Сәйкестендіру. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Жеке жұмыс ретінде дәптерге орындату. Тақтада тексеру.
Наурыз мейрамы дайындады.
Әжем наурыз көже берді.
Атам Наурыз бата құтты болсын!
Бағалау парағына бағасын қойып отырады.
3. Сергіту сәті.
Қане, қане, тұралық,
Оңға, солға бұралып.
Бойымызды жазамыз,
Біз- көңілді баламыз.
Саусақтарды билетіп,
Сәл-пәл тыныс аламыз.
-Ұлттық ойыннан көрініс.
4. Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс.
Айтылым, жазылым: 3-топқа тақырыптары айтылады. А4 парағы мен
қарындаштар беріледі. Тақырыптар бойынша өз ойларын жеткізу, тақта алдында қорғау.
1-топқа Наурыз мерекесі
2-топ Наурызкөже
3-топ Ұлттық ойындар
Бағалау парағына бағасын қойып отырады.
VI. Сабақты бекіту. Сөзжұмбақпен жұмыс. Берілген тапсырмасы арқылы торкөздерді толтырту.
Негізгі сөз «Наурыз». 1. Благословение-бата. 2. Апрель-сәуір. 3. Пшено-тары. 4. Вид национальной игры /качели-алтыбақан/. 5. Вид национальной игры. Логическая, математическая игра /тоғызқұмалақ/.
Тілдесім: тақырып бойынша сөйлету.
Бағалау парағына бағасын қойып отырады.
VII. Сабақты қорытындылау. Тақырып бойынша өткен сөздерді, сөз тіркестерін қайталап айту, қорытындылау. Нені білдім? Нені үйрендім?
Бағалау парақтарын жинап алу. Оқушылардың білімін бағалау. Күнделіктеріне қою.
VIII. Үй тапсырмасын беру. Наурыз мерекесі туралы сурет салып, оны мазмұндау. Тапсырманың орындалуын түсіндіру.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Өскемен қаласы әкімдігінің «№10 мектеп-гимназиясы» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нуржакупова Айна Токтархановна Тәрбие.орг сайтынан НӘТИЖЕ САБАҚ. НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуржакупова Айна Токтархановна

ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің "№10 мектеп-гимназиясы" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar