Үндестік заңына сәйкес жалғаулар мен қосымшалар.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 227
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 05/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20371


Тимирязев ауданы 2-сабақ
Үйірме жетекшісі:Нығмеджанова С.Д.
І тарау.Танысу.
Сабақтың лексикалық тақырыбы:Кіруге бола ма?
Сабақтың грамматикалық тақырыбы:Үндестік заңына сәйкес жалғаулар мен қосымшалар.
Сабақтың мақсаты: Тақырын арқылы білім-білік дағдыларын қалыптастыру.Ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін дамыту.Тыңдаушыларды әдептілікке, сыпайылыққа баулу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, жаттығу, топпен жұмыс
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: дидактикалық материалдар, кеспелер, кестелер, диск (А1), диск (Қарапайым қазақ тілі),ТҚ.
Сабақтың жоспары
1.Миға шабуыл
2.Лексикалық тақырыпты түсіндіру
3.Сөйлесім
4.Оқылым
5.Жаттығулар орындау
6.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
7.Жазылым
8.Тыңдалым
9.Сабақты бекіту
10.Қорытындылау
11.Бағалау
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сәлемдесу.
ә)Көңіл күйлерін сұрау.
б)Аудиторияда психологиялық жағдай қалыптастыру.
1.Миға шабуыл
-Сіз бір шаруамен ауруханаға, кітапханаға, әкімдікке бардыңыз.Сол уақытта кабинетке кіргерде қандай сөйлесім үлгісін қолданасыз?
-Сіз жиналысқа,мәжіліске кешіккен болсаңыз не деп барып кіру керек?
2.Лексикалық тақырыпты қайталау,жазылуын еске түсіру.
бір один алты шесть
екі два жеті семь
үш три сегіз восемь
төрт четыре тоғыз девять
бес пять он десять
сәлем! привет! кіруге бола ма? можно войти?
сәлеметсіз бе! здравствуйте!(вы,в ед.ч.) сәлеметсің бе! здравствуй!
қызметкер сотрудник оқытушы преподаватель
кешіріңіз извините жоқ,күте тұрыңыз
нет,подождите (вы,в ед.ч.)
иә,болады да,можно таныс болайық будем знакомы
3.Сөйлесім.Жаттап келген жаңа сөздерді қолданып диалог құрыңыз.
4.Оқылым.Қарапайым қазақ тілі оқулығы 6-7 беттегі 1-жаттығу.
Қазақ тілі А1 оқулығы 9-беттегі 3-жаттығу.Кісі аттарын оқып кездесетін бірдей әріптерді атап шығу.
Қазақ тілі А1 оқулығы 8-беттегі 1-жаттығу.Сөйлесу үлгілерін оқу.
5.Жаттығулар орындау.
Қазақ тілі А1 оқулығы 9-беттегі 2-тапсырманың дұрыс жауабын жазу.
6.Грамматикалық тақырапты түсіндіру. Ережемен таныстыру.
Қазақ тілінде сөз кұрамында не сөз аралығында дыбыстар бір-біріне үннің, дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай әсер етіп тұрады.
Мысалы: Жастықта еңбек ету қандай қызық (Байғанин) деген сөйлем Жастықта еңбег ету қандай ғызық болып айтылады: еңбек сөзіндегі соңғы қатаң к дыбысы келесі сөздін бірінші дыбысы е дауысты болғандықтан ұяңданып, г болып естіледі; қызық сөзінің алғашқы қатаң қ дыбысы алдындағы сөздің соңғы дыбысы й үнді (сонор) дыбыстың әсерінен ұяңданып, ғ болып айтылады. Сондай-ақ жастықта деген сөздегі -тық жұрнағы сөздің соңғы дыбысы с қатаң болғандықтан, қатаңнан басталып (-дық немесе -лық емес), бір буынды сөздің өзі жуан болғандықтан, қосымша да жуан болып (-тік емес) жалғанған; келесі жатыс септік жалғауы да, біріншіден, сөз қатаң қ дыбысына (жастық) аякталғандықтан, қатаң дыбыстан басталатын -та (-да емес) болып, екіншіден, соңғы буын жуан болғандықтан (жас-тық), жуан буынды -та (-те емес) болып жалғанған.
Сөйтіп, түбір мен қосымшанын жігіндегі және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуын дыбыстардың үндестік заңы (сингармонизм) деп атайды.
Әдетте дауысты дыбыс дауысты дыбысқа және дауысты немесе дауыссыз дыбыс дауыссыз дыбысқа әсер етеді. Қандай дыбысқа (дауысты ма, дауыссыз ба) әсер етуге байланысты үндестік заңы екіге бөлінеді: буын үндестігі және дыбыс үндестігі (ассимиляция). Буын үндестігі және дыбыс үндестігі жайлы сызба түрінде түсіндіріп өту.
7.Жазылым. Қазақ тілі А1 оқулығы 11-беттегі 2-тапсырманы тыңдай отыра жазып шығыңыз.Буын үндестігіне байланысты шағын сөздік диктант жазыңыз.
Қамқор,балалық,тілек,қуаныш,бақыт,алғыс,мереке,көңіл,шаттық,жастық.
8.Тыңдалым.
Оқулық бойынша жұмыс. (Қазақ тілі А1 оқулығы 11-беттегі 3-жаттығу)
Сандарды тыңдаңыз және жазыңыз.
Бес__________________________________
_____________________________________

9.Сабақты бекіту.
10.Сабақты қорытындылау.
11.Тыңдаушылардың білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Үндестік заңына сәйкес жалғаулар мен қосымшалар. Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нығмеджанова Салтанат Дулатқызы

СҚО Тимирязев ауданы "Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті және кәсіби қазақ тілі пәндерінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar