Негізгі және туынды етістік

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1207
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 13/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20014


Касимова А Н

05.03.2015

М Ахметбеков орта мектебі
қазақ тілі 3- сынып
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Негізгі және туынды етістік 
Ашық сабақ
Тақырбы: Негізгі жіне туынды етістік
Сабақтың мақсаты : Негізгі және туынды етістік туралы берілген түсінікті кеңейту, бұларды бір бірінен айра білуге дағландыру.
Дамытушылығы : Оқушылардың белсенділігін ,қызығушылығын ояту,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелігі: Мейрімділікке, бауырмалдыққа, бірлікке, ынтымаққа үйрету.
Әдіс- тәсіл топтық жұмыс арқылы талдау,ой қорту, топтастыру,интер белсенді тақта , шығармашылық жұмыс ,бағалау, Рефлексия.
Ресурстар: семантикалық карта, стикер ,бағдаршам кері байланыс, жұмбақ ,мақал мәтел, жаңылтпаш салынған конверт
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру « Қарлы кесек» ойыны ( 2мин)тілектер жазылған қағаздарды бір біріне лақырып оқиды.
2 Үй жұмысы : ( 3мин)
* етістіктерді теріп жазып келген жаттығуды оқиды. Қапта, жырла, биле, көзде, арқала ,баста
* қандай сұраққа жауап беріп тұр? (не істе? )
*Түбірі қай сөз табына жатады? (Зат есім)
* Бұлар қандай сөздер? ( Туынды етістіктер)

3 Ой қозғау (1мин )
* Семантикалық карта
* Карусел ойын ( 3мин) Сұратарға жауап беру.

* Жаңа сабақ
1 Көркем жазу: К әрпінің жазылу емлесі Көру диктанты (3мин)
Берілген сөз тіркестерінен
мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш құрап көшіріп жаз.

2 Сынып ішін аралау : әдісін қолданып сабағымызды одан әрі жалғастырайық
Етістік сөздерді негізгі және туынды етістікке және сөз құрамына талда (10 мин)

3 Оқулықпен жұмыс: топтық жұмыс (5 мин)
* зат есімдерге - ла,- ле ,-да, -де, -та, -те жұрнақтарын жалғап туынды етістік жаса
* Сын есімдерге -ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнақтарын жалғаптуынды етістік жаса .
*Туынды етістктерден сөйлем құра, қай сөз табына қандай жұрнақ жалғану арқылы жасалғанын түсіндір.

4 Шығармашылық тапсырма Етістік сөздер
Өлең құрастыру әр шумақтағы соңғы сөзідайын беріледі ( 10мин)
Сөз жұмбақ шешу
Етістікті топтау
Рефлексия
( а) тест б) бағдаршам (2мин)
Бағалау
Үй жұмысы
Қосымша №1
Сабақта қолданылған ресурстар
Карусел ойыны:
Зат есім дегеніміз не? Сөз таптарын ата . Зат есім қандай сұраққа жауап береді.Сын есім дегенімізне?Негізгі зат есім дегеніміз не? Туынды зат есім дегеніміз не?
Күрделі етістік дегеніміз не?
Дара етістік дегеніміз не?
Жұмбақ
Күнде оған қараймын, шашымды тараймын
Ақсандығым ашылды , ішінен жібек шашылды
Жаңылтпаш
Жапалақтап ақ қар жауды,
Алқапты ақ қар жапты
Сөз жұмбақ
Е
Т
І
С
Т
І
К

Қосымша №2

Өлең құрастыр;

--------------- ашылды
--------------- жайнайды
------------- құлпырып
-------------- сайрайды

1 – топ Келді , айтты , көрді ,
2-топ оқыды, көздеді, ойлады,
3- топ биледі, жазды, күлді

Етістік

Бағалау парағы
№ Тапсырма баға
1 Үй тапсырмасы
2 Семантикалық карта ,Сұрақтар
3 Сынып ішін аралау
4 Оқулықпен жұмыс
5 Шығармашылық тапсырма

Анализ; Мен з сыныпта негізгі және туынды етістік тақырыбына сабақ бердім
Алған себебім Әдіс тәсілдер нәтиже ресурстар
Негізгі және туынды етістікті тиянақтау,

Жеті модуль бойынша әдіс тәсілдерін қолдандым .

Топ ішін аралау,карусел,семантикалық карта, тест, шығармашылық тапсырма, жұмбақ шешу, мақал мәтел , синквейн,
Сергіту сәті; көңілді күн.
Ойын; қарлы кесек,
Тапсырма жоспарланған тақырыпқа сай өтті. Оқушылар өз деңгейінде білімдерін көрсетті Негізгі және туынды етістікті тиянақтау бұрынғы білімді еске түсіріп
Негізгі түйінді таба білді.негізгі және туынды етістік арасындағы байланысын айқындап негізгі түйінін көрсетті. Бағалау парақтар,тест парақтары, конверттер,
Сөзжұмбақ кестесі,
Топтық тапсырмаларға
парақтар,фламастер, стикерлер,кері байланысқа бағдаршам парағы. Тәрбие.орг сайтынан Негізгі және туынды етістік Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Касимова А Н

Пікірлер: 0

avatar