"Қобыланды батыр " жыры. Алғашқы сын.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 439
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 08/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23157


Сабақтың тақырыбы:
«Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын Мұғалімнің аты-жөні:Кенжеханова Индира
Күні: 21.09.2017.
СЫНЫП: 5 "Д"
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары Әдеби жырдың мазмұны мен мәнін сипаттай алады.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жырдың мазмұнын түсініп, сипаттай алады.
Кейіпкерлерді ажырата алады.
Тілдік құзіреттілік Теңеу, эпитет,әсірелеу.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, "серпілген сауалдар" ,"ақылдың 6 қалпағы", «ыстық орындық»
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, Тарих
Алдыңғы оқу "Серпілген сауалдар" тәсілі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут

Үй тапсырмасын пысықтау 5 минут


Үйымдастыру кезеңі 2 минут
«Шаттық шеңбері»
Топқа бөлу 3 минут
Топтастыру стратегиясына сәйкес 6 түрлі түсті етіп, қиындыны таратып, түстерді топтастырамын. «Ақылдың 6 қалпағы» әдісіне сәйкес қалпақтар таратамын.
Ақ қалпақтылар,
Сары қалпақтылар,
Қара қалпақтылар,
Қызыл қалпақтылар,
Жасыл қалпақтылар,
Көк қалпақтылар етіп сыныпты 6 топқа бөлемін. Әр топтың міндеттерін ескертемін.
Мозайка қиындыларын құрастыруға мүмкіндік беремін.

"Серпілген сауалдар" тәсілі арқылы
1.Кендебайдың дүниеге келуі жайында айтыңдар.
2. Кендебай аң аулап жүріп кімді жолықтырады?
3.Кендебай аралға не мақсатпен барады?
4.Кендебай биені қалай күзетеді?
5.Хан балаларына және батырға қандай бұйрық береді?
6.Кендебай бұйрықты орындайды ма?
7.Кендебай мен хан бір – біріне қандай шарттар қояды?
8.Батыр балаға берген уәдесін орындады ма?
9.Батыр аралға барар жолда кездесетін қиыншылықтарды қалай жеңді?
10..Батыр ертегінің соңында өз мақсатына жетті ме?


Тапсырманы орындаған әр балаға стикер беріп отырамын.
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Бейнежазбаны тамашалау.
Бейнежазбаны көргеннен кейін мына сұрақтарды қоямын.
- Жыр нешінші ғасырдан бастап хатқа түсе бастады?
- Жырдың қанша нұсқасы бар?
- Батырдың балаларының есімдері кім?
- Батырдың ерлігі туралы баяндалған жырдың қанша нұсқасы бар?
- Қай ханның тұсында өмір сүрді?
- Қандай саяси оқиғаға қатысты?
-Жырды кімдер зерттеген?
-Батыр қай рудан шыққан?
- Қобыландының жаулары кімдер?


Оқулық,бейне жазба
мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Қолдану.
НҰСҚАУЛЫҚ: Ақ қалпақ- бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Тірек сызбалар арқылы мәлімет беру.
Сары қалпақ – бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз.
Қара қалпақ- бұл идеяның жағымсыз жақтарын қарастырады.
Қызыл қалпақ – болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.
Жасыл қалпақ – креактивтілікке, мүмкіндіктерге, жаңа идеяларға бағытталады.
Көк қалпақ- ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.Бұл бақылаушы тетік.

Бағалау критерийі Дискриптор
Жырдың мазмұнын түсініп, сипаттай алады.
Кейіпкерлерді ажырата алады.

Тыңдалым дағдысы бойынша жырды бейнежазбадан тыңдайды. Мазмұнын ұғынады. Жырдағы басты кейіпкерлерді, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді табады.

Оқулық,ватман, түрлі-түсті маркерлер
"Де Бононың "әдісі арқылы сұрақтар қойып орындату.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
5 минут
«Ыстық орындық» әдісі.

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
1.Қобыланды батырдың орнында болғанда сен не істер едің?
3.Батыр казіргі заманда омір сүрсе,қандай ерлік істер жасар еді?
4.Батырға ұқсағың келе ме?
5,Қазіргі заманның батырлары деп кімдерді айтамыз?
6. Жырдың негізгі идеясы не?
"Ыстық орындық"тәсіліне арналған орындық,сұрақтар.

Бағалау

2 минут

Кері байланыс

3 минут
Бағалау парақшасын таратамын.

Кері байланыс.
 Мен үшін пайдалы болды , _______________
 Мен өз мүмкіндігімді көрсете алмадым , себебі_________________
 Ұсыныс_______________ Кері байланыс Тәрбие.орг сайтынан "Қобыланды батыр " жыры. Алғашқы сын. Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжеханова Индира

О.Қ.О Шымкент қаласы № 24 мектеп-лицей қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar