Одағай оның түрлері

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1962
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 04/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18414


Тақырыбы: «Одағайдың түрлері »
Мақсаты:
Білімділік: Дербес мағынасы жоқ сөз табы жөнінде толық
мағлұмат беріп, оның ерекшелігі мен мағынасына қарай
топтастырылуын мысалдар арқылы ажырата білуге
үйрету.

Дамытушылық: Одағайларды тауып, түрлеріне қарай талдай білуі,
шығармашылықпен айналысуы, дауыс ырғағы мен
орфоэпия заңдылығына сай одағайлы сөйлемді
айта алуы, мәнерлеп оқу.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра
отырып ұқыптылыққа , білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап , талдау, ажырату, салыстыру,
топтау жинақтау,дәлелдеу , ізденушілік.,
практикалық шығармашыл жұмыс.

Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, түсіндіру, тірек – сызба, кеспе сөздер, сурет ойын түрлері, проектор. Power Point презентациялары, бағалауға арналған көрнекіліктер, домбыра ұпай дөңгелекшелері, СТО-ның элементтері.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі: -Амандасу.
-Сыныпты түгендеу.
-Оқушылардың зейінің сабаққа аудару

Cабақтың ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім дара тілім.
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым , бақытым қазақ тілім.

Сергіту сәті: /оқушыларды психологиялық жаттығулар арқылы
сабаққа әзірлеу/
Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі.
Ән айтамыз, көңілді, көңілді.
Би билейміз, ырғақты, ырғақты
Біз бастаймыз, сабақты, сабақты
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылық ояту. /МИҒА ШАБУЫЛ/
Сыныпты топтастыру
І-топ: «Бірліктер»
Ұраны: Бірлік болмай тірлік болмас
ІІ-топ: «Мыңдықтар»
Ұраны: Білекті бірды жығар, білімді мыңды жығар
ІІІ. “Тапқырлар” тобы:
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Ойқозғау: І-топ: Зат есім
ІІ-топ: Сан есім
ІІІ-топ: Сын есім
IV- топ: Етістік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған. Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Қызықты кесте »
Мысалдар Үстеу Шылау Дыбыстық еліктеуіш Бейнелеуіш еліктеуіш
Ілгері жүрді +
Сарт-сұрт +
Бірге, қатар +
Қиқаң-қиқаң +
Қасақана +
Маң-маң +
ІІІ. Мағынаны тану:
/Оқулықпен жұмыс 165бет/
/ассосация әдісімен түсіндіру./
Одағай оның түрлері
Дербес мағынасы жоқ , адамның көңіл-күйін білдіретін немесе
жануарларға қаратылып айтылатын сөз табы.
Ерекшелігі
Одағайларда дербес лексикалық мағынасы болмайды. Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Пәлі, әттең , ойпырмай,пай-пай,түу,аһ,уһ. Қап,соны күшік кезінде атып тастау керек еді. Әттең, қазір жанымда
әкем болғанда ғой.

Мағынасына қарай
Көңіл-күй одағайлары
Адамның түрлі-көңіл-күйін білдіреді. Жекіру
бұйыру одағайы . Жекіру, тыйым салу мәнін білдіреді Шақыру одағайы
/Мал,ит-құсты шақыру қууға байланысты айтылады.
Алақай,
/қуану/
Әттең /өкіну
Шіркін /таңдану/ Тәйт ,жә, тек т/б Шөре-шөре,құрау-құрау, моһ-моһ

Тақтамен жұмыс : Әншінің тапсырмасы:
316 - жаттығу. Одағайларды сен тап, басқасын біз айталық.
Үлгі: Түу-көңіл-күй одағай

І-топ 1-2 сөйлем «Алақай» -сөзіне фонетикалық талдау.
ІІ-топ : 3-4 сөйлем «Бәрекелді» -сөзіне фонетикалық талдау.
ІІІ-топ: 5-6 сөйлем «Ойпырай» -сөзіне фонетикалық талдау.


Сергіту сәті: Шешімін тап.
1.шығады,жылу береді,нұр төгеді /күн/
2. жүгіреді, қабады,ырылдайды./ ит/
3. ұшады, өлең айтады /құс/
4.өседі,сарғаяды, жерге түседі- /жапырақ/
Ағады, сарылдайды /өзен/

Бес жолды өлең : Тігіншінің тапсырмасы:
Суреттің орнына не? сұрағына жауап
беретін сөзді қойып және одағай сөздерді
пайдалана отырып сөйлем құрау.
ОЙ ТОЛҒАНЫС: Шығармашылық жұмыс
«Менің сүйікті жануарым» атты тақырыпта одағайларды қатыстырып шағын мәтін құраңдар. Тақтада төрт түліктің суреті беріледі.
І-топ: Жаңалық-сөзіне морфологиялық талдау
ІІ-топ: Балалық-сөзіне морфологиялық талдау жаса.
ІІІ-топ: Ұйқышыл-сөзіне морфологиялық талдау жаса.

Кім тапқыр ойыны :
Дәптермен жұмыс . Әр топ өзінің тобына тиісті одағайларды жазу .
І-топ: Көңіл-күй одағайлары
ІІ-топ: Жекіру одағайлары
ІІІ -топ Шақыру одағайлары

САБАҚТЫ БЕКІТУ: «Дұрыс ажырата білу минуты »
І-топ:
Мысалдар Көңіл-күй Жекіру Шақыру
№ Б В Г
1 Құрау-құрау +
2 Әттең +
3 Моһ-моһ +
4 Жә +
5 Бәрекелді +
ІІ-топ: Білім мен дәстүр ойыны: Шарты : таңдалған домбыраның саны бойынша жауап береді.
1. Наурыз жылына байланысты одағайы бар өлең жолын айт.
/-Наурыз келді,балақай
Алақай-ау, алақай!
2. Үлкен адаммен амандасқанда кезде қай одағайды пайдаланар едің?
/Ассаулаумағалейкум, сәлеметсіз бе?/
3. Одағайдың басқа сөз таптарынан ерекшелігі қандай?
4. Қуану мәніндегі одағайға қысқаша диалог құрастыру .
5. Бала тәрбиесінде күнделікті қолданылатын одағайды ата?
/ «тәйт» одағайы тыйым салу одағайы/
ІІІ-топ: «Ширату» Тест жұмысы
1. Одағай қандай сөздер қатарына жатады?
а/ омоним
б/ оқшау сөз
в/шылау сөз
2. Жекіру одағайын табыңыз?
а/ көс-көс
б/шіркін-ай
в/ жә
3. Одағай қатысқан сөйлемді табыңыз?
а/ Япырау қайда сол күндер!
б/ жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді
в/Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!
4. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсы?
а/ моһ-моһ
б/ әттең
в/ тәйт
5. Одағайға тән емес ерекшелікті тап?
а/ толық лексикалық мағынасы жоқ
б/ сөйлем мүшесі бола алмайды
в/ септік тұлғасындағы сөздің шылауында айтылады.
Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
ИНСЕРТ ӘДІСІ:

Топ НЕ БІЛЕМІН? НЕ БІЛДІМ? НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?
І
ІІ
ІІІ
ІV
Үйге тапсырма: Ережені жаттау. 318-жаттығу.168 бет
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Бағалау. Бағалау парақтарына бағалау.
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз
Кері байланыс парағы:
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Одағай оның түрлері Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сатемір Айзира Қаржауқызы

Ақмола облысы, Астрахан ауданы , Өндіріс орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar