Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ойындар. Дананың ойыншықтары.
  • 25.11.2016
  • 330 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20205

Сыныбы: 2
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ойындар.Дананың ойыншықтары

Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: Оқушыларға «Ойыншықтар», «Дананың ойыншықтары», «Менің ойыншықтарым» тақырыптарындағы суреттер арқылы ойыншықтың пайдасы мен баланың ой-өрісін дамытудағы атқаратын ролімен таныстыру және зат, сан, сын есім, етістіктерді меңгерту, соларға байланысты сөйлем құратып үйрету. Суреттегі сөздердің қазақша-орысша мағынасына түсінік беру. Аталған тақырыптағы тапсырма мәтініндегі сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, зат, сан есімдермен бірге етістікті таныстыру және зат, сан есім, етістіктің сұрақтары арқылы оқушыны сөйлем құрауға үйрету және сұрақ-жауапты меңгерту, олардың зат есім, етістік туралы білімдерін арттыру;

Ә)Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты түсіндіре отырып, олардың ойынның бала дамуы үшін пайдасы мен қажеттілігі туралы ой-өрістерін, дүние-танымдарын кеңейту, орыс тілі мен қазақ тіліндегі зат, сан есім, етістіктің жасалу ұқсастықтарын, заңдылықтарын есте сақтай білуге дағдыландыру.
Сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін дамыту;

Б)Тәрбиелік:Отанын қорғауға,халқын,тілін ардақтай білуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге және ойынның баланы дамытуға маңыздылығы мен оларды ойын арқылы дамытудың тиімділігін білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Ойыншықтар», «Дананың ойыншықтары», тақырыбына байланысты құрылған слайд,суреттер,Сөзжұмбақтар, карточкалар,ойыншықтар, тақырыпқа қажетті әдістемелік әдебиеттер.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Пайдаланылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі
Оқушылармен пікірталас ұйымдастыру.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,орыс тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)сәлемдесу;
ә)сыныптың тазалығын тексеру;
б)түгендеу.
2.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Үй тапсырмасын тексеру. 6-тапсырма б/а сұрақ-жауап алу, қазақша сөйлету.
2. «Алмастың ойыншықтары» тақырыбы туралы әңгімелету.
3. Сөйлемдегі зат, сан есімдердің жасалуына тоқталу.
4. Сөздік сұрау.
5.Сергіту жасату.
3.Жаңа сабақ:
Кіріспе сөз: (Мұғалім ойыншықтың балалар үшін маңызы зор екендігі жөнінде әңгімелей отырып, ойын ойнаудың бала үшін пайдалы жақтары туралы сұрақтар қояды. Мысалдар келтіре отырып,кіріспе әңгімесін бастайды).
Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма. Диалогті оықып, досыңмен сөйлес.
-Мынау не?
-Бұл – ойыншық.
-Қандай ойыншық?
-Бұл – қуыршақ.
-Қандай қуыршақ?
-Үлкен қуыршақ.

2-тапсырма. Сөз тіркесін жасап айт.

Бір екі
әдемі доп үлкен шар
қызыл сары

3-тапсырма. Өлеңді оқып, жаттап ал.
Доп
Дөп-дөңгелек ала доп,
Қызыл , жасыл және көк.
Ала шықтым аулаға
Ойнайтұғын бала көп.
(Г.Махамбетова)
4-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен, жаз.
1.Қуыршақ.
2.Екі қуыршақ.
3.Екі әдемі қуыршақ.
4.Менің екі әдемі қуыршағым.

5-тапсырма. Толықтырып айт.
Мынау – (мяч). Ол (красивый) доп.
Бұл – (большой) доп. Бұл – (два) доп.
Үш (красный) доп. Бұл – (новый) доп.
Жаңа сабақты бекіту:
1.Қандай ойындарды білесіңдер?
2.Сен қандай ойынды ұнатасың?
3.Ойын ойнаудың қандай пайдасы бар?
4.Сенің қандай ойыншықтарың бар?

Сабақты қорытындылау:
1) Дананың ойыншықтары көп пе?
2) Дананың қандай ойыншықтары бар?
3)Сенің өзіңнің қандай ойыншықтарың бар ?
Бағалау:Сабақ барысында атсалысып,белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 6-тапсырма /Аударып жазу/.


СӨЗЖҰМБАҚ
д О п
т
ү Й е
м Ы с ы қ
қ
о Н ж ы қ
ш а
р Ш ы

қ у Ы р ш а қ
Қ о я н

1.мяч
2.верблюд
3.кошка
4.медвежонок
5.кубик
6.кукла
7.заяц
СӨЗЖҰМБАҚ
О

Й
Ы

Н

Ш

Ы
Қ
Аударып жаз


4
5 1
1.белый

3
2 2.синий
3.желтый
4.красный
5.зеленый
6 6.черный
7 7.серый Тәрбие.орг сайтынан Ойындар. Дананың ойыншықтары. Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдраманова Меруерт Нұрмахамедкожа

ОҚО Шымкент қаласы Гагарин атындағы №34 жалпы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 330 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar