Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар.

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 625
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 06/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20376


Тимирязев ауданы 3-сабақ
Үйірме жетекшісі:Нығмеджанова С.Д.
І тарау.Танысу.
Сабақтың лексикалық тақырыбы:Кіруге бола ма?
Сабақтың грамматикалық тақырыбы:Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар.
Сабақтың мақсаты:Алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді қайталай отырып, жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым тапсырмалары бойынша өз ойын, пікірін жеткізе алу үшін қажетті біліктілікті тереңдету.Ауызекі сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту.Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, жаттығу.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: дидактикалық материалдар, кеспелер, кестелер, диск (А1),ТҚ.
Сабақтың жоспары:
1.Ой шақыру.
2.Лексикалық минимумды қайталау.
3.Оқылым.
4.Грамматикалық минимумды қайталау.
5.Жазылым жаттығулары.
6.Сөйлесім немесе айтылым.
7.Тыңдалым.
8.Сабақты бекіту.
9.Қорытындылау.
10.Бағалау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сәлемдесу.
ә)Көңіл күйлерін сұрау.
б)Аудиторияда психологиялық жағдай қалыптастыру.
ІІ.Жаңа сабақ
1.Ой шақыру.
-Әдептілік дегеніміз не?
-Әдептілікке не жатады?
2.Лексикалық минимумды қайталау.
Есте сақтап қалған жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрыңыздар.
3.Оқылым.
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
Асыл қасиеттер
Адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі-әдептілік сезімі. Өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық және этикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанына кірбің салмай, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым- қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әр уақытта қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы-әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.
1.Адам бойындағы асыл қасиетті атаңыз?
2.Әдептілік сезімі адамнан нені талап етеді?
3.Әдептілікке байланысты қандай мақалдар білесіздер?

4.Грамматикалық минимумды қайталау.
Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар.Үндестік заңына сәйкес жалғаулар мен қосымшаларды қайталап еске түсіру.

5.Жазылым жаттығулары.
1-тапсырма.Берілген сөздерді дұрыс орналастырып,сөйлем құраңыз.Орфоэпиялық нормаға сай оқыңыз.
1. Сөйлемеңіз, тым ақырын, тым қатты, немесе, тістеніп.
2. Қысқа, сөйлеңіз, анық
3. Кісілермен, сөйлесіңіз, үлкен, биязы.
4. Болады, кісі, жақсы, кешірімді.
2-тапсырма.Мақал-мәтелдердің ішінен сан есімдерді табыңыз.
1.Ерке бала екі жылар.
2.Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.
3.Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.
4.Семіздің аяғы – сегіз.
5.Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
6.Жігітке жеті өнер де аз.
7.Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
8.Тойған үйге тоғыз бар,
9.Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
10.Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

6.Сөйлесім немесе айтылым.
Сурет бойынша сөйлем құраңыз.



7.Тыңдалым.
Диалогты тыңдаңыз,дұрыс жауабын жазыңыз.
-Сәлеметсіз бе!
-Сәлеметсіз бе!
-Сіздің атыңыз кім?
-Менің атым-... .Ал сіздің атыңыз кім болады?
-Менің атым-... .
-Сіз қайда жұмыс істейсіз?
-Мен мектепте ... .Ал сіз ше?
-Мен ауруханада ... . Сізбен танысқаныма қуаныштымын.
-Мен де қуаныштымын.Кездескенше ... !
-Жақсы,... !
8.Сабақты бекіту.
9.Қорытындылау.
10.Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар. Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нығмеджанова Салтанат Дулатқызы

СҚО Тимирязев ауданы "Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті және кәсіби қазақ тілі пәндерінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar