Қос сөздер. Қосарлама қос сөздер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 447
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 27/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20709


Павлодар облысы білім беру басқармасының
«Жас дәурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы:6
Тақырыбы:Қос сөздер. Қосарлама қос сөздер.
Мақсаты:
а)Білімділік:қос сөздер,қайталама қос сөздер туралы білімдерін кеңейтіп, қосарлама қос сөздер туралы түсінік беру,әртүрлі тапсырмалар арқылы сабақты тереңінен мегерту.
ә)Дамытушылық:Оқушылардың тілін шығармашылық жұмыстар арқылы дамыту, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын молайту.
б)Тәрбиелік:Оқушылардың әдеби мұраларды қадірлеуге, қазақтың байырғы сөздік қорын қолдануға үйретуге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру.
Көрнекілігі:Слайд суреттер,тірек сызбалар,ойын.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту
Пәнаралық байланыс:тарих,бейнелеу,әдебиет,психология
Сабақтың әдісі:деңгеймен жұмыс,сұрақ- жауап,түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Кіріспе: Балалар, бүгінгі сабағымызды мына өлең жырмен бастайық.
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Балалар,сабағымызды бастамас бұрын сендерге сұрақ қойғым келіп тұр...Алда қандай мереке келе жатыр? Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?Яғни, ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл толуып отыр.Сондықтан бүгінгі сабағымызда топтардың атын «Мәңіглік ел» «Тәуелсіз ел» етіп алайық.
ІІ. Өткенге саяхат (өткен тақырыпты еске түсіру)
Екі топ сандықша ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1. Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады?
2. Күрделі сөздерге мысал келтір.
3. Қос сөздер дегеніміз не? Жасалу жолдары.
4. Қайталама қос сөздер қалай жасалады?

ІІІ. Жаңа тақырып. Балалар, біз алдыңғы сабақта «Қос сөздер, қайталама қос сөздер» туралы тақырып өткен болатынбыз.Міне, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қосарлама қос сөздер»деп аталады.
Екі түбірден қосарланып жасалған жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейміз.Әдетте мағыналары бір-біріне жақын синоним сөздер немесе мағыналары бір-біріне қарама-қайшы келетін антоним сөздер қосарланады.Мысалы:аяқ-табақ,құрт-құмырсқа,құрбы-құрдас,әке-шеше, т.б
Қосарлама қос сөздердің жасалуы:
1. Мағынасы бір-біріне жақын (синоним) немесе қарама-қайшы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы :аға-іні,ауыл-аймақ т.б
2. Бір-сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады Мысалы:бала-шаға,жүн-жұрқа т.б
3. Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы:ығы-жығы, оқта-текте т.б.
4. Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар.Мысалы:үгіт-насиғат, саяси-экономикалық, мәдени-ағарту т.б
Қос сөздердің екі түрі де дефис арқылы жасалады.
1 .Жаттығу жұмысы 55-жаттығу «Мәңгілік ел тобына»
Қосарлама қос сөздерді көшіріп,олардың қалай жасалғанына көңіл аудар.
«Тәуелсіз ел» тобына 59-жаттығу
2. Сергіту сәті
ІҮ.«Мақал сөздің мәйегі»демекші келесі тапсырма мақал- мәтелдердегі түсіп қалған қос сөздерді тауып мағынасын ашады.Топтар өз-ара жарысады.
1. .........-.......арық қазсаң, .....-...... су ішерсің.
2. Үйдің .......-.......
Қыс түскенде білерсің.
Ағайынның ......-......
Іс тұскенде білерсің.
3.Ақымақ ......-...... айтады,
Ақылды ......-.......айтады
4......-..... көсем боларсың,
.......-.......шешен боларсың.
3. Деңгейлік тапсырмалар
1. Төмендегі қос сөздерді пайдаланып сөйлем құрап жаз.
«Мәңглік ел» тобына қосарлама қос сөздер: ығы-жығы,бала-шаға,киім-кешек, жақсы-жаман.
«Тәуелсіз ел» тобына қайталама қос сөздер: қора- қора, бума-бума,мая-мая, қараң-қараң
2. Сөйлемдерден қос сөздерді теріп жазу.
Бірақ, үйінің, жақын туысының жүдеулігін көрген Базарлы той-топыр жасатқан жоқ. Алғашқы он-он бес күн бойында оны Жігітек ішіндегі туыстары ертелі- кеш ауылдан-ауылға шақырып, қонақ етісті.
3. «Тәуелсіздік таңы атты»тақырыбында эссе жазу
Ү. «Жалғасын тап» ойыны екі топтың балалары кезектесіп шығып қос сөздердің сыңарларын айтады,келесі бала сыңарын жалғастырады. Мысалы: ығы........ жығы, дос........жаран, қора..... қора т.б
ҮІ.«Қанталапай» ойыны. Қазақтың қай баласын алсаң да асық ойынын ойнай алады. Қанекей екі топтан екі бала шығып асық атып берілген жұмбақтардың жауаптарын тауып, қос сөздерді табады.

Отыз екі тас қайрақ,
Бірін-бірі шыңдайды.
Қызыл сөз бен асты ойлап,
Сумаң қызыл тынбайды. Тіл мен тіс

Бір мезгілде ек бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді. Түйенің өркеші

Қабат-қабат қаптама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер
Айтқан сөзін жатта да. Кітап

Аласы бар, қарасы бар, ағы бар
Пышақ тисе,қып-қызыл боп жарылар. (Қарбыз)

ҮІІ. Сабақты бекіту
5.Семантикалық картамен жұмыс
Реті Түрлері

Мысалдар Қайталама қос сөздер Қосарлама қос сөздер
1. Әрең-әрең +
2. Жалт-жалт +
3. Кәрі-жас +
4. Құрт-құмырысқа +
5. Орынды-орынсыз +
6. Аяқ-табақ +
7. Әке-шеше +
8. Оқта-текте +
9. Үп-үлкен +
10. Апалы-сіңілі +
11. Мөлт-мөлт +
12. Мая-мая +
13. Ата-ана +
14. Көзбе-көз
15. Оқта-текте +

ҮІІІ.Сабақты қорыту бағалау.
•Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. Тәрбие.орг сайтынан Қос сөздер. Қосарлама қос сөздер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Багжан Мухамет

Пікірлер: 0

avatar