Осы шақтың түрлері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 814
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 09/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20905


Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Аубакиров Рустам Сагинтаевич
Сабақ жоспары:
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7”А”
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Етістік. Осы шақтың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Етістіктің шақ категориясы туралы алған білімдерін тереңдету, осы шақ, оның түрлері, нақ осы шақтың жасалу жолы жайында білім қалыптастыру
2.Дамытушылық: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ерлікке, шыдамдылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
3.Тәрбиелік: Адамгершілік,еңбексүйгіштік қасиеттерін нығайту,дұрыс сөйлем құрауға үйрету.
Сабақтың түрлері: Дәстүрлі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба нұсқа
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)сәлемдесу;
ә)оқушыларды түгендеу;
б)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
в)оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге етістіктің шақтары туралы оқып келуге және «Менің мақсатым...» деген тақырыпқа эссе жазып келуге берілген болатын.
Үй тапсырмасын тексеріп, бағалаймын.
Қосымша сұрақтар:
Шақ дегеніміз не?
Шақтың түрлерін ата.
Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
1)Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтты? деген сұрақтарға жауап береді.)
2)Басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістік қалай аталады? 3)Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Шақтық мағынадағы осы тұлғалар дара етістікте де, күрделі етістікте де қолданылады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
1) сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді;
2) Әрдайым болып тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.

Осы шақтың түрлері: Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.
1) Қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
2) Етістіктің құрамына қарай Жалаң және күрделі болып бөлінеді.
3) Жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады.
4) Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады.
5) Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.
6) Күрделі түрі негізгі етістіктің -ып, -іп,-п;-а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып тұр.
1) Қимыл,іс-ірекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді.
2) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.
3) Тұлғасы (көсемшенің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде алда болатын қимылды білдіріп, келер шақ мағынасын береді. Мысалы: мен кел + е + мін. Сен ойна + й + сың. Ол бар + а + ды, т.б.
ІV. Сабақты бекіту:107-жаттығу (Оқып шығып, нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктері табыңыздар. Қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.)
Ү л г і: опырайып тұр – н.о.ш., күрделі, отыр – н.о.ш., дара, жүр – н.о.ш., дара, дір қағып жатыр – н.о.ш., күрделі, келе жатыр – н.о.ш., күрделі
Тапсырма: Тақырыптың неліктен “Ер ана” аталғанын әңгімелеңіздер.
124-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, нақ осы шақтың күрделі түрлерінің астын сызыңдар, қалай жасалып тұрғанына көңіл бөліңіздер.
Қыстаудың сыртындағы мал қораға үйілген бір мая шөптің төңірегі қобырап жатыр. Бес-алты бала тағы бір мая тұрғызып, төңірегін мұнтаздай етіп, жиыстырып жүр. Өгіз жеккен сүйретпемен екі бала сонау көрінген белден үйме шөпті тартып келе жатыр. Қарт көзін көлегейлеп соларға қарап қалыпты. Әжімді жүзінде пішен тартып жүрген қолқанаттарына ырза болған сезім көрініп тұр.
(М. Сүндетов)
«Не білдім? Не үйрендім?» кезеңі
Бұл кезеңнен өту үшін мына тапсымалар орындалады.
Венн диаграммасы:
Не білдім?Не үйрендім?
Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ
Бекіту тест
1.Етістіктің неше шағы бар?
а)2 в)3 с)4
2.Нақ осы шақ қандай етістердің жіктелуі арқылы жасалады?
а) кел,бар,айт,сөйле в) оқы,жаз,кір,жүр с) отыр,тұр,жатыр,жүр
3.Мен Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмын. Қай шақта тұр?
а) Осы шақ в) Нақ осы шақ с) Ауыспалы осы шақ
4. Іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын етістіктің қай шағы деп аталады ?
а) Осы шақ в) Нақ осы шақ с) Ауыспалы осы шақ
5. Ауыспалы осы шақ көсемшенің қай жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады ?
а) -а,-е,-й
в) -ып,-іп,-п
с) -ғалы,-гелі –қалы,-келі
6. Ауыспалы осы шақ тұлғасы сөйлемде неше түрлі мәнде қолданылады?
а) 2 в) 3 с) 4
7. Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған нақ осы шақты көрсет.
а) жазасың в) отырмын с) жүрсің
8. Нақ осы шақ қандай етістіктер арқылы жасалады?
а) негізгі етістіктер в) күрделі етістіктер с) қалып етістіктер
9. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті көрсет
а) әкетіп жатыр в) елестейді с) сөйледі

V. Сабақты қорытындылау: Сонымен, оқушылар бүгінгі сабақтан не білдіңіздер, не үйрендіңіздер, не түсініксіз болды?
VI. Үй тапсырмасы: 110-жаттығу.
VII. Бағалау: Тәрбие.орг сайтынан Осы шақтың түрлері Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аубакиров Рустам Сагинтаевич

Көкшетау қаласы №22 ЖББНМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar