" ПӘНДІ ТАҢДАЙМЫЗ"

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 82
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 19/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23533


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Сабақтың тақырыбы: Пәнді таңдаймыз 9 сынып 15. 12. 2017ж
Білімділік:

Дамытушылық:
Тәрбиелік: Күрделі сөйлеу үлгілері негізінде оқушыларды пән таңдауға, емтиханға дайындықты жоспарлауға дағдыландыру.
Мәтіндер негізінде оқушылардың сөздік қорын байыту.
Оқушыларды жауапкершілікке, патриоттық сезімдерін оята отырып, елін- жерін сүюге тәрбиелеу.
Сілтеме: Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі: қазақ тілінде пән ол бойынша емтихан тапсырудың адам өміріндегі маңызы мен рөлін түсіндіре алады, өзінің емтиханға дайындығын түсіндіріп бере алады.
Оқушының орташа жетістігі: қазақша өзінің таңдаған пәні жайлы ақпарат береді, емтиханға қалай дайындалатынын айтады.
Оқушының жоғарғы жетістігі: тақырып аясында сыныптастарымен уақытты жоспарлау жайлы сұхбаттасады.
Негізгі түсініктер: Таңдау пәні, мектеп бағдарламасы, таңдау пәнінің маңыздылығы, дайындық кестесі, кәсіптік білім алу
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, маркерлер, үлестірмелі материалдар, парақ.
Оқыту әдістері: « Ғажап саты» ,«сен- маған, мен- саған» сұрақ- жауап, сөздікпен жұмыс, « 6 неліктен?», СИНКВЕЙН стратегиясы,
сергіту жаттығулары, БББ әдісі
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, ұялы телефон.
Тапсырма Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу «Ыстық алақан» тренингі Бір- біріне жақсы тілектер айтады, сәттілік тілейді
Өткен тақырыпты тексеру «Сен- маған, мен- саған» Сұрақ- жауап арқылы өткен тақырыпты қайталайды . Қойған сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту Сұрақ қою арқылы « Ғажап саты» Айтылым. Сен ұнатқан мамандық қандай? Сұрақтарға жауап береді
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс.
А) жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.
Ә) оқиды, қайталайды. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. 1- тапсырманы орындатады.
Ә) Жазылым. Айтылым. 2 тапсырма.
Б) Жазылым. Айтылым. 3-тапсырма.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Сөйлем құрайды, хабарлы сөйлем құрастырады.
Жазылым. Айтылым. Жазылым.
Сызбаны толтырады, мектеп туралы айтады, 5 сұраулы сөйлем құрайды.
3. Грамматика.
Жай сөйлем түрлерін меңгертеді. Хабарлы сөйлем, сұраулы, лепті сөйлемдер туралы мәлімет береді. Жай сөйлемдер түрін меңгереді, мағлұмат алады.
4. Мәтінмен жұмыс.
А) Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4- тапсырманы орындатады.
Ә ) Жазылым. Айтылым. Жазылым. 5-6 тапсырмаларды орындатады. Оқылым. Мәтінді оқиды, тақырып қояды.

Жазылым. Айтылым. Жазылым.
Ақпаратты кестеге жазады, дұрыс/ бұрыстығын айтады, сөйлемдерді дұрыс құрап жазады, мәтіннің мазмұнын айтады.
5. Сергіту жаттығулары. Постер жасайды, қорғайды
ІІІ. Ойтолғаныс «6 Неліктен?» тәсілін қолданып, уақытты жоспарлаудың пайдасын сипаттайтын жауаптар дайындауын сұрайды. Әр оқушы уақытты жоспарлаудың пайдасы бойынша өз жауабын дайындайды.
IV. Бекіту 11- тапсырманы орындатады.
СИНКВЕЙН стратегиясы:
1. Зат есім: мамандық
2. Сын есім:
3. Етістік:
4. Сөйлем:
5. Түйін: Жазылым. Тірек сөздерді қатыстырып 3 сұраулы, 3- лепті сөйлем құрайды.
V. Бағалау Формативті. «БББ келеді» Әдіс бойынша өзін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма 2 тапсырма 88 бет

VII. Рефлексия Тақтаға сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі. Өзіне ұнаған суреттің тұсына желім қағаздарды жапсырады. Тәрбие.орг сайтынан " ПӘНДІ ТАҢДАЙМЫЗ" Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жалелова Анар Ергазиновна

ШҚО Шемонаиха ауданы Выдриха мектеп- балабақша кешені қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar