Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.
  • 16.03.2016
  • 1771 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17984

Сабақ жоспары Қазақ тілі 8 сынып Кусаинова Ж.К.
Апта Күні 28 қараша 2015ж Сабақ 3 сабақ
Сабақтың тақырыбы Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сабақтың мақсаты Айқындауыш мүше туралы мәлімет алып,түрлерін ажырата білуге үйрену.
Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін лингвистикалық тұрғыдан тану,сөйлемде белгілі бір тыныс белгілерімен ажыратылатынын түсіну.
Күтілетін нәтижелер Айқындауыш мүше туралы мәліметті меңгеріп,түрлерін ажырата біледі.
Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін лингвистикалық тұрғыдан танып,сөйлемде белгілі бір тыныс белгілерімен ажыратылатынын түсінді.
Сабақ түрі Жаңа сабақты игеру, интеграциялық сабақ
Тапсырмалар *жеке-жұптық-топтық жұмыс
*СТО
* АҚТ
*кері байланыс/рефлексия
*бағалау
*диалогтік оқыту
Ресурстар/Керекті жабдықтар Интерактивті тақта,презентация, постерлер, стикерлер, маркерлер,фото-суреттер,кеспе қағаздар, сұрақтар, топ ережесі, постерді бағалау критерийлері,бағалау парақтары.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен аманда-
су, түгендеу, тастар арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. Бағалау парақтарын тарату.
I. Өткен тақырыпты пысықтау
Пысықтауыш, Сөйлем мүшелері
а/ «Олжалы бестік» ойыны /жазылған сөздер мен сұрақтар/7 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.
«Мықты болсаң, тауып көр»
«Жүйрік болсаң, шауып көр»
«Алғыр болсаң, алып көр»
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
«Ойлы болсаң, озып көр»
«Зерек болсаң, айтып көр»
«Шешен болсаң, сөйлеп бер»
ә/ “Сыңарын тап” ойыны /сурет пен сұрақтардың сәйкестігін табу, мысалдар келтіру/ Оқушылар тастардың түсі арқылы
2 топқа бөлінеді.
Топ ережесін еске алады

Әр оқушы /7 оқушы/ бір-бірден кезекпен келіп, жазылған қағазды алады да, сұрақтарға жауап береді. Қалғандары оны бағалайды.
Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

Оқушылар суретті таңдап, оған берілген сәйкес сұрақтарын тауып, мысалдар келтіреді.
Тұсаукесер II. Проблемалық ой тастау. “Ой қозғау”
Оқушылар, тақтада берілген сөйлемге назар аударыңдар. Бұл сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің мағынасын тереңірек ашып тұрған сөздер бар ма? Ол сөздер қай сөздің мағынасын түсіндіріп тұр?
Төреқұл өзінің ежелгі жұртында, Ұзынбұлақтың басында, отыр екен. Жаназаға, Бөжейдің жаназасына, шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі болып қалған еді. Ол – Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.
Демек, сөйлемде белгілі бір мүшені заттық мағына жағынан басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз немесе сөздер тобын айқындауыш мүше деп атаймыз.
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы “Сөйлемнің айқындауыш мүшелері” Ал сабақ мақсатымыз қандай? Оқушылар тақтаға назар аударып, сөйлемдерді оқып, олардың мазмұнымен, ерекшеліктерімен танысады. Сөйлемдердің ішіндегі айқындап тұрған сөздерді табады, ойланады.

Мұғалімнің көмегімен тұжырым жасайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды да сабақ мақсатын айтады.

Негізгі бөлім III. Жаңа тақырыпты меңгеру.
“Жеке-жұптық-топтық жұмыс”
“Ойлан-жұптас-пікірлес”
1. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы оқулық бойынша жеке түсініп оқу, жұппен сырласу, топпен пікірлесу.
ТОП ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ!
2. “Зигзаг”-өзара оқыту стратегиясы.
1-топ-Оңашаланған айқындауыш
2-топ- Қосарлы айқындауыш
Постерді құрастыру – постерлерді алмастырып, өзара оқыту –постерді
қорғау- постерді қорғау критерий бойынша бір-бірін бағалау
“Екі жұлдыз, бір тілек”
3. “Миуалы ағаш” стратегиясы. «Адасқан айқындауыш мүшелерін» табу.
Дымбілмес айқындауыш түрлерін шатастырып тастады, сондықтан оларды орындарына орналастырыңдар. /Дәптерге жазу/.

4. “РАФТ” стратегиясы.
Р/рөл/ А/арнау/ Ф/форма/ Т/тақы
рып/
Оқушы
Президент
Директор
Депутат
Сыныптас
Қария Мұғалімге
Досқа
Президентке
Оқушыға
Сыныптасқа
Депутатқа
Рефлексия
Эссе
Анықтама
Диалог
Хат
Мақала
Таулар туралы
Көлдер туралы
Қорықтар туралы
Пайдалы қазбалар туралы
Шөлдер
Өзендер
Оқушылар оқулықтың 71-72 беттерін ашып, жаңа сабақты жекеше түрде мұқият түсініп оқиды. Одан кейін отырған жұппен сырласады, өз түсінгені бойынша мазмұндайды да топпен пікіралмасады.

Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады, постер құрастырады, қарсыластарымен постерлерімен алмастырып, өзара оқыту сәті өтеді, одан кейін өз отбасыларына оралады.
Постерді қорғайды, бір-бірін бағалайды
“Екі жұлдыз, бір тілек”

Интербелсенді тақтада берілген «Миуалы ағаштың» астындағы Дымбілмес араластырып тастаған сөйлемдерді өз бағанасына дұрыс жазып алу. «Адасқан айқындауыш мүшелерін» табу.
/Дәптерге жазу/
Оңашаланған айқындауыш
Жер - ана, әнші – сазгер, Абылай хан, Жәнібек батыр, Сіздер маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіздер. Әйел-ана, күйші Құрманғазы, би-шешендер, әнші Күләш. Біздер, 8 “а” сынып оқушылары, сенбілікке ұйымшылдықпен қатысамыз.
Қосарлы айқындауыш
Тұжырым - пікір, Қаз дауысты Қазыбек би. Бізге, жастарға үлкендер зор сенім артады. Сыныпқа келген жаңа оқушы, сабақты жақсы оқыды.. Біз, Асыл екеуіміз, суреттерді жабыстырдық. ғалым-ұстаз. Жиналыс басқарушы Жақып отағасы мәселені дауысқа сала қойған жоқ.

«РАФТ» стратегиясы бойынша әр топ стратегияның формасын өздері таңдап алады да тапсырмаларды дайындайды.
Мысалы: Президент оқушыға Айқындауыш түрлері туралы хат жазады.
Осылайша оқушылар өз ойларын білдіре алады, тұжырым жаса алады.
Сабақты бекіту
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Айқындауыш мүше дегеніміз не?
2. Айқындауыш мүшенің түрлерін ата.
3. Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгісі.
4. Анықтауыш пен айқындауыштың айырмашылығы.
Есте сақта! Ереже бойынша пысықтау сәті.
Кесте бойынша пысықтау жұмысы
Түрлері, мәні, мысалдары бойынша пысықтау. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Кесте бойынша белсенді жұмыс жасайды, жаңа сабақты пысықтап, бекітеді.
Сабақтың өзіндік талдауы: V. Өз-өзіме кері байланыс-есеп. «Бес саусақ» стратегиясы.
Не үйрендім? Неге көңіл аудару керек? Кімге көмектестім? Көңіл-күйім? Неден қиналдым?
Оқушылар өз бес саусақтарын салып, сұрақтар бойынша жауаппен толтырады.
«Бағалау парақтары» бойынша бағалау.
«Шәкіл социометриясы» сабақты бағалау-кері байланыс беру. Оқушылар сабақ қаншалықты ұнағанын смайлик арқылы шкала бойынша белгілейді.
Тәжірибелік сабақты бағалау
«Бағалау парағы» бойынша бағалау.
Қорыту Мен болам оңашаланған айқындауыш
Болмаймын еш уақытта анықтауыш.
Өзімнен бұрын тұрған сөзді ғана,
Айқындап, түсіндіріп, берем нағыз.
Белгінің менде болар екі түрі,
Кәдімгі кезбе үтір- оның бірі
Кей кезде сызықшаны керек етем,
Үтірдің ауыр болса алған жүгі.
Қосарланған, қосалқы топтарым бар,
Тең тіркесіп, дефиспен тұрады олар.
Орынды ауыстырсам жөнім де бар,
Өзгермейді сонда да мағыналар.
“Қызықты грамматика” жинағынан
Үйге тапсырма 74 бет 60-61 жаттығулар Тәрбие.орг сайтынан Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кусаинова Ж.К.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 1771 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar