Сөйлемнің түрлері 2-сынып

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 709
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 24/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20200


Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің түрлері
Сабақ: қазақ тілі Мектеп: № 21 орта мектеп
Күні: 12.09.2016. Мұғалімнің аты-жөні: Сеилбаева Рая Нұрбайқызы
Сынып: 2 Қатысқандар: 23 Қатыспағандар:-
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 2.3.8.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)
Бағалау критерийлері: Сөйлем түрлерін атай алады, біледі.
Сөйлем арасындағы тыныс белгілерді сәйкесінше дұрыс қолданады.
Тапсырма: Сөйлем түрлерін ата.
Сөйлем арасындағы тыныс белгілерді сәйкестендіреді және қолданады.
Дескрипторлар: Сөйлем түрлерін атайды.
Тыныс белгілерін сөйлем арасында сәйкесінше қолданады.
1

1
Тілдік мақсат Барлық оқушылар орындай алады:
Сөйлем түрлерін атай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Сөзден сөйлем құрастыра алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Тыныс белгілерді сәйкесінше қолдана алады.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: нүкте-точка-dot, леп белгісі-восклицательный знак-exciamation point, сұрақ белгісі-вопросительный знак-question mark
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Ж
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тыныс белгілерін қай кезде қолданамыз?
Не себепті деп ойлайсыз?
Не себепті біз тыныс белгісін қолданамыз.
Ишара: қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Алдыңғы оқу: Сөйлем түрлерін атайды.
Жоспар:
Жоспарланған уақыт есебі
45 мин Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарланған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) Ресурстар
Слайд, постер, топтамалар, тақырыптық суреттер

Басы Оқу-құралдарын әзірлеу. Психологиялық дайындық.
Біз балдырған баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі сабақта,
Біз тәртіпті боламыз.
Ортасы Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату туралы түсінік беру.
М-лы: Хабарлы сөйлем-Жаз келді.
Лепті сөйлем- Алақай! ауылдан әжем келді.
Сұраулы сөйлем-Әжең қашан келді?
1-тапсырма. Сөйлемді оқы. Тиісті тыныс белгілерін тауып, көшіріп жаз.
Айман сабаққа барды уа, шіркін бүгін күн қандай тамаша. Айман сенде ана тілі оқулығы бар ма
2-тапсырма. Мақалды жатқа жаз.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Сергіту сәті. «Сұр қоян»
3-тапсырма. Суреттке қарап сөйлем құра және жаз.

Соңы Постермен жұмыс.
Хабарлы сөйлем лепті сөйлем сұраулы сөйлем
Сағат неше болды? Жаңбыр жауып тұр. Күн қандай тамаша! Айжан оқиды. Алақай! бүгін демалыс. Кім келді?
Топтамалармен жұмыс.

Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау-оқушы білімін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс

Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Фигуралар арқылы бағалау Ағылшын тілі, АКТ-мен байланыс, дене шынықтыру, орыс тілі

Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Алға қойған мақсатым жүзеге асты.
Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырата алуды үйренді.
Сабақ өз деңгейінде өтті.
Жоспарланған жұмысым іске асты.
Уақыт жеткілікті болды.
Жоспарыма өзгеріс енгізбедім.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе sad оқыту мен оқуға қатысты)
1. Оқушылар сөйлем түрлерін мақсатына қарай ажырата алады.
2. Тыныс белгілерін дұрыс таңдай алады, қолданады.
Қандай екі нәрсе, не тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
(оқыту мен оқуға қатысты)
1. Тапсырмаларды күрделендіру.
2. Топқа бөлу
Осы сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма керекті қажетті ақпаратты білдім?
1. Кейбір оқушылармен сөйлем түрлерінің мақсатына қарай қолданылатын тыныс белгілер бойынша жұмыс жүргізу
2. Ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Тәрбие.орг сайтынан Сөйлемнің түрлері 2-сынып Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сеилбаева Рая Нурбаевна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar