"Сұраулы сөйлем" тәрбие сағаты

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 751
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 13/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23014


Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: Сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, сауатты жазуға дағдыландыру. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлай білуге, әдепті ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап,оқыту, әңгімелету
Көрнекілігі:слайд, суреттер, оқулық,тірек-сызба
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1) «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны.
III. Жаңа сабақ
1. Жұмбақ
2. «Зейінді болсаң, тез ойлан!» ойыны
3. Оқулықпен жұмыс
4. Дәптермен жұмыс
IV.Сергіту сәті
V. Тақтамен жұмыс
VI. Шығармашылық жұмыс
1.Жаңылтпаш
VII. Қорытынды
VIII. Үй тапсырмасы
IX. Бағалау
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық
Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабақта,
Жүректен ақ жол тілейік.
• Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.
Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіреміз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Үйге қандай тапсырма берілді?
174 – жаттығу. Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
2) Үй тапсырмасын бекіту.
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (Сөйлем)
Ойын: «Мен бастаймын, сен жалғастыр»
1. Сөйлем аяқталған ....(ойды білдіреді)
2. Сөйлем сөзден .... (құралады)
3. Сөйлемнің бірінші сөзі .... (бас әріптен басталып жазылады)
4. Сөйлемнің соңына .... (не нүкте, не сұрау белгісі, не леп белгісі қойылады)
5. Сөйлемдегі сөздер .... (бөлек жазылады)
6. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем .... (хабарлы сөйлем)
7. Хабарлы сөйлемнің соңына .... (нүкте қойылады)
III. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме
-Балалар, менің сендерге мынадай жұмбағым бар.
1) Жұмбақ
Екі К күресті,
Арқаларын тіресті.
- Бұл қай әріп?
-Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық.
-Жарас жарыста жеңіске жетті.
-Жазира жазу жазды.
-Жандос жұмбақ жасырды.
Енді сұрақтарға жауап берейік.
-Сендер жаңа қандай сөйлем құрадыңдар?
-Хабарлы сөйлем.
-Ал, енді осы сөйлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.
2) «Зейінді болсаң, тез ойлан!»
-Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелерді білеміз?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
-Қар қалай жауып тұр?
-Неге күн суық?
-Аспан неге көкпеңбек?
-Таулар неге тым биік?
-Мен не істедім?
-Иә, мен сендерге сұрақ қойдым.
-Ал, ол сұрақтарды не үшін қойдым?
-Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым.
-Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Мысалы: Сенің атың кім?
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
Тірек-сызба арқылы көрейік.
-Балалар, жаңағы сұрақтарға сендер шамаларың келгенінше жауап беруге тырыстыңдар. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін менің сендерге айтар кеңесім: «Бұл кім? Бұл не?» және «Негеш», «Бәрін білгім келеді», «Балалар энциклопедиясы» сияқты кітаптардан ізденуге болады.
3) Оқулықпен жұмыс:
1. Күн жадын жазу.
2. Көркем жазу.
(Б әріпін дәптерлеріне әдемі жазу)
175-жаттығу. Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
-Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
-Өлеңдерде не туралы айтылған?
-Аққу туралы не білеміз?
Аққу-сұлу, нәзік құс. Көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Ол-сақ құс. Аққу-киелі құс.
Дәптермен жұмыс:
Әрі қарай орындайтын жаттығуларымыз сұраулы сөйлемге байланысты болмақ.
176-жаттығу. Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
-Көке, мынау не төбешік?
-Илеу деген не?
-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
-Олар тату тұра ма?
-Құмырсқа туралы не білеміз? Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.
-Тақырыптың «Табиғат тәрбиесі» деп аталуы не себепті?
Құмырсқа – тірі жәндік. Мәтіннен ұққанымыздай құмырсқалар ұйымшыл тату, еңбекқор. Мекені - илеу. Адамзат баласына тәрбие қандай болса, құмырсқаларда да табиғат тәрбиесі бар.
IV.Сергіту сәті
V. Тақтамен жұмыс
177-жаттығу. Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
-Сабақтың басталатын уақытын; Сабақ сағат нешеде басталады?
-Сыныптағы кезекшінің есімін; Бүгін кезекші кім?
-Асқардың сабаққа кешігу себебін; Асқар сабаққа неге кешікті?
-Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын; Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
178-жаттығу.
1.Іштен оқыту.
2.Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
-Бұлттар қайда қонады?
-Бұлттар-таудың қонағы.
-Құстар қайда қонады?
-Құстар-талдың қонағы.
-Қаңбақ қайда қонады?
-Қаңбақ - сайдың қонағы.
-Қармақ қайда қонады?
-Қармақ - судың қонағы.
(Несіпбек Айтов)
-Қандай сөйлем оқыдыңдар?
-Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
VI. Шығармашылық жұмыс. Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Сәуле кітапханаға барды.
2. Қасқыр-жыртқыш аң.
3. Анар қалада тұрады.
1. Жаңылтпашты жаңылмай жатқа айт.
Көже пісті
Көжені неше кісі ішті?
Неше кесе ішті?
Сөйлемдердің қайсысы хабарлы, қайсысы сұраулы екенін тап.
VII. Қорытынды.
Балалар мына тақтада жылбасына таласқан жануарлардың суреттері ілінген. Ол жануарларды бір-бірден таңдап, артындағы сұрақтарға жауап береміз. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін биылғы жыл иесі суреттердің астынан шығады.
1. Мәтін дегеніміз не?
2.Мәтіннің қандай түрлері болады?
3. «Біздің сынып» туралы сипаттау мәтінін құрап көр.
4.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
5.Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
6.Сөйлем дегеніміз не?
7.Сөйлем нешеге бөлінеді?
8.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
9. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
10.Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
11.Сұраулы сөйлемге мысал келтір.
-Жақсы балалар, сендердің жауап берген жауаптарыңның арқасында биылғы жылдың иесі шықты. Иә, балалар биылғы жыл иесі кім екен?
- Мешін.
-Иә,балалар дұрыс айтасыңдар. Биылғы жыл иесі мешін екен.
Балалар биылғы жыл иесі бізге бос келмепті қолында хаты бар. Мен сендерге оқып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.
-Балалар, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әліде толықтыратын боласыңдар.
-Балалар, ұстаздарға қандай уәде береміз?
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
VIII. Үй тапсырмасы. 65-бет ережені жаттау.179-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме жазу.
IX. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан "Сұраулы сөйлем" тәрбие сағаты Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

№163 Павловская начальная школа КГУ Бастауыш сынып мугалими

Пікірлер: 0

avatar