Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сөз таптары.Атауыш көмекші және Одағай сөздер
  • 06.10.2016
  • 738 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19593

Сабақтың тақырыбы: Атауыш, көмекші, одағай сөз
Сабақтың тақырыбы: атауыш, көмекші, одағай сөздер
6-сынып

Басқару жоспары

Жоспардың мазмұны
Сыныппен қалай сәлемдесемін?
Мен сыныппен кабинетке кіргенде сәлемдесемін.
Мен жұмысты қалай бастаймын?
Мен сабағымды психологиялық дайындықтан бастаймын.
Биік-биік таулар бар,
Терең- терең көлдер бар,
Суда жүзетін балықтар бар,
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Сабаққа сәттіліктер тілеу, жылы лебіздер білдіру.Психологиялық дайындықтан кейін үйде дайындап келген тапсырмаларын тексеремін.

Үй жұмысын тексеру:
«Ұлттық аспаптар» тақырыбына шығарған өлеңдерің және эсселерін тексеру.
Жаңа тақырып:
Интерактивті тақтадағы тірек-сызба арқылы оқушылар жаңа тақырыпты ашып, бір – бірімен пікір алысады.
Жаттығулармен жұмыс:
1,2-топ ребус шешуге берілді,ол ребуста атауыш сөздер болды. 3,4-топ одағай сөздерге байланысты жұмбақ жасырылды. Оқушылар бірігіп шешеді.
2/Оқулықпен жұмыс.
100- жаттығуды орындаймыз. Мәтінді көшіріп, мысалдардағы атауыш сөздің астын бір сызықпен, көмекші сөздің астын екі сызықпен, ал одағай сөздерді ирек сызықпен сызу.

3/Интерактивті тақтадағы семантикалық кестені толтыру.

4/Деңгейлік тапсырмалар:

Мен оқушыларды қалай топқа бөлдім?
Қима суреттер арқылы топқа бөлінді. Әр топтың басшысын тағайындадым.
Мақсаты:
1/Атауыш, көмекші, одағай сөздердің ерекшіліктері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.
2.Сыни тұрғыдан модулін негізге ала отырып, оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың топтық жұмыс арқылы бірін –бірі тыңдай білуге,еркін сөйлеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқушыларды қалай топтастырамын?
Қима суреттер арқылы топқа бөлінді.

«Тәртіпсіз» оқушылармен не істеу керек?
Мұғалім сыпайы, нақты және кәсіпқой болуға тиіс. Мұғалім тарапынан тәртіпке шақыру.
Оқушылар нені біледі?
Атауыш, көмекші және одағай сөздердің түрлерін біледі.
Сыныпта оқушылар мақсаты бірдей болып табыла ма?
жаңа тақырыпқа байланысты оқушылар дың алдына қойған мақсаттары бір болады.

Оқушылар сабақ соңында нені жасай алады және нені үйренеді?
оқушылар өздігінен тірек –сызба, кесте арқылы сабақты талдай алады, топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді

Бағалау процесінде оқушыларды қалай тарта аламын?
Бағалау парағын әр оқушыға жеке беру ( өзін – өзі бағалау)
Сабақтың сәтті өткенін қалай білемін?
оқушылар жаңа тақырыпты өздері талдап ашуынан. Белсенділік пен қызығушылық танытуы мен
берілген жауаптарына және іс-әрекетіне қарап

.
Осы тақырыпта қандай тұжырымдамалық қиындықтар бар?
уақытты үнемдеу және дарынды оқушылардың менмендігін жою,
Білім деңгей төмен оқушының шеттеп қалмауы.
Менің мақсатым: Жаңа сабақты меңгергенін тексере отыра пысықтау.

Қандай келесі жұмыстарды оқушыларға беремін?
Өткенді қайталау сабағында тестік жұмысқа дайындалу.

Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық және т.б. қажет?
2 мин
Психологиялық дайындық жасалды.
Оқушылардан қаншалықтан дайын- далып келгенін сұралады.
Қима суреттер арқылы топқа бөлу, ережені ұстану

Оқушылар жауап береді
Қима суреттер арқылы топқа бөлінді.
Әр топқа топ басшы тағай- ындалып алдына бағалау парағы беріледі.
Бағалау парағы
10 мин
Үй жұмысы:
«Ұлттық аспаптар» тақырыбына шығарған өлеңдерін тексеру.
Әр топтан дарынды және талантты оқушылар «Ұлттық аспаптар» тақырыбына шығарған өлеңдерін оқиды.

7 мин
Жаңа тақырып:
Тірек сызба, кесте арқылы тақырыпты ашу.

Төрт топтың оқушылары бірлесіп тақырыпты ашады.

Тірек-сызба, кесте
20мин
Жаттығулармен жұмыс:
1/ Ребус, жұмбақтарды шешу.
1,2-топ ребус шешуге берілді ребуста атауыш сөздер жазу керек.
3,4-топ одағай сөздерге байланысты жұмбақ жасырылды

2/Оқулықпен жұмыс.
100- жаттығуды орындау. Мәтінді көшіріп, мысалдардағы атауыш сөздің астын бір сызықпен, көмекші сөздің астын екі сызықпен, ал одағай сөздерді ирек сызықпен сызу.
3/Интерактивті тақтадағы семантикалық кестені толтыру.
4/Деңгейлік тапсырмалар:
Төрт топтың оқушылары бірлесіп жылдам жауап береді
Оқушылар бірігіп, шешеді.
Екі топ жұмбақтардың шешімін табады.

Оқушылар топпен бірігіп жұмыс істейді, өздерінің жұмыстарын талдайды.
Оқушылар бір-бірден шығып семантикалық кестені толтырад
Оқулық, плакат, маркер
Интерактивті тақта
2 мин
Үйге:
ереже жаттау, суреттерден атауыш, көмекші сөздері бар болғандай сөйлем құрастыр 3 мин
Бағалау:
Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалау парақшасына бағалап отырады.
Соңында мен жиынтық баға шығарамын.

Топ басшысы бағалау парағы арқылы бағаның қорытындысын айтады
Рефлексия өткізу.Стиктерге жауап жазады стиктер
Кері байланыс парағы.
Оқушының аты-жөні_________________________________________
Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды
Не ұнамады, немесе жаман болды
Сабақта нені өзгерткің келеді,сенің қалауың Тәрбие.орг сайтынан Сөз таптары.Атауыш көмекші және Одағай сөздер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әбілшеева Ақжүніс Жақсығұлқызы

Маңғыстау облысы.Бейнеу ауданы.Манашы орта мектебі Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 738 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar