Сөз және оның мағынасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1374
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19933


Күні: Сыныбы: Пән атауы:
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сөз және оның мағынасы туралы жалпы шолу жасап, сөздік құрам, сөздік қор, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарына қарай түрлерімен таныстыра отырып, сөздің тура мағынасы, сөздің ауыспалы мағынасы туралы түсінік бере отырып, білімдерін шыңдау.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
- Сөз деп нені айтамыз?
- Мәндес сөздер қандай сөздер?
- Сөз және оның мағынасы дегеніміз не?
Түс- Күн тал түс болды. Түс көрмейтін адам болмайды. Батыр, атыңнан түс. Әйгерімге анасының түсі бозарып кеткендей көрінді. Мысал: Мұңды- қасіретті, қайғылы, қапалы. Тез- дереу, жылдам, шапшаң.
Сөздің лексикалық мағынасына қарай :
1. Сөздің иура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.
2. Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауысып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы.
Мысалы: бас - сөзі, адамның басы- дене мүшесі, судың басы – бұлақ, сөздің басы- сәлем, таудың басы – шың.
1 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, мәндес сөздерді тап.
1. Мақта өсіру - ең қиын, ең ауыр жұмыс. 2. Қазақ әндерінің бәрі құлаққа жағымды, ұнамды. 3. Ағасының ересек, естияр екі баласы бар. 4. Ақын өлеңдерінің көбі достықты, татулықты жырлайды.
2 – жаттығу. Берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жаз.
Қысқа – кішкентай, шағын, аз, ..... , қалжын – әзіл, ..... , мақсат - мұрат, талап, міндет, ......... , мейрам - той, қуаныш, ...... , қосып айту – артық айту, әсірелеу, ....., тайғанау – сырғанау, тайып кету, сырғу, ...... . ( жалғастыру).
3 – жаттығу. Мақалды оқы. Қарамен жазылғын сөздерді мәндес сөздермен ауыстырып жаз.
1. Жаман жолдас ( дос) болсаң, қаларсың ұятқа.
2. Сырын білмеген аттың сыртынан (жанынан, артынан) жүрме.
3. Әдептіліктің (жақсылықтың) белгісі - иіліп сәлем бергені, жақындықтың белгісі – көп кешікпей келгені.
4. Тоқсан ауыздың сөздің тобықтай түйіні (ойы, шешімі) бар.
ІV. Сергіту сәті: Қолға қамшы аламын Құрық сілтеп асауға
Атқа мініп шабамын Мен атамдай боламын!!!
4– жаттығу. Берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып, сөйлем құрастырып жаз.
Бала – нәресте, тарсыл – дүрсіл, дәулет – байлық, батыл – өжет, арман – қиял, уәде – ант.
Айжан бүгін нәрестелі болып, Ақаңның үйі балалы базарға айналды. Қора жақтан тарсыл – дүрсіл дыбыстар естілді. Байлық, дәулет – адамның еңбегімен келетін маңдайтер, күш. Қабанбай батыр – өжет, батыл батыр. Қиялдан арман туады. Ерлаулет халқының алдында елінің елеулі азаматы болуға уәде етіп, салтанатты рәсімде ант берді.
- Бүгінгі сабақта не өтілді? - Сабақ несімен ұнады?
VІ. Үйге тапсырма: 5 – жаттығу 60 бет.
VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Сөз және оның мағынасы Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Айзат Өмірзаққызы

№35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar