Сөздердің байланысу түрлері . Қиысу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 977
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 29/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18887


Ибраймова Дана Мусақызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы облысы, Панфилов ауданы
«Қожбанбет би атындағы орта мектеп» КММ
Сынып : 7 Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері . Қиысу.
Сабақ негізделген оқу мақсаты:(мақсаттары) Сөздердің байланысу түрлеріне қарай сөз тіркестерін ажырата білу. Қиысу туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Сөздердің байланысу түрлері мен қиысу туралы түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Қиысудың әрбір сыңары қай сөз табынан екенін біледі.
Кейбір оқушылар:
Қиыса байланысқан сөздердің құрамына талдау жасайды.Жасалуы мен ерешелігін ажырата алады.
Тілдік мақсат: Оқушылар ойларын жеткізе алады.салыстырады, пікірін айтады, дәлелдейді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Бастауыш пен баяндауыш, жіктік жалғауы , жақ категориясы
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
1. Синтаксис дегеніміз не?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
Талқылауға арналған тармақтар:
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Қиысу неліктен сөйлем болады?
Матасу меңгеру неліктен сөйлем бола алмайды?
Сөйлем ішінде қиысуды қалай табуға болады?
Қиысу қалай жасалады?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Ойға тірек болған сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрау
Алдыңғы оқу Синтаксис . Сөз тіркесі туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарлан ған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз Ресурстар
Басталуы
3 мин
2 мин Сәлемдесу. Түгендеу.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу (геометриялық фигуралар)
Ортасы
7 мин

3 мин

8 мин

6 мин

5 мин

7 мин

Рефлексия
2 мин Өткен сабаққа пысықтау жасау.
Сөздердің байланысу тәсілдерін еске түсіру
1 топ Синтаксис дегеніміз не?
2 топ Сөздердің грамматикалық байланысын түсіндір
3 топ Сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестері бір –бірімен қандай байланысу тәсілдері арқылы жасалады?
(Бағдаршам арқылы бағалау)
«Сәйкестік» тесті арқылы сөздердің байланысу тәсілдерін қалай меңгергенін тексеру.
Жалғау арқылы - тас жол, ағаш күрек
Шылау арқылы - бұл –кітап, ол - оқушы
Орын тәртібі - телефон арқылы әмір етті
Интонация арқылы - Дәркембайдан сұрасаң етті.
Өзара бағалау (Оқушылар тесті орындап болған соң бір-бірінің тестерін тексеріп, анықтайды, бағалайды)
Миға шабуыл
БББ кестесі
1. Балалар сөйлемдегі , сөз тіркесіндегі сөздерді тек байланысу тәсілдеріне қарай бөлеміз бе?
2. Мысалы: мен атамның үйіне әкеммен бардым деген сөйлемде ссөздердің байланысу тәсіліне қарай қарасақ , барлығы қосымша арқылы байланысып тұрғанын көреміз. Ал осы тіркестер байланысу түрлеріне қарай қалай ажыратылады?
3. Қандай түрлерін атап берер едіңдер?
4. Олар сөйлемде қалай байланысады ?
5. Байланысу түріне қарай сөз тіркесі нешеге бөлінеді?
6. Оларды бір – бірінен қалай ажыратамыз?
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс
(Ойлан, жұптас, бөліс әдісі)
Тақырыпты топта оқу, жұппен, топпен талдау. 1,2,3 топ Сөздердің байланысу түрлері , қиысу туралы бөлімін оқиды.Топта жұп болып бір –біріне айтып береді.Өз топтарында талқылайды. Постер қорғау. Ереже шығару.
Сызба кестеге сөздердің байланысу түрлері туралы түсінікті толықтырамын БББ кестесіне мәліметтерді жазу
243 – жаттығу Мәтінді оқып шығып әрбір сөйлемдегі сөздердің қиыса байланысқан түрін көрсет.Сөз тіркесінің әрбір сыңары қай сөз табынан болып тұр.
1 Өзі оқып шығады.Қиыса байланысқан сөздерді табу.
2. Жұбыңмен бөліс.
3 Қиыса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазу.(Топпен)
4.Әр топтан бір оқушы оқиды. Қай сөз табынан екенін айтады.Қалған оқушыларға мәтіндегі сөз тіркестерінің толық қамтылғанын қадағалауды тапсыру.Дәптерге жұмыс.
5. Тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап алу.
244-жаттығу
Ана тілі мәтінін оқушыларға оқыту. Ана тілі туралы оқушы пікірін тыңдау.(Оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөліседі, ана тілі туралы білетін өлеңдерін оқыту.) Шығармадан қиысудың ережесіне сай келетін сөз тіркестерін табу.
1-топ 1 абзац
2-топ 2 абзац
3 – топ 3 абзац
«Ыстық картоп» ойыны
Бүгінгі тақырыпқа байланысты кезекпен сұрақ қояды,оқушы жауап береді. Жауап берген адам сұрақ қояды. Осылай жалғаса береді.Мұғалім айтылған ойларды жинақтап қорытады.
БББ кестесін толтыру
Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады

Бағдаршам түстері
«Сәйкестік» тесті

БББ кестесі

Оқулық

Сызба кесте

стикер
Ақталуы
2 мин Үйге тапсырма беру
Қиысу. 245-жаттығу. Тәрбие.орг сайтынан Сөздердің байланысу түрлері . Қиысу Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ибраймова Дана Мусақызы

Пікірлер: 0

avatar