Сөздердің байланысу тәсілдері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1909
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 28/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18869


Қызылорда облысы Арал ауданы
Т.Г.Шевченко атындағы № 13 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Акзираш Диханова

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Сабақты мақсаты: білімділік - сөздердің байланысу тәсілдері туралы тереңірек мағлұмат беру, сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу тәсілдерін ажыратуға үйрету; дамытушылық - байқау, ойлау қабілеттерін жетілдіру, тапсырмалар беру арқылы шығармашылыққа баулу; тәрбиелік - әдемі, мағыналы сөйлеуге баулу, ауызбіршілікке тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, талдау, жеке, топпен жұмыс, Көрнекілігі: кестелер, үлестірме қағаздар Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту:1.Ұйымдастыру уақыты. 2. Өткенді еске түсіру ( Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақта алған білімдері еске түсіру) «Ұстаз сыры» атты тақырыпта жазып келген пікірлерін оқу. « Жуан-жіңішке» стратегиясы бойынша өткен материалды бекіту 1. Синтаксис нені зерттейді? 2. Сөз тіркесі дегеніміз не? 3.Есімді сөз тіркесі дегеніміз не? 4. Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер? II. Мағынаны тану: 1.Жаңа сабақты түсіндіру: Сөздер ойды білдіру үшін бір-бірімен белгілі бір грамматикалық байланысқа түседі. Сөйтіп барып сөйлем құрайды. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы әр түрлі болуы мүмкін, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсіл арқылы байланысады. Мысалы; Сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті. Бұл сөйлемде Сен сұрасаң етті-сұрасаң сөзіндегі –ң, жалғауы ж.ж. II. жағы арқылы, ақылды сұрасаң етті ақылды сөзіндегі –ды табыс септік ж. Дәркембайдан сұрасаң етті- Дәркембайдан сөзіндегі -дан шығыс септік жалғауы байланысқан. Осы сөйлемдегі сөздерді байланыстырып тұрған тұлғаларды алып тастасақ, сөйлем түсініксіз болар еді.Мағыналық жағынан бір-бірімен үйлескен сөздер ғана байланыс жасай алады. Сөздер белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысады. Осыдан байқағанымыздай, грамматикалық байланыс кем дегенде екі сөздің арасында болады. Грамматикалық байланысқа түскен сөздің саны үш, төрт я одан да көп болуы мүмкін. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады:
1. Жалғаулар арқылы 4.Интонация арқылы
2. Шылаулар арқылы 3. Сөздердің орын тәртібі арқылы
( Слайд арқылы сөздердің байланысу тәсілдерін түсіндіру.Мысалдарға тоқталу.)
Сабақты бекіту: Оқулықпен жұмыс: 232- жаттығу. Мәтіннен сөздердің байланысу тәсілдеріне мысал келтіріңдер. Үлгі Интонация арқылы байланысу: Әлемнің жеті кереметтерінің бірі- Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болатын. Тақтамен жұмыс: 233- жаттығу. Мақал – мәтелдің жалғасын жазып, мағынасын түсіндіру, байланысу тәсілдерін анықтаңдар. Үлгі: Қылышты қорқақты, сойылды батырды соғып алады.- қосымшалар арқылы байланысқан. 234- жаттығу. Қарамен жазылған сөйлемдердегі сөз тіркестерін анықтап, байланысу тісілдерін көрсетіңдер. Үлгі: Апельсин – жемістің ағашы.- есімді тіркес, интонация арқылы байланысқан. Өзіндік жұмыс: «Қатені түзеу» ойыны.
Сөз тіркесі Қатесі Дұрысы
1.Ізгілік кілті Шылау арқылы
2.Көпір арқылы өту Интонация арқылы
3.Абай - ақын Орын тәртібі арқылы
4.Досына арнады Шылау арқылы
5.Самал жел Жалғау арқылы
6.Адамзатты сүю Орын тәртібі арқылы
7.Білу үшін оқу Жалғау арқылы
8.Еңбектің сыйы Шылау арқылы
9.Қаныш Сәтбаев – ғалым Орын тәртібі арқылы
10.Ғажайып әлем Интонация арқылы
Шарты: сөздердің байланысу тәсілдерін дұрыс орналастыру. Сабақты қорыту:Топтық жұмыс: «Орнын тап» ( әр топқа бір сөйлем беріледі) Сөйлемді тиісті орындарына қойып оқып бер, байланысу тәсілдерін түсіндір: 1. Халқымыздың жасау бірі- дәстүрлерінің бастаңғы жақсы. 2. Білуі екенін міндетті біздің халқымызда әрбір бала шешесі жағынан да, әкесі жағынан да қандай кімдермен қажетті атаға дейін туыс. 3. Соң осыдан Абайды күтуге жіберілмей Тоғжан, кеп өзі отырған Найманның кемпірі бұл отауға. 4.Ел болуы дербес, тәуелсіз мемлекеттің әр- бастауы бақыттың барша. 5.Қазақстанды тәуелсіз мемлекет танып отыр ретінде барлық елі дүние жүзінің күнде бұл. Дұрысы: 1. Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі- бастаңғы жасау. 2. Біздің халқымызда әрбір бала әкесі жағынан да, шешесі жағынан да қажетті атаға дейін кімдермен туыс екенін білуі міндетті. 3. Осыдан соң Абайды күтуге Тоғжан жіберілмей, бұл отауға Найманның кемпірінің өзі кеп отырған. 4. Әр мемлекеттің дербес,тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы. 5. Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр.
Үйге тапсырма беру: Сөздердің байланысу тәсілдері. 237- жаттығу. «Ой түбінде асыл қазына бар» тақырыбында пікір жазыңдар.
Бағалау.

Сөздердің байланысу тәсілдері Мысалдар
Жалғау арқылы Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Шылау арқылы Туғандарына хабарын хат арқылы жеткізді.
Орын тәртібі арқылы Тас жолды ағаш күрекпен күредік.
Интонация арқылы Бұл –ұрыста ерекше ерлік көрсеткен қыз.
Ескерту: Көптік жалғауы тек I ,II жақтарда ғана сөздерді байланыстыра алады.
I . Оқулықпен жұмыс;
239- жаттығуды берілген шарты бойынша орындату.
II. Семантикалық картамен жұмыс
Сөз тіркесі Етістікті тіркес Есімді тіркес
Болаттың кітабы
Мен келдім
Қалаға барды
Үйдің есігі
Тез жүр
Қала өмірі
Әнші жігіт
Дұрыс жауаптың тұсына + белгісін қойыңыз

IV. Алыс, жуас, суық, көңілді, қараңғы сөздерінен тұрақты сөз тіркесін жаса.
V. Мен білімге жетікпін.
Осыдан соң Абайды күтуге Тоғжан жіберілмей, бұл отауға Найманның кемпірінің өзі кеп отырған.
V. 242-жаттығу ( берілген шарты бойынша орындау)
III. Толғаныс:
Сабақ барысында өтілген материал бойынша сұрақтар қойып сабақты бекіту.
Бағалау:
Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау:
Үйге тапсырма:
1. 241-жаттығу
2. Есіл бойында әңгімесінен сөздердің байланысу тәсілдеріне 5 мысал жазу.
Ақпаратпен бөлісу:

- «Қатені түзеу» ойыны.
Сөз тіркесі Қатесі Дұрысы
1.Ізгілік кілті Шылау арқылы
2.Көпір арқылы өту Интонация арқылы
3.Абай - ақын Орын тәртібі арқылы
4.Бақытты балалық Жалғау арқылы
5.Самал жел Орын тәртібі арқылы
6.Адамзатты сүю Жалғау арқылы
7.Білу үшін оқу Жалғау арқылы
8.Еңбектің сыйы Шылау арқылы
9.Қаныш Сәтбаев – ғалым Орын тәртібі арқылы
10.Ғажайып әлем Интонация арқылы
Шарты: сөздердің байланысу тәсілдерін дұрыс орналастыру. Тәрбие.орг сайтынан Сөздердің байланысу тәсілдері Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акзираш Диханова

Пікірлер: 0

avatar