Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 427
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 20/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22669


Сабак жоспары
Сабақтыңтақырыбы:Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп,жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық:Ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа,байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу;
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру,жаттығу,ойжинақтау.
Көрнекіліктер: тірек сызбалар, суреттер,
Сабақтыңтүрі: топтық жұмыс
Сабақтыңтипі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, көңіл-күйін сұрау, ауа-райын сұрау, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
а ) Ой қозғау кезеңі:Жырау дегеніміз кім, жыршы дегеніміз кім?
б) “Дулат жыраудың айтқаны” өлеңді жаттау.
в) Венн диаграммасы арқылы сызба жасау
2. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Интерактифті тақтадан: «Жаңа сабақтың құпиясы» көрсетіледі. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады,сол арқылы біз оларды бір-бірінен айыра аламыз.
М:ы аспан,бұлт- жер заттың атауы
жақсы, жылы, биік- заттың сапасы
бару, келу, оқу- қимылдың атауы. Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді.Тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мғыналары да болады. Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды.
М.ы:Мына берілген мысалдардан сөздің тура және ауыспалы мағынасын анықтап көрейік.Көздің жасы, жас адам, жасы үлкен,адамның беті, бетімен кету, адамның аяғы, сөздің аяғы, жиналыстың аяғы.
-Ал дұрыс-бұрысын байқап көрсек.
Көздің жасы -тура мағына
Жас адам -ауыспалы мағына
Жасы үлкен -ауыспалы мағына
Адамның беті -тура мағына
Бетімен кету- ауыспалы мағына
Адамның аяғы- тура мағына
Сөздің аяғы -ауыспалы мағына
Жиналыстың аяғы- ауыспалы мағына
- Дәптерлеріңізді ашып күн ретін жазыңыздар.Тақтада берілген тапсырмаға назар аударыңыздар. Берілген сөздерден тура және ауыспалы мағыналарды ажыратып жазыңдар.
Көз
Кілт
Өту
Терең
Күту
Тақтамен жұмыс жасалғаннан кейін тексеріп, келесі жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру үшін тапсырма беру (5 мин) аралығы.Өз беттерінше сурет салу арқылы жаңа сабақты түсінгендерін айтады.
-Балалар, сіздерді мен екі топқа бөлдім.Топ атауларын да қойып қойдық. «Ауыспалы» және «Тура» мағына деп атап алдық. Енді бүгінгі сабақты қалай меңгергендеріңді III –кезеңнен тұратын сұрақ-жауап және жаттығулар арқылы байқасақ.
I кезең Сұрақ-жауап кезеңі.
«Тура мағына» тобыныңсұрақтары
. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
. Туынды мағына қалай пайда болады?
2. «Ауыспалы мағына» тобыныңсұрақтары.
. Ауыспалы мағына дегеніміз не?
. Сөздің тура мағыныасы мен қолданыстағы мағынасын қалай ажыратуға болады?
II кезең Сөйлем құра кезеңі
Сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
«Тура мағына» тобы тура мағынада, «Ауыспалы мағына» ауыспалы мағынада.
Тұтқа, жүрек, бас, аяқ, көз.
III кезең Мақал-мәтел жарысы
Шарты: Ауыспалы және тура мағынада қолданылған сөзі бар мақал-мәтел айтады.
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабақты жақсы меңгергендеріңді байқадық. Енді оқулықпен жұмыс кезеңіне өтейік.
44- жаттығу Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
Жаңа сабақты қортындылау кезеңі.
Оқушылардың білімдерін пысықтау:
Тест сұрақтары
Үй тапсырмасын беру.
43-жаттығу
Бағалау кезеңі: Топтағы оқушыларды бағалау
Рефлекция кезеңі: Тәрбие.орг сайтынан Сөздің тура және ауыспалы мағынасы Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймуратова Бекзат

Пікірлер: 0

avatar