Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 492
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19939


Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары
Жалпы мақсат: Оқушылар сын есімнің шырайлары туралы түсініктерін кеңейтеді.Салыстырмалы шыраймен танысады, шырай түрлерінен ажыратады.
Сілтеме : «Қазақ тілі» жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған оқулық С.Исаев,Г.Қосымова «Атамұра»2012

Оқу нәтижесі: Сабақ оқушыларды оқуы үшін жауаптылыққа, қалыпты емес ойлау тәсілдері тақырыпты түсінуге ынталандырады.
Түйінді идеялар : «Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, араласпаңыз.Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды және оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді» «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау»(1998)
Сабақта қолданы
латын материал
дар : А4 парақтары, парақшалар,тақырыптық презентациялық жазбалар, үлестірме парақтар
Оқыту әдістері: 1.Топтық жұмыс
2.Жеке жұмыс
Тапсырмалар Оқыту барысындағы мұғалімнің әрекеті/жетелеуші сұрақтар Оқушы әрекеті
Психология
лық ахуал туғызу
2 минут Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, топқа бөліну ұсынылады. -Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.
-Еркін сөйлеу дағдысы оянады

I тапсырма
«Ой шақыру»
5 минут Бірнеше үлкенді-кішілі ,түрлі түсті суреттер көрсетіледі.Түстерді бір-бірінен айырмашылығы бойынша топтау ұсынылады.
-Не байқадыңыз?
-Бір тектес сындардың әр түрлі дәрежеде болуы туралы не айта аласыздар?
-Сын есімнің шырайы дегеніміз не? - Ұсынылған тапсырманы орындай отырып, тақырыпқа қатысты өзіндік қорытынды шығарады.
-Бұрынғы білімдерін қолданады.
II тапсырма
«ДЖИГСО»

Оқушылар топтарға бөлінеді.Топтарға бөліне отырып, әр топта ұсынылған ақпараттармен танысады.Оларға қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу тапсырылады. Жинаған мәліметтерін тірек сөздер арқылы түсіндіреді.
I топ:
-Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрін салыстырмалы шырай деп аталады.
-Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:-рақ,-рек,-ырақ,-ірек,
-лау,-леу-дау,деу,-тау,-теу;
II топ
-Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:-ғыл,-қыл,-ғылт,-қылт,-қылтым,-шыл,-шіл,-шылтым,-шілтім;
III топ
-Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:-ғыш,-ілдір,-аң,-қай,-ша,-ше;
Білімді жинақтау үшін берілетін тірек сөздер:Салыстырмалы шырай, Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар,-рақ,-ғыл,-ғыш,-шыл,-аң -Жаңа оқу материалымен танысады,түсінеді;
-Өздері үшін керекті мәліметтер жинайды;
-Таныстырылым үшін ұсынылған мысалдар мен ұғымдарды түсінеді,ажыратады.
-Өзара тақырыптық талқылау арқылы тілдесім дағдылары жетіледі,бірін-бірі түзетеді;
-Топта жүргізілген өзара талқылау,талдау арқылы ЖАДА тиімділігін көреді.
-Ұсынылған мәліметтерді қолдана отырып,қайтадан тақырыптық мәтін құрастырады.
III тапсырма
50-жаттығу.

Қалыптасты
рушы бағалау

«Айналмалы бекет»

Ауызша кері байланыс Оқушыларға балалардың потретін жасауға қатысып тұрған сапалық сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдыру тапсырмасы ұсынылады. Сағаттың бағытымен айнала жүріп, орындалған жаттығуларды тексеру тапсырмасы жүктеледі.
Iтоп.Бораш бір ақ құба ғана емес, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей.Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай.
II топ. Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген тобылғы торы екен.Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, Кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала.
III топ.Келте мұрын, аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді.Табаны жалпақ та,тайпақ та емес, аяғының үсті биік,бар денесі шақпақтай.
-Өздеріңізге берілген тапсырманы орындай отырып,басқа топты да тексеріңіздер.
-Жұмыс қорытындысы үшін бір-бірлеріңізді жұлдызшамен бағалаңыздар.

-Тапсырманың қиын тұсы болды ма?
-Қандай қателік кетті?
-Бұлайша қателесудің себебі неде?Неге назар аудару керек?
-Оқушылар толық қамтылады;

-Жаттығу барысында теориялық білімдерін қолданады;

-Салыстырмалы шырай жасайды;

-Оқуы үшін бағалану жауаптылығын сезінеді;

IV тапсырма
«Шаршы»

Ауызша кері байланыс
Оқушыларға түрлі түсті стикерлер ұсынылады.Алынған білімді жинақтау,өзін-өзі әділ бағалау ескертіледі.
Сары:Қайталау керек
Қызыл:Түсінбедім
Жасыл:Бәрі түсінікті
Білімді қорытындылау үшін қойылатын сұрақтар:
-Салыстырмалы шырай дегеніміз не?
-Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтарды атаңдар? -Өзіндік білімдерін бағалай алады;

-Теориялық білімдерін жинақтай алады;
Рефлексия
Стикерлер ұсынылады
«Сабақтан қандай әсер алдыңыз?» Сабақтан алған әсерлері мен пікірлерін жазады.
Бағалау
Үйге тапсырма: 51-жаттығу.Үйден бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазыңдар.Оған салыстырмалы шырайды көбірек қолданыңдар. Тәрбие.орг сайтынан Салыстырмалы шырай, жасалу жолдары Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қосымбаева Қатира Жауынқызы

Атырау облысы, Атырау қаласы, №11 Ы.Алтынсарин орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Пікірлер: 0

avatar