Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер
  • 09.12.2016
  • 183 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20440

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Тақырып.
Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер

Пәні: Қазақ тілі
Мұғалім: Урманова Вазира
Сыныбы: 4 «В»
Мерзімі: 24.11.2016

«Ибрагим ата» жалпы орта мектебі
2016 жыл

Ашық сабақ
Тақырып: Сан есімнің түрлері.
Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімдік: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін толықтыру.
Есептік сан есімдермен таныстырып, олардың ерекшелігін
меңгерту. Берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беру.
Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі
тапсырмалар беру.
Ә) Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу. Қазақ
халқының асыл мұрасы мақал-мәтел үлгісінде тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру. Ынта
қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру.
Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ана тілін жетік біліп,
оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Ой-толғаныс ,
ұжымдық талдау, ой қорыту, танымдық ойындар,
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, сурет, таблица, портрет, сандар.

Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен сәлемдесу),
Вассерман әдісімен
Өткенді пысықтау.
( оқушылардың назарын тақтаға аудару)
1. Сан есім деген не?
2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?
3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
4. Сан есім қатысқан мақал – мәтелдерді айт (3 топ)
5. Сан есімді септе.
6. Сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыр
7. Сандар сөйлейді:
1.1845 жыл
2. 1991 жыл
3. 1989 жыл
4. 1941-1945 жылдар
Сан есімді қатыстырып, өзің туралы айт ? (екі сөйлем)
Ақмола облысы, Көкшетау қаласына биыл неше жыл толды?
Қорытынды сөз
Балалар, сонымен біз сан есім туралы өткенді есімізге түсірдік. Ендеше әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз. Бүгін біз сабағымызда Сан есімнің мағыналық түрлері соның ішінде есептік сан есім және реттік сан есім туралы өтеміз:
Ендеше дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Сурет бойынша жұмыс (санау)
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: бес, он екі, жүз, тоғыз жүз бір.
Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
(оқушылар шығып жазады).
Сан есімнің жазылу емлесі:
1. Мен биыл 6-сыныпқа барамын.
2. Сен «Абай жолы» романының II томын оқыдың ба?
Ескерту: 3. 2009 жыл, 22 наурыз.
(оқушыларға мысалдарды оқыта отырып, өздеріне ереже шығарту)

Соңында мұғалім өзі ережесін айтып береді.
Мұғалімнің айтуымен тақтаға сан есімді сөз тіркесін жазу.
1. Мен 2-қатарда отырамын.
2. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.

Кітаппен жұмыс.
Қ.Қайсеновтің портреті (Ол кім? Түсіндіріп кету).
(Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған жаттығу.)
162-жаттығу.
1 топ (дауыстап оқиды)
2 топ (мазмұнын айтады)
3 топ (сан есімдерді табады).
Соңында 3 топ та сан есімдерді дәптерлеріне жазады.

1. Сөздік жұмысы:
Фашистер- итальян сөзі, түйін, бірлесу дегенді білдіреді. Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік күштерге тойтарыс берілді.
Белоруссия- ұлт өкілдерінің аттары.
Хатынь- Белоруссияның бір селосы.
Талдау жұмысы:
1. Қ.Қайсенов екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен.
2. Үш жылдың ішінде (морфологиялық талдау)
«Ой толғаныс стратегиясы» (сурет) 3 топ
(оқушының берген білімді дұрыс және толық қабылдауына көз жеткізу).
Еркін жазу, шығармашылыққа баулу.
Мұғалім қортындылайды. Балалар жаңа тақырып бойынша сұрақтарың бар ма?
Үй тапсырмасы. 166-жаттығу. 80 -бет. Ереже. 5 мақал
Еңбектерін бағалау.

І. Сабақтың тақырыбы: Тіркесті сөздер.
а) Көрнекілігі: кеспе карточкалар, таблица, суреттер, инт ерактивті тақта.
ә) Әдіс-тәсілі: проблемалық жағдаят тудыру, ұжымдық талдау, ой қорыту, көрнекілік
әдісі, интерактивті тақтамен жұмыс, танымдық ойындар.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
1. білімділік: оқушылардың дара және күрделісөздер туралы білімдерін толықтыру, тіркес сөздермен таныстыру, олардың ерекшілігін меігерту.
2. тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіру, тілдік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
3. дамытушылық: фонетика, лексика тараулары бойынша меңгерген білімдеріне сүйене отырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенділігін арттыру, ана тілін жетік біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақ өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау
а) 103- жаттығу.
ә) Үлестірмелу карточка бойынша:
№ 1 . Қысқарған сөздермен сөйлем құра.
МАИ (мемлекеттік автомобиль инспекциясы)
ТУ-104 (ұшақ түрі).
Пединститут, кг.
№ 2. Күрделі атаулар қандай жолдармен қысқартылады?
(Мысал келтір)
№ 3. Оқу-ағарту сөзіне сатылай комплексті талдау жаса.
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: оқу-ағарту
2. тұлғасына қарай – туынды (себебі,аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі туынды түбірдің қосарлануынан жасалған туынды сөз).
3. Құрлысына қарай – күрделі қос сөз.
4. Қосарлама қос сөз, себебі екі басқа түбірдің қосарлануынан жасалған.
5. Екі сыңары да мағыналы.
6. Қос сөздің екі сыңары да қосымшасыз.
7. Сөзде бір лексикалық екі грамматикалық мағына бар.
8. Мағынасы – жалпы ұғымға берілген атау.
9. 1 – граматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім.
10. Оқу – ағарту – не? Деген сұраққа жауап береді.
11. Мағынасына қарай: жалпы, дерексіз.
Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беру.
(өткен тақырыптарды еске түсіру)
(ой қозғау әдісі бойынша сұрақтар)
(сын тұрғысынан ойлау)
1) Сөздердің түрлері, олардың айырмашылығын ата.
2) Күрделі сөздердің түрлерін ата.
3) Біріккен сөздерге мысал келтір.
4) Кіріккен сөздерге мысал келтір.
5) Қысқарған сөздерді қалай түсінесің?
IV. Жаңа сабақ түсіндіру.
1. Кіріспе сөз: Ал енді, балалар, сендер бүгін күрделі сөздердің тағы бір түрі – тіркесті сөздер туралы танып білесіңдер.
Сабақтың мақсаты: тіркес сөздердің жасалу жолдары мен олардың ерекшілігін меңгересіңдер. Сонымен бірге жаттығу жұмыстарын орындап күрднлісөздерді тауып, талдау жұмыстарын жүргіземіз.
Дәптерлеріне мысал жазғызу.
Біз Көкшетауда тұрамыз. Біз Көкшетау қаласында тұрамыз.
Сұрақ-жауап, әдісі бойынша ережесін оқушылардың өздеріне айтқызу.
Ережесі: Екі я оданда көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздердеп аталады. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бір-бірінен бөлек жазылады.
Тіркесті сөздерге: ( тақтадан жазу)
1. Күрделі зат есімдер (мәдениет сарайы, ауыл шаруашылығы)
2. Күрделі сын есімдер (қыр мұрынды, ат жақты, ұзын бойлы)
3. Күрделі сан есімдер (32, 280,, т.б.)
4. Күрделі үстеулер (күні бойы, ала жаздай, ...)
V. Кітаппен жұмыс.
52-бетте 107- жаттығу. Топпен жұмыс (тақтада тапсырма берілген).
І-топ. Мазмұнын ашу.
ІІ-топ. Тірек сөздерге түсінік беру.
ІІІ-топ. Мәтіннен тіркесті сөздерді табу, жазу (3 топ бәрі жазады).
Тақтада: Кеңес Одағының (сөз құрамына қарай талдау).
құрылысына қарай - күрделі сөз, екі сөздің тіркесуі арқылы жасалған,
1. Кеңес – түбір сөз,
2. Одақ – негізгі түбір сөз, кейінді ықпал, ы – тәуелдік жақ ІІІ, ның – ілік септік.
тірек сөздер:
1. Кеңес Одағы – 15 ел бір бүтін болып отырғанда Кеңес
Одағы болған,
2. Түркістан-киелі жер,
3. Т.Рысқұлов-мемелекет және қоғам қайраткері, ұлт
азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы.
4. 334 МТС, совхоз,
5. ҚСЭ – қазақ совет энциклопедиясы.
109-жаттығу (53-бетте).
Мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқып, құрамындағы күрделі сөздерді түріне қарай ажырату.
1. Балуан Шолақ туралы.
Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың халық сазгері, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған , әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде атығай, қарауыл руларының арасында өткен.
Балуанның әкесі Баймырза қара күшке мықты болғанмен, өз төңірегінде танымал ағаш шебері болыпты. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, тендессіз алып күштің иесі болған.
Мұның үстіне ән-күйге деген құштарлығы ерте оянып, Біржан сал, Ақан серілердің әндерін бабына келтіріп, тамылжыта орындыйтын болады.
Бойына бірнеше өнерді жинаған дарынды жас бертін келе қасына өзіндей өнерпаз жастарды жинап, ойын – сауық жасайды. Ел аралап, небір өнерпаздармен танысыды. Әндерін өзі сүйіп орындайтын Арқа сазгерлерінің әншілік – шығармашылық дәстүрін берік ұстанып енді өзі де ән шығара бастайды. Ол шығарған: Көкшетау, Желдірме, Ащылы-айырық, Дікілдек, Қос перне, Құлан кісінес әндері Арқа өңіріне кеңінен тарап, көпшіліктің сүйіп тыңдар әніне айналады. Оның әндерін әуендегі батылдық, өршіл мінез Балуан Шолақтың өзінің шамадан тыс қайрат-күшін байқатып тұратындай тым жігерлі болып кедеді.
Балуан Шолақтың атын алысқа жайған атақты әнінің бірі – «Ғалия». Бұл – мөлдір махабатты сазды әуен, нәзік сезіммен жырлаған ғашықтар әні. Музыка зертеушілері бұл әнді Балуан Шолақ шығармашылығының шырқау биігі деп бағалайды.
Өмірінің соңғы кезінде Жетісуға арнайы ата – жұртын іздеп барып, ондағы ағайын туыстармен танысып қайтады. Осы сапарында Арқаның көптеген әндерін Жетісуға жеткізеді.
Белгілі музыка зерттеушісі А.В. Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.
Сан өнерімен халқым риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтылу сал – серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің туған жері Өзектісайда қайтыс болады.
Мәнерлеп оқу.
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың қырық бұзар тау мен тасын.
Кешегі қыркүйектің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Өз атым әкем қойған Нұрмағамбет,
Халқымнан көріп жүрмін қадір-құрмет,
Алатау, аз күн жаттым аунап-қунап,
Дертіме дәрі бердің жүрген улап.
Көргенше енді айналып қош, аман бол,
Ұлысы ұлы жүздің Үйсін, Дулат!
49 мүшел жас туралы.
2. Күрделі сөздерді табу (дәптерге жазу).
VI. Жаңа сабақты пысықтау.
Тіркесті сөздерді құрастыр:
ұзын сағат
алтын бойлы
күн кемесі
жер жүзі
ғарыш сәулесі
көк ала
он алты
Көп нүктенің орнына керекті сөз тіркесін қойып жазу.
Ол ... жасқа толыпты.
Жазушы М.Әуезовтың ... романын жұртшылық қызығып оқыды.
... Көксеректің артынан мылтық дауысы гүрс етті.

ЕСКЕРТУ: Тұрақты сөз тіркесінен айырмашылығы.
Мысалы: Екі жүзді адамнан сақ бол.
Екі жүз адам келмекші.

VII. Үйге тапсырма: 108-жаттығу (күрделі сөздерді теріп жазу)
110-жаттығу (1.2. сөз құрамына талдау ж)
Мысалы: баланың бас ұстазы – ата-анасы.
VIII. Қорытынды баға.
Уақыт қалса. Жарыс ойыны.

Қысқарған
2) Тапсырма: Досыңның сыртқы түр толғасын суреттеп бер.
Мысалы: Менің досым орта бойлы, қыр мұрынды, жылы жүзді адам.

Сұрақтар: 1. Тіркесті сөздер деп қандай сөздерді атаймыз?
2. Оларға қандай сөздер жатады?
3. Тұрақты тіркестен айырмашылығы қандай? Тәрбие.орг сайтынан Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Урманова Вазира Абдивалиевна

ОҚО Сайрам ауданы «Ибрагим ата» жалпы орта мектебі Қазақ тілі пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 183 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar