Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 768
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 16/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20536


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Тақырып.
Сан есімнің түрлері.
(Есептік , реттік сан есімдер)

Пәні: Қазақ тілі
Мұғалім: Жолжанова Гулзипа
Сыныбы: 7 «В»
Мерзімі: 21.11.2016

№11 «Манкент» жалпы орта мектебі
2016 жыл

Ашық сабақ
Тақырып: Сан есімнің түрлері.
Есептік , реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімдік: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін толықтыру.
Есептік сан есімдермен таныстырып, олардың ерекшелігін
меңгерту. Берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беру.
Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі
тапсырмалар беру.
Ә) Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу. Қазақ
халқының асыл мұрасы мақал-мәтел үлгісінде тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру. Ынта
қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру.
Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ана тілін жетік біліп,
оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Ой-толғаныс ,
ұжымдық талдау, ой қорыту, танымдық ойындар,
түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, сурет, таблица, портрет, сандар.

Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен сәлемдесу),
Вассерман әдісімен
Өткенді пысықтау.
( оқушылардың назарын тақтаға аудару)
1. Сан есім деген не?
2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?
3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
4. Сан есім қатысқан мақал – мәтелдерді айт (3 топ)
5. Сан есімді септе.
6. Сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыр
7. Сандар сөйлейді:
1.1845 жыл
2. 1991 жыл
3. 1989 жыл
4. 1941-1945 жылдар
Сан есімді қатыстырып, өзің туралы айт ? (екі сөйлем)
Ақмола облысы, Көкшетау қаласына биыл неше жыл толды?
Қорытынды сөз
Балалар, сонымен біз сан есім туралы өткенді есімізге түсірдік. Ендеше әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз. Бүгін біз сабағымызда Сан есімнің мағыналық түрлері соның ішінде есептік сан есім және реттік сан есім туралы өтеміз:
Ендеше дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Сурет бойынша жұмыс (санау)
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: бес, он екі, жүз, тоғыз жүз бір.
Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
Есептік сан есім
Дара күрделі
Реттік сан есім
ншы ыншы
нші інші
алтыншы екінші тоғызыншы бесінші

(оқушылар шығып жазады түсіндіреді).
Жеті, тоқсан бір, елу бесінші, елу, он екінші, алпыс алтыншы
(оқушыларға мысалдарды оқыта отырып, өздеріне ереже шығарту)
Соңында мұғалім өзі ережесін айтып береді.
Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді Ескерту: 3. 2009 жыл, 22 наурыз.
(оқушыларға мысалдарды оқыта отырып, өздеріне ереже шығарту)

Соңында мұғалім өзі ережесін айтып береді.
Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді. Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім деп атайды: екі, алты, жеті.
Нешінші? Сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды: екінші, алтыншы, жетінші.
Реттік сан есім есептік сан есімге –ыншы, інші, ншы, нші, жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
18-жаттығу көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.
Бір қатар – бірінші қатар, үш орын – үшінші орын
*Реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу. *Әр қатардағы сан есімдерге сұрақ қой. Олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндір.
Мұғалімнің айтуымен тақтаға сан есімді сөз тіркесін жазу.
1. Мен 2-қатарда отырамын.
2. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.

Кітаппен жұмыс.
19-жаттығу Тақтада балалар орындайды, реттік сан есімдерді сөз құрамына талда. Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі –ншы, ыншы, болу себебін түсіндіреді
Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы,
отызыншы
(Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған жаттығу.)

1 топ (дауыстап оқиды)
2 топ (мазмұнын айтады)
3 топ (сан есімдерді табады).
Соңында 3 топ та сан есімдерді дәптерлеріне жазады.

Математика пәні бойынша ой қозғау:
1.Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (түйеқұс ұшпайды)
2.Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (бір адамның)

«Кім шапшаң?» ойыны. Сан есімді тез табу.
1. Жеті атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға қырық үйден тию.
3. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5. Білгенің бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.
6. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
«Цифрды тап» логикалық ойын
Шекілдеуік- ш+2+лдеуік Күшік- к+3+ік Тіктөртбұрыш- тік+4+бұрыш Сөнбес- сөн+5 Малты- м+6 Жетісай- 7+сай Сегізкөз- 8+көз Тоғызқұмалақ- 9+құмалақ Қонақ- қ+10+ақ Желтоқсан- жел+90 Түбір тү+1 Бірқазан 1+қазан Алтынай 6+н+ай Алтынгүл 6+н+гүл Елубай 50+бай Күш к+3

Әзілді – логикалық сұрақтар.
1. 1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4 - ке көбейтіңіз!
3) Оған 18 - ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2 - ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7 - ні алыңыз!
6) 3 - ке көбейтіңіз!
7) 6 - ға бөліңіз!
Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады. Осы 1 саны есептік пе әлде реттік пе? есептік

1. Сөздік жұмысы:
Фашистер- итальян сөзі, түйін, бірлесу дегенді білдіреді. Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік күштерге тойтарыс берілді.
Белоруссия- ұлт өкілдерінің аттары.
Хатынь- Белоруссияның бір селосы.
Талдау жұмысы:
1. Қ.Қайсенов екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен.
2. Үш жылдың ішінде (морфологиялық талдау)
«Ой толғаныс стратегиясы» (сурет) 3 топ
(оқушының берген білімді дұрыс және толық қабылдауына көз жеткізу).
Еркін жазу, шығармашылыққа баулу.
Мұғалім қортындылайды. Балалар жаңа тақырып бойынша сұрақтарың бар ма?
Үй тапсырмасы. 166-жаттығу. 80 -бет. Ереже. 5 мақал
Еңбектерін бағалау.


ЕСКЕРТУ: Тұрақты сөз тіркесінен айырмашылығы.
Мысалы: Екі жүзді адамнан сақ бол.
Екі жүз адам келмекші.

VII. Үйге тапсырма: 108-жаттығу (күрделі сөздерді теріп жазу)
110-жаттығу (1.2. сөз құрамына талдау ж)
Мысалы: баланың бас ұстазы – ата-анасы.
VIII. Қорытынды баға.
Уақыт қалса. Жарыс ойыны.

Қысқарған
2) Тапсырма: Досыңның сыртқы түр толғасын суреттеп бер.
Мысалы: Менің досым орта бойлы, қыр мұрынды, жылы жүзді адам.

Сұрақтар: 1. Тіркесті сөздер деп қандай сөздерді атаймыз?
2. Оларға қандай сөздер жатады?
3. Тұрақты тіркестен айырмашылығы қандай? Тәрбие.орг сайтынан Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жолжанова Гүлзипа

№11 «Манкент» жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar