Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы
  • 02.04.2016
  • 656 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18351

Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
Қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі
Бегалина Әсел Ержанқызы

Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы.

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден- бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай- ақ рухани жан дүниесі бай, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу- осы ұстанымдардан туып тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің басты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды- тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.
Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін.
Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.
Жұмысты жүргізу әдістері:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:
• Стрела әдісі:
Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.
• Бумеранг әдісі:
Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.
• Лоскутная:
Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.
• Бейне диктант:
Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.
• Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:
Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.
• Оқытудағы практикалық әдістер:
Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.
• Сыныптан тыс -жұмыстарды өткізу әдістері:
Үйірмелер, кездесулер, конкурстар, конференция, олимпиадаларды ұйымдастыру.
• Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:
Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.
• Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау:
Оқушыны өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.
• Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер:
Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру.
Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді.Адамның айналасын танып білуде жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес,оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сиппаттамасы. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өмірге қол жеткізуінде,екінші жағынан ізденіс процесінің мәнділігінде.Адам шығармашылық нәтижесінде ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззәт алуға қабілетті.
Зерттеу мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық ізденушілік кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі:«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біріншісі-ішсем, жесем, ұйықтасам» деп туады. Екіншісі — көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, ол неге үйтеді ,бұл неге бүйтеді деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін, тыныштық көрмейді ,- деген ой- тұжырымды растайды.
Елімізде шығармашылықтың дамуы туралы арнайы зерттеп жұмыстарын жазған психолог – ғалымдар Т.Тәжібаев, Ж.Аймауытов, Қ.Рахымбаева, С.Бердібаева, Б.Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған.» Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.
Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:
-жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;
-іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
Мектеп қабырғасында жақсы да,жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету.
Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл – ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық , яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру; оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу; шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту; оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білу керек. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жаза алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге , қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жазғанына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу –жасқаншақ немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі жалқаулыққа жеңдіреді. Міне осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштау ұстазға байланысты.
Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі.Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Шығармашылық жұмыстың түрлері.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс.Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор.Жазба жұмыстар олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі.Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын.
Шығармашылық жазба жұмыстары -тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт – бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Шығармашылық жұмыс табиғаттың төл перзенті адамның көңіл күй, ой-толғам болмысына, сыртқы дүниені танып білу, ұмтылу мүмкіндігіне де байланысты.
Жазба жұмысын барлық сыныптарда үнемі өткізіп отырған тиімді.
Жалпы білім беретін мектептерде 5 сыныптан бастап диктант түрлерін, жазба жұмыстарын өткізуге болады.
Сөздік диктант- барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі жаңа грамматикалық тақырып, мәтін, сурет,түрлі жаттығу жұмыстарынан кейін өтілген материалдарды пысықтаудың ең тиімді жолы болып есептеледі.
Шығармашылық дикатант.Диктанттың бұл түріне сөйлем мүшелерінің орын тәртібі бұзылып,шашыранды сөз түрінде берілген сөйлемдер алынады.
Бақылау диктанты- барлық сыныптарда оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіледі.Диктанттың бұл түрі белгігі бір тақырып өтілгеннен кейін жүргізіледі. Бақылау диктантын жазуға төселудің шарты- оқылған сөйлемдерді , сөздерді, бірден ұғып алып, жадында сақтап жазуға үйрету.
Оқушылардың білімін сынауға арналған тағы бір жазба жұмысының түрі- сұрақтарға жауап жазу. Сұрақтар алынған мәтінді қайталауға, немесе белгілі бір тақырыпқа берілген суреттер, диафильмдер бойынша қойылуы мүмкін. Жауаптары бағаланғанда оның мазмұнына, сөйлем құрлысының дұрыстығы, орфографиялық сауаттылығы ескеріледі.
Диктант, жазба жұмыс түрлерін оқушылардың жас ерекшілігіне, топтың қабылдау қабілетіне қарай, оқу материалының күрделілігіне байланысты жеңілдетіліп немесе қиындатып отыруға байланысты жеңілдетіп немесе қиындатып отыруға болады.
Біздің ұстаздық міндетіміз – жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына дарыту- дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жақындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту білім саласындағы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады.
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді пайдалдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:
• Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
• Жеке тұлға өз жұмысының нәтижесін көре алады;
• Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;
• Ой-өрісі дамиды;
• Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыру.
«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтаймын.

Белқопа орта мектебі


Баяндама






Оқыған: Ә.Е.Бегалина

2016 жыл Тәрбие.орг сайтынан Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бегалина Әсел Ержанқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 656 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar