Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сын есім
  • 08.01.2017
  • 55 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20891

Сабақтың тақырыбы:Сын есім
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сын есім туралы түсінік беру, оның өзіндік ерекшеліктерін таныту;
2. Өз ойларын дәлелдей білуге, мәтінді түсінуге үйрету. Сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Сауатты жазу дағдыларын арттыру, табиғаттағы тіршілік иелерінің әдемілігін, сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, интерактивті тақта, сызба, ойын, слайд.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезені.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 334-жаттығу
III. Өткен материалды қайталау:
Тест тапсырмалары
1. Жалғауы бар сөзді тап;
А. Үйшік Ә. Далада Б. Биші
2. Түбір сөзді тап:
А. Теңізші Ә. Қол Б. Орындық
3. Зат есімді тап:
А. Шегеле Ә. Кереге Б. Кіреді
4. Күрделі етістіктерді тап:
А. Қызыл гүл Ә. Әдемі гүл Б. Гүлдеп тұр
5. Жұмбақтың шешімі кайсы?
Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде
Көзіне саусақ саласың,
Жарықтан хабар аласын.
А. Хат Ә. Телефон Б. Радио
6. Жалаң сөйлемді тап
А. Қасқыр ұзақ ұлыды
Ә. Қасқыр ұлыды
Б. Қасқыр аспанға қарап ұлыды
Тест тапсырмаларын тексеру, бағалау.
Қосымша сұрақтар қою.
IV. Жаңа сабақ. А. Ой қозғау
- Қандай сөз таптарын білеміз?
- Зат есім, сан есім, етістік дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанатты көбелек,
Бақшамызға келеді.
- Балалар, осы өлең жолдарындағы сын есімді тауып көрейікші.
Ә. Мағынаны тану:
1. Сөйлемдер жазылған кесте ілінеді және осы кесте бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі.
Сөйлемдерден қандай, қай деген сұраққа жауап беретін сөздерді табу.
жақсы әдепті жаман ақ қар қызыл гүл көк көбелек

тәтті алма дәмді тағам тұщы құрт үлкен бөлме кең сынып ұзын көше

Осы оқыту әдісі бойынша, осылай сын есімдерді топтау арқылы түсіндіру.
V. Дәптермен жұмыс.
Күн ретін, тақырыбын жаздыру.
363-жаттығу. Ауызша орындау .
1. Өлеңді мәнерлеп оқы.
2. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
3. Оларды қай сөз табы екенін айт.
Мың құбылды қырдағы,
Әннің әсем ырғағы.
Күміс қанат бозторғай,
Күнді мақтап жырлады.
Әнші аспанда қалқып тұр,
Әуеледі шалқып жыр.
Жусанды кең даланың
Жұпар иісі аңқып тұр.
VI. Сергіту сәті.
364-жаттығу
1. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жаз.
.... мақта .... алма
.... айран .... дала
.... тау .... көл
Керекті сөздер: қою, кең, ақ, тәтті, биік, терең.
365-жаттығу.
1. Мақалды жатқа жаз.
2. Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
Ойын: «Орнымды тап».
366-жаттығу.
1. Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жаз.
Құрғақ, тәтті, жақсы, қоңыр.
Құрғақ Тәтті Жақсы Қоңыр
топырақ



VII. Жаңа сабақты бекіту
Венн диаграмасы
Зат есім Сын есім


Ассоциациялық аймақ құру.
«Қ» Дыбысынан басталатын сын есімдерді еске түсіріп жіберейік.

Қара Қапырақ

Қышқыл Қызыл

Қыңыр Қоңыр

VIII. Үйге тапсырма беру.
IX. Бағалау.

Көкшетау қаласы
№21 орта мектебі

Тақырыбы : Сын есім

( қазақ тілі 3 сынып)

Дайындаған : Каирбекова А.О
бастауыш сынып мұғалімі Тәрбие.орг сайтынан Сын есім Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каирбекова Айжан Ормуханбетовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: есім, сын, Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 55 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar