Сын есім

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 934
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 06/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22760


Пәні:
Қазақ тілі Уақыты:15.03.2017ж Кабинет: 223 Мұғалім:
Серкебаева М.К
Тақырыбы: Сын есім
Мақсаттары : Сын есімді біледі. Сұрақ қою арқылы сөйлем ішінен сын есімді таба біледі. Сын есімнің қарама-қарсы мағынадағы сөздерді таба біледі.
Түрлі тапсырмалар орындау барысында жаңа сөздерді меңгереді.
Жануарларды қорғау қажеттілігін түсінеді.Бір-бірін тыңдауға,өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
(СТО) стратегиялары, сәйкестендіру, АКТ

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос міне менің қолым! Оқушылар мұғаліммен бірге айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Мағынаны тану

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ бейнебаянға назар аударайық.
Біз бүгін бас қаламыз Астанадағы зообаққа саяхатқа барамыз.
Ол жақа бару үшін бізге көлік керек .
Теміржол бекетіне барып билет алып,барлығымыз вагонға мініп кеттік.
(бейнебаян)
Жеттік міне Астанаға,енді біз зообаққа кіру үшін билет алуымыз керек.
Билетті алдық енді зообаққа кіреміз.
Қараңдаршы аю өте керемет жануар.
Аю қандай?
Өте жақсы жарайсыңдар.
Аюдың ең сүйікті тәтті қорегі?
Аюға тәтті балды беру үшін біз тапсырманы орындауымыз қажет. Сонда біз аюға бал бере аламыз.

І.Білу
«Жасырын сөз»
Мына суретке қараңдаршы жасырын сөз тапсырмасын орындап көрейікші.
Ащы ,ыстық ,тік, сұр, деген сөздер шықты.
Ал енді не байқадық?
Заттың түрін ,түсін,сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.сын есімдерге қандай қай сұрақтары қойылады.
жарайсыңдар!

- Түсіну
- Мәтінмен жұмыс.
- Балалар тізбектеп оқып шығайық.
- Автор құстарды және балықтарды қандай белгі бойынша салыстырады?
-
- Салыстыру үшін қолданылған сөздерге сұрақ қой.
- Сын есімдерді қарама-қарсы мағынада жазып көрсетіңдер.
- Дәптермен жұмыс
- Дәптерге бүгінгі күннің жадын жазыңдар.Көркем жазу сәтін әдемі көркем жазыңдар.
- Тақтамен жұмыс
- Тақтаға бір оқушы шығып жазсын.
- 1 -жаттығуды оқып,орындайық.
Екі оқушыны тақтаға жазып,қалғандарың орындарың да дәптерге орындаңдар.
Ал енді осы сөздерді басқа қарама-қарсы мағынадағы сөздерді пайдалана отырып,ауызша сөйлем құрастырыңдар.
ІІІ.Қолдану
Кесте толтыру
2-жаттығу
Берілген сөздерге мағынасы бойынша Қарама-қарсы сөздерді тауып атап мысал келтіріңдер.
Кең - ....... бөлме
Шабан – жаңа сөз ол ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
3-жаттығу .Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып,көшіріп жаз.Сын есімдердің астын сыз.Қарсы мағынадағы сын есімдерді ата.
Тақтаға бір оқушы шығады қалғанымыз орнымызда орындаймыз.
әр топқа тапсырма
6-жаттығуды


Аю үлкен,түсі қоңыр, жыртқыш аң.
Аюдың ең сүйікті тәтті қорегі бал

Топтан бөлініп шыққанын байқадық
Не ? Нелер?

Автор құстарды салмағы бойынша
салыстырды.
Қандай ?
Ауыр –жеңіл
Қандай ?
Үлкен-кіші.


Ойлан,тап ойынын ойнап жіберейік.
«Ішіне-сыртына» әдісіне салып салыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
3-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып шығайық.
Сөздік жұмыс
Қия –тау беткейі.
Жаңа сөздің мағанасын түсіндіру.

Сергіту сәті Орнымыздан тұрып сергіту сәтін орындап алайық Тақтаға қарап әуенмен,
қыймылын қайталайды.

ІV.Талдау
Сын есімнің қарама –қарсы мағынасын доп лақтыру әдісімен сұраймын.

5-жаттығуды құрастырыңдар ақ қағазға ретімен жапсырыңдар.
Асау тайлақ ,ақ тайлақ ,
Мініп келем қақпайлап,
Желеді ол тайраңдап,
Жұрт қарайды қайран қап.
V. Жинақтау
«Ойлан,тап» ойыны
VІ.Бағалау
Балалар біз барлық тапсырманы бұлжытпай орындап жануарларды көрдік тамақтандырдық.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?Сабақты түсіндік па?Олай болса
Алдыларыңдағы стикерлерге өз аттарыңды жазып бағдаршамға жапсырайық.
Жасыл түс / түсіндім
Сары түсі / жартылай түсіндім
Қызыл түсі / түсінбедім.
Бағалау(өзін - өзі бағалау) парақшаларыңдағы баллды есептеп айта қойыңдаршы.

Үй тапсырмасы 167 бет 4-ж Күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшаларына сүйену
Кері байланыс Бағдаршамға стикер жапсырады. Тәрбие.орг сайтынан Сын есім Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Серкебаева Макпал Кенжекановна

№1 Дінмұхамед Қонаеватындағы мектеп -гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar