СЫН ЕСІМ ҚМЖ

  • Жүктеулер: 23
  • Көрсетілім: 837
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 29/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20274


Сыныбы: 6 «а» Күні: Мұғалімі: Баймамырова А.М
Сабақтың тақырыбы: СЫН ЕСІМ
Мақсаты: Сын есімге тән маңызды белгілері жайында түсінік беру. Ойлау, есте сақтау, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарының артуына жағдай тудыру.
Күтілетін нәтижелер:
1. Сын есімнің мағыналық түрлері туралы біледі, мысал келтіреді, бөліседі. (Барлығы)
2. Алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды.(Көпшілігі)
3. Мысалдар келтіреді, өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.

Керекті жабдықтар:
Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, бағалау, стикер
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Ой қозғау, сұрақ қою техникалары «сұрақты қағып ал» әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, деңгейлік тапсырмалар, формативті бағалау түрлері.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе: 2 мин Психологиялық ахуал тудыру.
«Шаттық шеңбері»
Түрлі-түсті гүлдер арқылы топқа бөлу, Оқушыларға өздерінің есімдерінің бас әріпінен басталатын тілектер айтқызу,түсінік беріп кету.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл, қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым – дара тілім!
Шаттық шеңберін құрады. Сәлемдеседі. 2 топқа бөлініп отырады.
Дәптерлерін ашып, күннің жадын жазып алады. Оқушылар бір-бірлеріне өздерінің бас әріптерінен басталатын тілектер айтады. Тақтадағы өлең жолдарын хормен оқиды.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасы


Жаңа сабақ 3 мин Ой қозғаймын. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өтілгенді еске түсіру. Әр топқа үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында тапсырмалар беру.
1 – топ.Зат есімдер тобы. Зат есім дегеніміз не ?
Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса.
Қой, ой, би, күй, ән.
Күрделі зат есімдердің астын сыз.
Біржан, Сарыөзек, Арқа, Балықты көл, Есіл, Амангелді.
2-топ:Сын есімдер тобы. Мақал – мәтелдің жалғасын жазып, зат есімнің астын сыз.
а) Ерді намыс өлтірер, ....................... .
ә) Дос жылатып айтады, .................... .
б) Әке көрген оқ жонар, .................... .
3-топ:Етістіктер тобы.
Парталас көршіңе мінездеме бер. Ішінде дерексіз зат есімдер болсын.
Қазақстандағы күрделі зат есімдерге жататын жер- су,
қала аттарын жаз.Сұрақ қою техникасы. Әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.

Жаңа сабақты ашу барысында оқушыларға кітаптағы 1-тапсырма бойынша сөзжұмбақ ұсынамын. Оқушыларға сұрақтар қойып жаңа тақырыпты ашамын.
1.Қандай сұрағына жауап беретін сөз(жақсы)
2.Заттың түсі.(қызыл)
3.Қандай жолдас болуы мүмкін.(жаман)
4.Бөлме қандай болады?(кең)
5. Алманың түсі қандай.(сары)
6 Қай сұрағына жауап беретін сөз(шеткі)
7.Жемдеп қойған мал қандай болады(семіз)
Жаңа тақырыпты ашқан соң оқушыларға сын есім туралы түсінік беру. Сөз таптары туралы қосымша мәлімет беріп кету.
«Ой қозғау»
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Етістік деген не? Әрқайсысы әңгімелейді, сыни ойлайды, ойын тұжырым-дайды, мысалдарды тақырыппен байланыстырады.
Тақырыпты жұмыс дәптерлеріне жазады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Топ басшылары жұмыстарын қорғайды.


Оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Жаңа тақырыпты анықтайды. Сабаққа белсене қатысады.
Сабақ мақсатын анықтайды:
Сабақ критерийлерін шығарады:
• Маңызын анықтау
• Мысал келтіре алу
• Қолдана алу
Топпен жұмыс
5 мин Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.Жеке, топта жұмыстанады.
Сын есімдер тобы: Төмендегі заттарға қатысты сын есімдерді жаз, олар қандай сындық мағынаны білдіріп тұр.
Алма, құс, тау
Зат есімдер тобы: 5 жолды өлең құрастыру
1.Кім?
2.Қандай?
3.Не істеді?
4.сөйлем
5. Синоним

Етістіктер тобы:
Артық сөзді тап.
1.қара, ақ, кітап,жақсы, қызыл, ұзын.
2.дәптер, адам, ит, жер,қысқа.
3.ойнады, айтты, адамдар, келді, қайтты.
4. отыз, жасыл, бес, он екі, жүз

Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады. Әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндіреді, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйренеді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды.
Сергіту сәті




Кітаппен жұмыс 3 мин




20 мин «Ауада жазу»
Мақсаты: Ұзақ отырған адамның денесін ширату.
Баспен,көзбен,бір қолмен,екі қолмен,аяқпен 1,2,3,4,5 сандарын жазу.
Зат есімдер тобы.
2-тапсырма. Өзіңе ең жақын адамның сыртқы түрін сипаттап жаз.Мәтенде қолданылған сын есімдер адамның қандай белгілерін анықтап тұрғанын түсіңдер.
Сын есімдер тобы.
3-тапсырма.Досыңа мінездеме бер:Досыңның аты кім? Оның бойында қандай жағымды қасиеттер бар?
Етістіктер тобы.
84-жаттығу. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жаз.Мәтіндеріңде сын есім болуын ескеріңдер.
Үш топқа бірдей тапсырма.
86-жаттығуды орындайды.
Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді тап, олардың мағыналық белгілерін ажырат.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп...

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жепрдің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан...

Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім...

Көкірегі сезімді,тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін Оқушылар бойларын сергітіп келесі тапсырмалапрды орындауға дайындалады.


Әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шығып жаттығу жұмыстарын орындайды. Қалған оқушылар өз орындарында отырып орындайды.










Семантикалық карта арқылы қаншалдықты түсінгендерін бағалайды.
Фишбон әдісі арқылы сын есімді қорытындылайды.
Қорытын -
ды


Бағалау
Рефлекция 2 мин


3 мин Семантикалық карта


Үйге тапсырма:
1. 85,87-жаттығулар.
2. Өз әжең туралы шағын шығарма жаз.
Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.
Оқушылар сабақ бойынша алған әсерлерін стикерлерге жаздырту. Оқушылар семантикалық карта арқылы алған белімдерін қорытындылайды.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.


«Бағаны өзім таңдаймын» әдісі арқылы өздеріне формативті баға береді

Оқушылар сабақ туралы өз ойларын жазып іледі. Тәрбие.орг сайтынан СЫН ЕСІМ ҚМЖ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймамырова Аяулым Мейрамовна

Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar