Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сындарлы оқыту өзегі - сыни ойлауды дамыту
  • 15.02.2017
  • 136 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21769

Сындарлы оқыту өзегі – сыни ойлауды дамыту
Нашар ұстаз шындықты қайталайды,
жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.
Адольф Дистервег

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үрдісі ретінде бейнеленіп отыр .
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын оқытатын курстың бірінші «бетпе – бетті» оқу кезеңінде өз тәжірибемді ой елегінен өткізе отырып, өзімнің іс – әрекетіме сыни тұрғыдан қайта қарап, бағалай білуді, талқыға салуды және одан қорытынды шығара білуді үйрендім.
Мектептегі тәжірибе кезінде орта мерзімді жоспар жасауда және тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда оқушыларды сыни ойлауға үйрету үшін енгізетін әдіс – тәсілдерді басты назарда ұстап, бақылауға кірістім. «Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді» - деген пікірді ескере отырып, алғашқы сабақтарымнан бастап оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете келе топ ережесін құруларын, бағалау крийтерилерін анықтауды, сабақ мақсатын белгілеулерін өздерінің құзырына беріп, оң нәтижесін көрдім.
Оқушыларды топтық, жұптық жұмыстарға тарту арқылы өзін – өзі реттеуге ықпал етуге, қызығушылығын оятып, диалог пен дәйектеуге тартуға, дәлелдерді жинақтап, дереккөздерді бағалауға, талқылауға тартуды мақсат еттім. Маған бұл жұмыстарды жоспарлап, іске асыруда оқу барысын басқармай, тек бағыттап отыру керек болды. Осы орайда мектебімнің оқушыларының бойынан ұяңдықтықты, мұғалім пікіріне, көзқарасына жалтақтаған алаңдаушылықты, өзін – өзі басқаруда сенімсіздіктерін байқадым. «Балалар күннен – күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек».( Wolfe and Alexander, 2008 ), - деген орынды пікірдің өз тәжірибемде іске асыратын кезі келгеніне көзім жетті. Сондықтан сыныпта ынтымақтастық атмосферасына негізделген оқыту ортасын құрып, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болу арқылы кедергіні шешуді қолға алдым. Жұмыс барысында «оқушылардың бір – бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз» - деген тезисті ескере отырып, бірнеше стратегияларды қолдандым және талантты және дарынды балалардың осы мәселедегі топтағы белсенділігі мен ықпалын үнемі басты назарда ұстауды жөн көрдім.
Диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын және қолдаушы болып табылады.
Сондықтан да білім мен зерттеу үдерістерінде өз рөлімді қайта қарастырып, оқушылардың топпен жұмыс істеп диалог жүргізуі арқылы сыни ойлауын дамытып, топта талқылауды жүргізе отырып, әр мәселені шешуде сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал ететін тиімді әдістерді көптеп қолдануға тырыстым
Алғашқы сабағымда «Ахмет Иассауи, оның хикметтері» тақырыбын жоспарлаудағы Ахмет Иассауидің өмірі жайлы білім қалыптастыру, хикметтерін талдап, түсіну арқылы сыни тұрғыдан ойлауға ықпал ету,оның «Даналық кітабы» аясында адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеудегі мақсатыма сәйкес сабақта хикметтерін талдап, түсіну арқылы сыни тұрғыдан ойлауға ықпал етуді көздедім. Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар:
• Пікірталастық әңгіме
• Кумулятивтік әңгіме
• Зерттеушілік әңгіме (Mercer,2000)
Осы негізде айтылғанды ескере келе сыныпта үш топқа мынандай тапсырмалар бердім:
І топқа тапсырма: Ахмет Иасауидің өмірі туралы не білесің? (топтық әңгіме )
ІІ топқа тапсырма: Ахмет Иасауи нені жырлады? Хикметтерінде нені насихаттады? (зерттеушілік әңгіме)
ІІІ топқа тапсырма: Ақынның имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме? (әңгіме –дебат)
Оқушылардың қызығушылықпен белсене кірісіп кеткеніне қарай отырып,барлық оқушылардың өзара оқуына мүмкіндік жасауда өзін-өзі реттеуде белсенді оқушылардың көшбасшылықты қолға алғанын, сондай-ақ үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа араласу әрекетін бақылау қызықты болды.
Екінші топта отырған үлгерімі төмен оқушыға топ мүшелерінің ықпалын байқадым. Олар өзін – өзі реттеуді басқара отырып, әр оқушы өздеріне әртүрлі міндет алып, іске кірісті. Сол уақыттағы оқушымның жұмысынан сыни ойлауға тапсырманың дұрыс бағытталғанын, диалогтік оқытудың және топтағы оқушылардың бірлескен әрекетінен өзара оқу мен оқытуға игі әсерін көрдім. Мысалы, үлгерімі төмен оқушым Ахмет Иасауйдің хикметтеріне өзіндік зерттеу жүргізіп, ақынның айтпақ ойын зерделей келе қазіргі замандағы өзгерістер негізінде өзіндік ой қозғап, шама-шарқынша өз пікірін айта білді. Бастысы, оқушының ізденісі мен жаңа бастамасына қуандым. Оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеуінен, өз бетінше оқуға, ізденуге талпынысынан, топпен жұмыс істеуде өзара ой бөлісіп, ортақ шешім шығара білуге үйренгендерінен өз әрекетімді жоспарлауымның нәтижелі болғандығына көзім жетті. Осы ретте оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуде дұрыс бағыт – бағдар бере алдым деген ойдамын.
Оқушылардан алған кері байланысты оқу арқылы ,оларға сабақтың күннен – күнге қызықты бола бастағанын байқадым. Алғашқы сабағымда кері байланысты «Сұрақты қорап» арқылы алдым. Онда оқушылар сынып бөлмесіне қойылған қорапқа өздерінің сабақ бойынша сұрақтарын, келесі сабаққа ұсынысьарын, өз тілектерін жазып қалдырды. Екінші сабағымда стикерлер таратып, сол арқылы олармен байланыс жасай білдім. Тізбектелген сабақтар топтамасында,ы үшінші сабағымда Де Бононың «Ойлаудың алты қалпағындағы» көк қалпақты әрбір топқа кигізу арқылы топтан кері байланыс алсам, «Толықтырылмаған сөйлем» стратегиясы арқылы «Мен бүгін сабақтан ....» , - деп, сөйлемді толықтыру арқылы ауызша әрбір оқушының өзіндік рефлексиясын тыңдадым. Төртінші сабағымда әр топқа эссе жазуға тапсырма беру арқылы әр оқушының үлесімен ортақ бір ой түйгендерін көрдім және тізбектелген сабақтар топтамасындағы төртінші сабақ болғандықтан да смайликтер арқылы көңіл-күйлерін көрсетуді сұрадым. Сол сәтте оқушылардың барлығының көңіл-күйлерінің жоғары, көңілді екенін көріп, «...Түсінгендіктің шын белгісі – «иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады», - деген Әбу-әл-Фарадж әл-Исфаханидің дана ойы есіме түсті. Олар сабақтың қызықты өтетіндігін, өз пікірлерін ашық айта алғандарына қуанғандарын, сабақ мақсатын түсінгендерін,топтық жұмыстың ұнайтынын, әсіресе постер, модель қорғаудың ұнағандығын айтқан. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, келесі сабағымды жоспарладым және оқушылардың өздеріне деген сыни көзқарастарының қалыптаса бастағанын түсіндім.
Екінші сабағымдағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабынан үзіндіні оқытуда оқушылардың өткен сабақ бойынша өздерінің кемшіліктерін, сыни пікірлерін тыңдап, анықтай отырып, топ ережесінің, бағалау крийтерилерінің не үшін қажеттілігін, не мақсатпен жасағандарын түсіне бастағандарын байқай алдым.
Бірінші сабақта топ басшысының бағалауы жүзеге асса, бұл сабақта өзін – өзі бағалауды жүзеге асырдық. Оқушылардың өздеріне берген бағалары мен түсіндірмесінен өздеріне қойған міндет, мақсаттарын байқадым. Оқушылардың «менің ...қойған себебім, менің...алуым үшін ...» - деп дәлелдемелер мен дәйектер келтіре сөйлеуінен олардың іс барысында толғаныста болғанын көруге болады.«Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек» [1., 36].
Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылар жұпта талқылап, оның баламалы шешімдерін табуға тырысты. Мысалы, хикметтегі ойларға өз пікірлері негізінде келе отырып, біздің заманымызда да алаяқ, біреудің еңбегінен пайда көргісі келетін адамдардың көбейіп бара жатқанын айтып, оларды бала жастан еңбекке баулу арқылы, имандылық пен ізгілікке тәрбиелеу арқылы адал жолға түсіру керектігін айтып жатқандарын ескеруге болады. «Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді». Оқушылар проблемалық сұрақтарды жұпта және шағын топта талқылап өздерінің тұжырымдамалық түсініктерін тереңдетеді, танымдық қабілеттерін арттырады. Өздерінің түсінбегендерін сыни ойлау арқылы анықтап, зерделей отырып танымдық әлеуетін арттыруда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің тиімді екендігіне көзім жетті.
Сын тұрғысынан ойлаудың алты қалпағын «сөздіктегі мақал – мәтелдердің қазіргі күндегі құндылығы» тақырыбымен ой толғауда қолдануда ақ қалпақ иесінің қазіргі кездегі оқушылардың көркем әдебиетке қызықпайтындығы, кітап оқымайтындығы, тілдерінің жұтаңдығы, көп жағдайда сөздің мәнін жете түсінбейтіндігі жайлы проблема қозғауы,сары қалпақ иесінің осы бағдарлама бойынша өткізіліп жатқан сабақтың өзіне қатты ұнағандығын айта келе, осыған қарап болашаққа сеніммен қарайтынын жеткізуі,қызыл қалпақ иесінің өз сезімін жеткізуде барынша эмоцияға берілуі, қара қалпақ иесінің мақал – мәтелдердің, ауыз әдебиетінің, жалпы әдебиеттің оқылуы азайып, оқушылардың қызығушылығы бәсеңдеп бара жатқанына қорқа қарайтынын айтуы, кезіндегі сөздің майын тамызатын би–шешендеріміздің «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін берген» даналығының келмеске кетіп бара жатқандығын айтып алаңдаушылығы , жасыл қалпақ иесінің барлығына басу айтқандай болып, өзіміз үлгі көрсету арқылы өзгелерге жол көрсетейік деп мәселенің шешімін табатын жол ұсынуы, көк қалпақ иесінің өзіне мақсат қойып, міндеттер алуы мені таңқалдырды. Оқушылардың өз пікірлерін түйіндей алуларынан, әр оқушының өзіндік ой – пікірлерінен, баламалы шешімдер іздестіруге деген ынталарынан сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің оқушыларды өзара оқытуға, өзін – өзі реттеуге, бағалауға, талдап, талқылауға, өз тәжірибесіне негіздей шынайы өмірмен байланыстыра білуге әсер ететіндігін байқадым. Қалпақ киіп ой толғаған оқушылар топтық жұмыста белсенділігі артқаны жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ашық айтып, өздеріне сыни көзқараспен қарай алды.
Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтады:
• Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс – әрекеттерді жаттау);
• Декламация(тестілеу үшіндайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру);
• Нұсқаулық/ мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
• Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
• Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Александер, 2001,2008)
Осы айтылғандарды ескере келе екінші сабағымда оқушыларға «өзара оқу» стратегиясы негізінде мынандай тапсырма бердім:
(Рөлдік ойын: Төраға, таймспикер, хатшы)
І топқа:Салыстыру
Жүсіп Баласағұн мен Абай шығармаларын салыстыр
ІІ топқа: Тілдің пайдасы мен зияны
Мысалы, Оқушы Абай Құнанбаевтің жыл мезгілдері туралы көптеген өлеңдері бар екен айта келе «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне тоқталып, «Құтты білік» кітабы үзіндісіндегі ойлармен үндестігіне баса назар аударды.
Екінші топ оқушылары да венн диаграммасы арқылы салыстырып, тілдің адам көңілін елжірететін, биікке көтеретін,адамның қарым – қатынас құралы болатынын пайдасы десе, зияны ретінде қор қылатын да, бас кетіретін де тіл екенін айтып, ортақ қасиеті тіл құдіреті екендігін көрсеткен.
Рөлдері белгіленген оқушылар бірі тек төраға болғанына қуанып қана қойса, бірі (таймспикер) уақытқа қарап, уақыттың аяқталып қалғанын ескертіп, қорытындылауды ұсынды, бірі (хатшы) топтың әр мүшесінің іс – әрекетіне назар аударып, жазып отырғандығын көрсетті.
Нәтижесінде оқушылардың топтағы ақпараттарды талқылау мақсатында ой бөлісуін, дәйектеу мен дәлелдемелерін сыни тұрғыда талдап, ой әрекеттерін диалог жүргізу арқылы жоғары деңгейге көтеруге тырысқандарын көрдім. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор екендігіне өзімнің де оқушыларымның да көзі жеткенін байқадым. Олар өздерінің көзқарастарына сыни тұрғыдан келіп, басқалардың да пікірін ескеруді үйреніп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімнен бас тарта білуді үйренді.
Сондықтан да оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни ойлауын дамытуды және саналы оймен қабылдауын көздейтін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – еліміздегі білім беруді дамыту үшін ең маңызды оқыту тәсілдерін қамтыған бағдарлама модулі.
Чинбаева Майра Гапуовна
"Лайбұлақ орта мектеп-балабақша " КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәрбие.орг сайтынан Сындарлы оқыту өзегі - сыни ойлауды дамыту Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чинбаева Майра Гапуовна

ШҚО Үржар ауданы Лайбұлақ ауылы "Лайбұлақ орта мектеп-балабақша" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 136 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar