Сыныптағы мені қоршаған заттар

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 1133
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 11/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18977


Қысқамерзімді жоспар
Сабақ Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Сыныптағы мені қоршаған заттар
Күні, айы 27.04.2016ж
Сынып 1 Қатысқандар саны: 10
Мұғалім Конкараева Р.К.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты Т1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.
Т4. Тыңдаған дыбыстар мен сөздерді дұрыс атайды.
О1. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
А4. Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
А6. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Сабақ мақсаты Оқушылар білу керек: сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Көпшілігі:таныс сөздерді дұрыс айтады, мағынасын түсінеді, буынға бөліп оқиды.
Кейбір оқушылар: сұраққа жауап береді, анық сөйлеу арқылы қарапайым айтылымды қайталайды.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
қарапайым сөздердің мағынасын түсінеді, сынып заттарының атауына байланысты сөйлеседі.
Пәнге қатысты сөздік қор: парта, орындық, тақта, есік, терезе, сағат.
Ишара: сынып заттарына байланысты қимыл- әрекет көрсету.
Алдыңғы сабақта Сынып заттары туралы түсінік бар
Жоспар
Белгіленген уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
10 минут
Сабақтың басы Топқа бөлу «Молекула» ойыны.
-Балалар, жан- жағымызға қарайықшы, біз не көріп тұрмыз? (Сынып заттарын атайды)
Сабақтың тақырыбын анықтайды, мақсатын айтады. 1,2,3 сандары жазылған парақ
10 минут
Сабақтың ортасы Сыныптағы заттардың суреттерін көрсету, атайды, оқушылар сөздері қайталайды (парта, орындық, тақта, терезе, есік)
Мынау парта
Мынау тақта...
Жұптық: 2 оқушы шығып атаған заттарды көрсетеді. (Бас бармақ арқылы бағалау)
Сергіту сәті:
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
(қимыл арқылы көрсету)
«Жалғасын тап» ойыны.
Мұғалім сөздердің бірінші буынын айтады, оқушылар жалғасын табады.
(Үш шапалақ арқылы бағалау) Суреттер

10 минут
Сабақтың соңы «Досыңа орындат»
Рефлексия «Бағдаршам» суреттер
Қосымша ақпарат
Дифференциация: көбірек қолдау беруді жоспарлау, қабілетті оқушыларға берілетін тапсырма Бағалау Пәнаралық байланыстар:
- денсаулық және қауіпсіздікті сақтау шаралары
-АКТ-мен байланыс
-құндылықтар байланысы
Қорытындылау Тәрбие.орг сайтынан Сыныптағы мені қоршаған заттар Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рысалды Конкараева Кабдылшариповна

ШҚО Өскемен қаласы №19 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar