Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Түбір мен қосымша
  • 13.11.2016
  • 170 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20011

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (16.8Kb)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғәлімі: Мамакова Айнур Бектаевна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту.
2. Тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге білімділікке, салауаттылыққа, ұжымдық жұмыс жасау барысында адалдық қасиеттерін дамыту.
3. Дамытушылық – фонетика тарауы бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап, түсіндіру, ойын,еркін жазу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа арналған кесте, кеспе қағаздар. көрмесі;
Сабақтың өту барысы :
І. Ұйымдастыру1) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
2) оқу құралдарын тексеру
3.Психологиялық дайындық
-Балалар, бар білімімізді , өнерімізді аянбай көрсетейік.
-Кел, балалар ойлайық,
Жазайықта та, ойлайық.
Қандай сұрақ болсада,
Таппай оны қоймайық.
Сабақты қазақ тілі туралы өлеңмен бастау.
-Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым, дана тілім,-дей келіп,балалар енді қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
38- жаттығу.Негізгі түбір мен туынды түбірді, күрделі сөздерді бөліп жазыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ:
І Қызығушылығын ояту

Ой қозғау

Құлақ (тан) кір(іп) бой(ды) ал(ар),
Жақсы ән (мен) тәтті күй
( Абай)

ІІ Мағынаны тану (Мұғалім түсіндіреді)

Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді.
Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды.
Қосымша жұрнақ пен жалғау болып бөлінеді. Жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ, сөз түрлендіруші жұрнақ болып бөлінеді.
Көл-шік, сары-лау,үлкен-ірек, оқ-ы-р-ман, көр-ер-мен, кітап-хана.
Жұрнақ арқылы жасалған сөзді туынды түбір деп атайды.
Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
ІҮ. Жаттығу жұмысы
43-жаттығу өз беттік жұмыс. Туынды түбір жасау
44- жаттығу Тақтаға талдау сөздердің түбірі мен қосымшаларын ажырату.
Ү. Эстафеталық ойын.
Мына буындарға аяқталған сөздерді табу.
-ға, -тақ, -тық, -шақ, -шек, -пақ;
ҮІ. Еркін жазу.
Ертегі құрастыру ( ойды жалғастыру)
Ертеде бір бай болыпты. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол сабақтан шығып келе жатқанда жаңбыр жауып кетіпті...
бар: сөз тудырушы, байланыстырады. сөз түрлендіруші;
Тапсырма. «Түбір» тобы.

Атам менің әмәнда Әдепті жан бол деген Ата сөзі санамда Жасы үлкенге жол берем. Өлеңді мәнерлеп оқып, сөз бөлшектерін табыңдар.
«Қосымша» тобы. Алдын орап кісінің Кесіп өтпей көлденең Ізетіңмен кішінің Сәлемдесіп қол берем. Өлеңді мәнерлеп оқып ,сөз бөлшектерін табыңдар.
«Сөзжасам» тобы. «Әдепті» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
«Кім білгір»ойыны.
III Ой толғау. Сурет бойынша әңгіме жазу.

Қ түбір сөзге жалғанды,
О түбір сөздегі дыбыстардың
С ерекшелігіне сәйкес жалғанады
Ы өзі жалғанған сөзге мағына үстейді
М сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстырады
Ш белгілі бір заңдылық бойынша бір - бірінің
А үстіне жалғана береді

Өздік жұмыс.

Семантикалық картаны толтыр.

Сөз құрамы сөздер
кітап басшы келді қобызшы құлақшын
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
Бекіту сұрақтары:

Ережелерді еске түсіріп, жалғастырып көр:
Қосымша жалғанғанда түбір сөздер____________________.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,___________________ .
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса,_________________.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 47 – жаттығу. «Түбір мен қосымша» тақырыбында шағын ертегі жазу.
ІХ. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Түбір мен қосымша Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мамакова Айнур Бектаевна

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: жони
Көрсетілім: 170 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar