Тұйық етістіктің түрленуі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 865
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22683


Пәні: қазақ тілі Мектеп:Қарабұлақ жом
Күні: Мұғалімнің есімі: Гултураева Д
Сынып: 7 Қатысқандар саны: 14 Қатыспағандар саны: жоқ
Тақырыбы: Тұйық етістіктің түрленуі
Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары) Тұйық етістіктің түрленуі туралы білімдері артады
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Ережені біледі


Оқушылардың басым бөлігі: Мысал келтіре алады


Кейбір оқушылар:Өз бетінше жаттығу орындай алады


Тілдік мақсат: Оқушылар: Жаңа тақырыпты меңгереді

Алдыңғы оқу Өтілген тақырыптағы ережелерді жаттау
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау Оқушылармен сәлемдесу және түгелдеу. «Топқа біріктіру» 1-2-3 сандарды айту арқылы оқушыларды 3 топқа
біріктіремін.
«Бір минуттық әңгіме» арқылы үй тапсырмасын жұп болып бір-біріне сұрақ қою арқылы жауап береді.
1 Көсемше деген не?
2 Есімше деген не?
3 Есімдіктің түрленуі деген не?
4 Есімдік түрленуінің неше түрі бар?
5 Жіктеу есімдігінің түрленуі деген не?
6 Сұрау есімдігі деген не?
Бес сөйлемнен мәтін құрастырып ауызша айтады.
Түрлі-түсті кеспе
Қағаздар
Жаңа сабақ «Автобус аялдамасы» Жаңа тақырыпты әр топта бір окушы оқиды, қалғандары тыңдайды, кейін топта талқылап, басқа топқа 2 оқушы барып, түсіндіріп береді.
Тұйық етістік- етістіктің ерекше түрі. Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес. Етістіктің шақ және рай категориялары жақпен , шақпен байланысты болғанын көрдіңдер. Ал, тұйық етістік шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктіңм атауы ретінде ғана қолданылады. Мәселен, бару, жүру, тұру етістіктері бару, жүру, тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.
Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.
- ал, балалар қандай маңызды белгілері бар екен, байқап көрейік. Барлығымыз тақтадағы плакатқа назар аударайық.

Тұйық етістіктің септелу үлгісі

1
А.с бару сөйлеу айтуы көрулері келуім
2 І.с барудың сөйлеудің айтуының көрулерінің келуімнің
3 Б.сбаруға сөйлеуге айтуына көрулеріне келуіме
4 Т.с баруды сөйлеуді айтуын көрулерін келуімді
5 Ж.с баруда сөйлеуде айтуында көрулерінде келуімде
6 Ш.с барудан сөйлеуден айтуынан көрулерінен келуімнен
7 К.с барумен сөйлеумен айтуымен көрулерімен келуімнен
Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі
1
І жақ келуім келуіміз келулеріміз
2
ІІ жақ келуің келулерің

келуіңіз келулеріңіз
3
ІІІ жақ келуі келулері

- Ал осыдан нені байқап отырсыңдар? Тұйық етістік қалай жасалады екен?
Көру диктанты.
Мына сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйқ етістікті қойып жаз.
1. Тапсырманы уақытында ... керек.
2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.
3. Үлкендерді ... керек.
4. Ұйым жұмысына ... керек.
5. Мәдениетті ... керек.
6. Сабаққа белсенді ... керек.
Оқулықпен жұмыс.
210-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқыңыздар және абзац-абзац бойынша мазмұндаңыздар.
Мәтіндегі –у жұрнақты тұйық етістік пен зат есімді ажыратыңыздар, тұлғасына талдау жасаңыздар.
Бекіту сабағы. «Сұраққа жетіп ал» әдісі
Карточкалармен жұмыс жасаймыз.
1- карточка.
Өз бетіңмен бірнеше тұйық етістік ойла, оларға сөйлем құрап, синтаксистік талдау жаса.
2- карточка.
Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Сол сәтте жолаушылар үлкен жолмен зымырап сырғытып келеді.
3- карточка.
Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Күнде ағаштың ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды.
4- Карточка.
Сөйлемдердегі сөздерді түбір мен қосысшасына қарай ажырат.
Балалар ойнап жүр. Бізге сабақ болды.
5- карточка.
Кез келген тұйық етістігі бар сөйлем құрап, оған морфологиялық талдау жаса.
6-карточка.
Шегелеу сөзіне фонетикалық талдау жаса.


Смайлик
Карточкалар

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс Тұйық етістіктің ережесін жаттау.213-жаттығу.Тұйық етістіктерге сөйлем құрап, жазып келу.
«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтағы білімін бағалаймын.

Оқушылар бүгінгі жаңа сабақтың барысы жөнінде стикерге өз пікірлерін жазып, тілек ағашына жапсырады.


Стикер
Смайлик Тәрбие.орг сайтынан Тұйық етістіктің түрленуі Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гултураева Д

Пікірлер: 0

avatar