Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1300
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21111


Апта Күні Сабақ
Сабақтың тақырыбы
Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру
Сілтеме
8-сыныптың қазақ тілі оқулығы.
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей.
Мақсаты
Білу.(білімділік):
Оқушылардың төл сөз туралы білімдерін дамыту, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу;
Жасау.(дамытушылық): өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, топтық жұмыс арқылы қызығушылығын арттыру;
Талдау. (тәрбиелік):
бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға шақыру,топта ынтымақтастықта жұмыс істеуге баулу. Басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауға ықпал ету;
Мұғалім үшін оқу нәтижелері

- Оқушылардың төл сөздердің орнын біледі;
- Орынды қолдана алады.
- Танымдық, дамытушылық,
қызығушылық қабілеттері артады;
- Өзін-өзі реттейді;
- Көшбасшы бола алады;
- Жадыны жаңғыртады;
- Диалог арқылы сұхбаттасады.;
- Акт-мен жұмыс жасайды;
- Оқушының шығармашылығы, ізденісі дамиды;
- Өткен тақырыппен байланыстырады;
- Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолданады;
- Топта өзін еркін ұстайды;
Сабақта туындаған негізгі идеялар
Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру.

Сабақтың формасы Жаңа сабақты меңгерту
Тапсырмалар
Шығармашылық тапсырмалар
Жұмыс түрлері
Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Бағалау Сыни тұрғыдан ойлау
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті Уақыты
1-асық иіру:
Сергіту минуты. «Құбыр» психологиялық ойыны.
Оқушылар көңілдене орындайды.
( 1 минут)
2-асық иіру:
Сабақтың ұраны:
«Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда
Қапы қалып жүрмелік»,-деді Абылай хан деген сөз арқылы топқа бөлем.

Топтарға топтың атын, ережесін жазу парағы беріледі. Әр оқушы бір-бірден осы сөз жазылған қиындыны алады, сосын сөзді шығарып, бәрі бірге оқиды.
«Төл сөз» және «Автор сөзі» деген екі топқа бөлінеді.

(1 минут)
Бағалау: Асықтар беру арқылы бағалау. Яғни, әр тапсырмадан соң, берген жауабына байланысты әртүрлі асықтар беріліп отырады. Оқушылар әртүрлі асықтарды бағалау парақшасына жинайды.



3-асық иіру:
«Асығың алшысынан түссін»
деген халқымызда сөз бар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы түсінік беріледі.
Топқа бөлемін. Жасыл және ақ түсті асықтар арқылы . Мағынасын ашады, қандай сөз екенін айтады. (1 минут)
4- асық иіру:
Үй тапсырмасын сұраймын.
158-жаттығуды рөльге бөліп орындайды.
(Автор сөзі мен төл сөзді ажыратады)
(4 минут)
Мағынаны тану
5- асық иіру:
• Жаңа сабақтың «Төл сөз бен төлеу сөз» екендігі айтылады.
• Тақырыпты түсініп оқи отырып, бір-бірімізге түсіндіру қажет.
«Төл сөз бен төлеу сөз.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру»тақырыбы бойынша постер жасауды ұсынамын.

• Тақырып бойынша түсінгендерін айтады
• Тақырып бойынша постер жасап, бір-біріне түсіндіреді.
• Жасаған постерлері бойынша топтағы барлық оқушылар сөйлейді. Бірін-бірі «Екі жұлдызша, бір тілекпен» бағалайды.



(9 минут)

Постерді бағалау:
Бағалау критерилері:
• Тақырып толық ашылды;
• Тақырыпты айқындап ашып жеткізе алмады;
• Тақырыптан ауытқу болды,ашылмады.
Топтар тақтаға өз жұмыстарын алып шығып, қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
1. Тақырыптың ашылуы – 1 ұпай
2. Түсіндіре алуы – 1 ұпай
3. Сөз байлығы – 1 ұпай
4. Сауатты сөйлеуі – 1 ұпай
5. Жұмысты безендіруі – 1 ұпай
6. Басқа топтарды тыңдай білуі – 1 ұпай
7. Бағалау критерийлері (әр критерийге бір ұпай) :
( 2 минут)
6- асық иіру:
Таныстырылым:
1.Ой шақыру. «Ғажайып алаң»
А)Төл сөз бен төлеу сөздің
айырмашылығы қандай?
Ә)Төл сөз бен төлеу сөздің
ұқсастығы бар ма?
Б) Төл сөз бен автор сөзінің аражігін ажыратып,тиісті тыныс белгісін қойыңыздар
В)Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.
Г)Төл сөз бен автор сөзін тауып, орын тәртібінің сызбасын көрсетіңдер.Айрықша берілген сөздердің үш тілдегі аудармасын беріңдер.
2. «Кім тапқыр?» • Тез әрі дұрыс жауап береді;
• Тыныс белгілерін есте түсіреді.
• Сөздерді орыс және ағылшын тіліне аударады.

• Тест сұрақтарына жауап береді 6 минут
7- асық иіру: «Екі жұлдызша, бір тілек..»
Тапсырма 1: «8 бұрыш ішінде» стратегиясы арқылы ойлаудың сегіз жолына жұппен жұмыс
Сұрақтарға жауап береді:
Төл сөз...............................................................
Төлеу сөз..................... .........................
Автор сөзі.........................................................
Тыныс белгісі....... ..............................
«Мен»төлеуде қалай өзгереді?................
«Сізге» төлеуде қалай өзгереді?.................
Төл сөзге мысал .........................
Оны төлеу сөзге айналдыр.......................... 2 минут
Сергіту сәті.Екі топқа екі сурет көрсетемін. «Гүл» мен «үйдің» суреті. «Мен салатын сурет…».
Екі топтан бір оқушы ғана көреді де келесі оқушылардың арқасына суретті салады. Соңғы оқушы суретті тақтаға салады. Қай топтың суреті ұсынылған суретпен сәйкес келеді сол топ жеңіске жетеді.
1 минут

8- асық иіру: «Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба?»

«Иә/жоқ» деп кесте толтырады (1 минут)
9- асық иіру::
«Балуан, Паң, Нұрмағамбет» сияқты сөздер беріп, жатығудағы мәтін не туралы деп ойлайсыңдар деймін. Олардың ойларын тыңдаған соң,жаттығуды ашуды ұсынамын.
Мәтінді оқығанда «түртіп алу» стратегиясын қолданамыз.

Балуан Шолақ туралы, оның шын аты Нұрмағамбет екенін айтады.
Жаттығумен жұмыс үшін
олар түртіп алу стратегиясын қолданады.
“?” –мені таң қалдырды
“+” - мен үшін жаңалық
“-” - түсініксіз
“V” -білемін
Оқулықтан оқып, өз ойларын айтады (5 минут)

10-асық иіру:
• Деңгейлік тапсырмалар беру (әр оқушыға жеке тапсырма) Әртүрлі тапсырмалар беріледі. Оқушылар орындайды. 3 минут
Сабақтан алған әсерің...
Рефлексия.... Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің?
Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша жүргізілді:
Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Мен үйрендім....., Алдағы уақытта...., Мені таңқалдырды...... сынды ой-тұжырымдарын жазды. (2 минут)
Эдуард де Бононың «Ақылдың алты қалпағын» ұсынамын. Оқушылар сабақтың барысын «Ақылдың алты қалпағына» салып, айтып шығады.

• Сабақтан алған ойларын стикерге жазады. 2 минут

1 минут
Үйге тапсырма
«Мен ұлылар еліненмін..» эссе жазу.
Сұрақтары болса қояды. (1 минут)
«Ыстық орындыққа» сабаққа белсене қатысқан оқушыны шақыру. Марапаттау.


Сабақ туралы сұрақтарын қою. (2 минут)
Сабақтың ресурстары: оқулық, топқа беретін тапсырмалар,жұптық, жеке жұмыс тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, презентация. Тәрбие.орг сайтынан Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы

Алматы қаласы Түркісіб ауданы С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar