Төл сөз туралы түсінік

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 213
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 16/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21050


Апта 3 Күні 2 Сабақ 2
Сабақтың тақырыбы
Төл сөз туралы түсінік

Сілтеме
8-сыныптың қазақ тілі оқулығы
Мақсаты
Білімділік: Оқушылардың төл сөз туралы білімдерін дамыту, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу;
Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, топтық жұмыс арқылы қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға шақыру, ынтымақтастықта жұмыс істеуге баулу.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Оқушылардың төл сөздердің орнын білуге, орынды қолдана алуға үйрету.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру.
Тапсырмалар
Шығармашылық тапсырмалар
Жұмыс түрлері
Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Бағалау


Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
1-тапсырма:
Сергіту минуты
2-тапсырма:
Оқушыларды стратегиялық бөлініс арқылы мақсатты түрде өзім зерттейтін А,Б,С деңгейіндегі үш оқушының топ басшысы қылып бөлемін.
Топтарға топтың атын, ережесін жазу парағы беріледі.
Бағалау: әр оқушы өз бағына гүл шоқтарын жинау арқылы бағаланады. Кімнің бағында топ гулдер көп болатынына мән беріледі.
3-тапсырма:
Қызығушылығын ояту
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
дейді Төле би
Өлең жолдарын мағынасын ашады, қандай сөз екенін айтады.

Мағынаны тану
4-тапсырма:
“Аңсау”
осы сөзге көңіл бөле отырып мәтін не туралы деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс, «Аялдама» стратегиясы арқылы мәтін оқылады.

5-тапсырма
Енді осы мәтін бойынша флипчартқа постер жасау. Ішінде төл сөздер болуы керек.
Бірнеше халық сөзі беріледі. Соны пайдаланулары керек. Мәнін аша отырып, талдау.
6-тапсырма:
«Екі жұлдызша, бір тілек..»
7-тапсырма:
Үйге тапсырма
Үй тапсырмасы: 156-157-жаттығулардан төл сөздерді табамыз.
Мәтінді оқығанда «түртіп алу» стратегиясын қолданамыз.

8-тапсырма:
Бүгінгі сабақты қалай қорытындылар едіңдер?

9-тапсырма
Блум таксономиясы

«Ыстық орындыққа» сабаққа белсене қатысқан оқушыны шақыру
Оқушылар көңілдене орындайды.

Топ басшысы болатын балалардың аты жазылған парақтарды алады, кімнің аты шықса, соның тобына барады.

Оқушылар топтарымен ақылдаса отырып, толтырады

Өз тобында талқылайды, тапсырмаға жауап береді.

Мәтіннен төл сөздерді тауып, жазып отырады.
Мәтінді оқып, аялдамаға тоқтаған кезде ойларын айтады.

Оқушылар азл әдісі бойынша постер жасайды.
Тапсырма бойынша топтар жұмыс істейді.

Өз постерлерін қорғайды.
Бір-бірін тексереді, түзетеді, қорытынды жасайды.

Олар түртіп алу стратегиясын қолданады.
“?” –мені таң қалдырды
“+” - мен үшін жаңалық
“-” - түсініксіз
“V” -білемін
Оқулықтан оқып, өз ойларын айтады
Стикер қағаздардың түстеріне аты-жөндерін жазады.

* оқушылар алдарындағы пирамидаға сабақты салады.

Ойларындағы сұрақтарын қою.
Сабақтың ресурстары: оқулық, топқа беретін тапсырмалар, презентация.

Бағалау: Оқушылардың жинаған гүлдеріне қарай бағалаймын.
Шоқ гүлдері көптер «5», азырақтары «4», жалғыз гүлдер жинағандар «3» алады. Тәрбие.орг сайтынан Төл сөз туралы түсінік Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы

Алматы қаласы №74 жалпы білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar