Тамақтану

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 825
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 13/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18607


Мұғалім: Арынова Салтанат Маратқызы Күні: 9.12.2015
Қызметі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Педагогикалық өтілі: 7 жыл
Санаты: екінші
Пән: Қазақ тілі
Сабақың тақырыбы: Тамақтану
Сынып: 8а
Сабақтың барысы:
Сабақтың тақырыбы Тамақтану
Сынып 8а
Жалпы мақсаты
Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерінің сапасын анықтау. Диалогтік оқыту арқылы сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау,қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту..
Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Отбасы мүшелерін атап бере алады.
Грамматикалық формаларды дұрыс қолдана біледі.
Қазақ тілінде еркін диалог құрап, ауызекі сөйлеуге үйренеді.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:
- ой қозғау
- диалогтік оқыту
- деңгейлі сұрақтар қою, функционалдық
- сауаттылықты дамыту
Керекті жабдықтар
Интербелсенді тақта, суреттер, таныстырылым, және т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Уақыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе

3 мин Сәлемдесу

Оқушылармен шеңбер құрып, бүгінгі күнге тілек тілеу.
(Мұғалім мен оқушы бір-бірлеріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді)
Сұрақтар арқылы тақырыпқа шығу.
Үйге берілген тапсырманы тексеру
5 мин Тест сұрақтарына жауап беру.

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын жұпта отырып тексереді, бағалайды.
1. Ш.Айманов кім? А) суретші В) режиссер С) ақын
2. Ш.Айманов қайда дүниеге келген?
А) Павлодар облысында В) Көкшетауда С) Семейде
3. Ш.Айманов өнердің қандай саласында еңбек етті?
А) эстрада өнері В) архетектура С) кино өнері
4. Қай фильмде ойнады?
А) «Көшпенділер» В) «Менің атым Қожа» С) «Алдаркөсе
5. Ш.Аймановтың алғашқы ролі...
А) Абай В) Граммофонов С) Жамбыл
Тест жауаптары
1-в
2-а
3-с
4-с
5-в
Тест сұрақтарына жауап береді.

Жұпта тексереді, бағалайды.
Негізгі бөлім

Қызығушы
лықтарын ояту. 5 мин Әр оқушыға бағалау парақшасы беріледі. Ондағы көрсетілген ұпай бойынша өз-өздерін бағалап отырады.
Қоржыннан асық алады, сұраққа жауап береді. Әр оқушы шынайы жауап беріп, бағалау парақшасына әділ бағалайды.

Жаңа тақырыпқа шығу.

10 мин Бүгін сіздер «МЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІМ» атты жаңа модульді бастағалы жатырсыздар. Қазақ халқы «Бірінші байлық ... (денсаулық) дейді. Денің сау болу үшін, дене жаттығуын жасау қажет, дұрыс тамақтану қажет.

Тыңдалым.Оқылым.
Мәтінді тыңдату және тізбектеп оқыту.
Мәтінмен жұмыс жасату арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын тексеру. Бірінші байлық ... (денсаулық)
Мәтін

Жаңа сөздер Маңызды сөздер Бейтаныс сөздер


5 мин Жазылым.
Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнағын қойып жаз.
1) Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қой... .
2) Бірінші байлық - денсаулық деп сана... .
3) Дұрыс тамақтан... адамның дені сау болады.
4) Күнделікті ішетін асымыз дәрумендерге бай бол...да денсаулық мықты болады.
5) Адамдарға тамақтану ережелерін сақта... дұрыс.
Екі оқушы тақтада талдайды да, қалғандары дәптерде орындайды.
3 мин Айтылым. Тілдесім.
Берілген сөздердің қарама-қарсы сөздерін жаз.
Дұрыс-бұрыс
Дені сау – ауру
Ішетін – ішпейтін
Мықты – әлсіз

Сергіту сәті
2 мин «Қызыл өрік» әнімен жаттығу жасату

5 мин Сөйлесім. Тамақтану
Сөйлесу үлгісі:
Әлия: - Ас туралы мақал білесің бе?
Әлібек: - Білмегенде ше! Әрине білемін.
Әлия: - Ал, қандай тамақ пайдалы?
Әлібек: - Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
Әлия: - Сен, тамақ пісіре аласың ба?
Әлібек: - Иә, пісіре аламын.
Қорытынды
Рефлексия 2 мин Синквеин әдісі бойынша
5 жолды өлең құрастыру
1. Зат есім _______________
2. Сын есім _______________
3. Етістік _______________
4. Сөйлем _______________
5. Синоним _______________

1. Зат есім _______________
2. Сын есім _______________
3. Етістік _______________
4. Сөйлем _______________
5. Синоним _______________

1. Тамақ
2. Құнарлы, пайдалы
3. Ішу, жеу, тамақтану
4. Құнарлы, пайдалы тамақ ішу.
5. Ас
Бағалау 3 мин Бағалау парақшаларын тексеру Бағалау парақшасы арқылы оқушылар өздерінің ұпай сандарын санап, қорытынды бағалары шығарады
Үй тапсырмасы 2 мин 1) 213-бет 2-тапсырма. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру.
2) сөздік жаттау.
3) «Майлы тамақты жеуге болмайды. Себебі ....»

Тест
1. Бірінші байлық - ... .
А) денсаулық В) ақ жаулық С) білім
2. Қажет сөзді тап «Тамақтану ...»
А) күні В) ережелері С) байлық
3. Есімшені анықта.
А) тамақтанатын В) ішу С) жеп
4. Тамақты қалай жеу керек?
А) асықпай шайнап В) асығып шайнап С) тез шайнап
5. Келер шақтағы есімшені көрсет.
А) қар В) ішер С) жер
6. Астың дәмін не келтіреді?
А) тұз В) су С) май
7. «Құнарлы, пайдалы» сөздері қай сөз табынан
А) зат есім В) етістік С) сын есім
8. «Дәрумен» сөзінің орыс тіліндегі баламасы
А) еда В) витамин С) полезный

Бағалау критерийлері
1. Үй жұмысын орындау – 5 ұпай
2. Диалог – 5 ұпай
3. Мәтінмен жұмыс жасау – 5 ұпай
4. Тапсырмаларды толық орындау – 5 ұпай
5. Қорытынды жасай білу – 5 ұпай

25-19 ұпай –«5»
20-18 ұпай – «4»
17-14- ұпай – «3» Тәрбие.орг сайтынан Тамақтану Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Арынова Салтанат Маратқызы

"Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі"ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar