Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Тазалық-саулық кепілі
  • 16.11.2016
  • 186 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20062

Сабақтың тақырыбы: «Тазалық-саулық негізі» 15.11.16. 8 «Д» сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру, олардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру.
Дамыта-түзету:Түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын, жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, танымдық қабілеттерін дамыта отырып, түзету
Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, тазалық сақтау заттары, карточкалар, суреттер.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, ойын, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, валеология.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу;
б) тіл дамыту сұрақтары
– Балалар, бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдар ма?
-Қанеки, көздеріміз дайын ба? - Иә! («Дүрбіден» қарайды) -Құлақтарымыз дайын ба? -Иә! (құлақтарын жан-жаққа тосады) -Қолдарымыз дайын ба? -Иә! (шапалақ ұрады) - аяқтарымыз дайын ба?
-Иә! (бір орында қадам басады). –Дайынсыңдар ма?
-Иә! (Қолдарын жоғары көтереді)
Балалар орындарына отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. -Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырып өттік? -«Салауатты өмір салты» деген тақырыпты өттік. -Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
Сұрақ-жауап.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар өткен сабақта біздер «салауатты өмір салтын», яғни спортпен айналысу туралы білімдерімізді толықтырдық. Мысалы: ұйқыдан ояну, таңертенгілік жаттығу, жуыну, тамақтану, сабақ оқу сияқты.
- Бүгін біздер сабағымызда тазалық туралы айтамыз, яғни сабағымыздың тақырыбы
« Тазалық –саулық кепілі» деп аталады. Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақытылы жуынып жүру. Мысалы: тамақ ішер алдында міндетті түрде қолыңды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда беті- қолын, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды ұйқыға жатар алдындада соны орындауы керек. Оған кішкентай кезінен дағдылану керек. Таза жүру үшін бізге, әрине, тазалық заттары керек. Алдымен бүгінгі тақырыпқа сай жаңа сөздермен танысып алайық.
1.Сөздікпен жұмыс:
Тіс щеткасы-Зубная щетка
Тіс пастасы-Зубная паста
Сүлгі-Полотенце
Тарақ-Расческа
Сабын-Мыло
а) Жаңа сөздерді мұғалім оқып береді;
ә) Оқушылар қайталайды, сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау;
б) Жаңа сөздерден сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
2) Мәтінмен жұмыс.
Менің атым - Асқар. Менің жасым сегізде. Мен тазалықты сүйемін. Сондықтан сабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, сүлгі, тарақ менің достарым. Таза жүрсең денің де сау болады. Тазалық –денсаулық кепілі.

А) Мәтінді әр оқушыларға оқыту;
Б) Мәтінді аударуға уақыт беру.
В) «Сабын», «тіс щеткасы», «сүлгі» сөздерін тәуелдеу, жалғауларын белгілеу.
ІҮ. Сергіту сәті.
Видео арқылы сергіту сәтін өткізу.
3) Балалар, тез отырайық! Бізге «Мойдадыр» хат жіберіпті. Біздің бүгін тазалық туралы айтып жатқанымызды қайдан біліп қойды екен? Қане, хатты ашып көрейікші.
Балалар!
-Мен сендерге сәлемдеме жіберіп отырмын. Кірқожалақ балаға тазалық туралы айтып түсіндіріңдерші, өтінемін! Жіберген сәлемдемемде түрлі тапсырмалар мен жұмбақтар бар. Орындап көріңдер! Сәттілік тілеймін. Сау болыңдар.
«Мойдодыр»
А) «Тазалықтың досын тап» атты тапсырма. Әр оқушыға өлең беріледі, Сол өлең не туралы екенін айтып, жауапқа сәйкес сурет табу. Тазалықтың досы не екенін Кірқожалаққа көрсету.
1-топ: Тазалықты іздесең,
Сусабын, сүлгі керегі.
Бірі жуып шашыңды,
Бірі сүртіп береді.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1.Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. Тазалықты іздесең,
Айна,тарақ керегі.
Бірі тарап шашыңды,
Екіншісі көреді.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3.Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4. Тазалықты іздесең,
Тіс пастадан табасың.
Тістеріңді шөткеге
Тазалатып аласың.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5.Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ә) Тапсырмамен жұмыс. Сәйкестендір.
Сабынды ал
қолыңды тара
Сүлгіні ал
Бетіңді тазала
Тарақты ал
Шашыңды сүрт
Тіс щеткасын ал
Тісіңді жу
Б) «Артық суретті тап» ойыны.
Слайд арқылы экранға 4 сурет шығады, ішінен артық суретті сызып тастау.
Б) «Жақсы жаман»
Мен тісімді күніне екі рет тазалаймын (Жақсы)
Мен тәттіні көп жеймін (Жаман)
Мен тамақ ішер алдында қолымды жуамын (Жақсы)
Мен шашымды тарамаймын (Жаман)
Ү. Сабақты қорытындылау. Жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап.
ҮІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: а/ жаңа сөздерді жаттап келу
ә/ « Тазалық-саулық кепілі» өз ойларын жазу. Тәрбие.орг сайтынан Тазалық-саулық кепілі Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймишева Кундыз Бимаганбетовна

Жамбыл обл,Тараз қаласы №46 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 186 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar