XIX ғасыр дәстүрлі айтыс өнері С.Аронұлы шығармашылығы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 522
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 19/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22658


а) білімділік: С. Аронұлы шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін студент есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
ә) дамытушылық: Студент бойына айтыс құдыретін түсініп, түйсіне алу дағдысын жетілдіру, шығармашылық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге жетелеу.
б) тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, бейбіт өмірді қадірлей білуге тәрбиелеу, адамгершілікке, сыйластыққа баулу.
1. Айтыс өнерінің шығу тарихы. Айтыс түрлері.
2. Қазақтың белгілі айтыс ақындары.
3. Сүйінбай ақынның өмірі мен шығармашылығы.
4. Сүйінбайдың айтыстары.
Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бәдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі. Тәрбие.орг сайтынан XIX ғасыр дәстүрлі айтыс өнері С.Аронұлы шығармашылығы Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсенбаева Замира Пердебаевна

Пікірлер: 0

avatar