Қыс 6 сынып

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 343
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 17/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20557


Күні:
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
Cабақтың тақырыбы: лексикалық тақырып: Қыc
грамматикалық тақырып: зат есім
Сабақтың білімділік мақсаты: Модуль бойынша өткен әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматикалық ережелерді пысықтау.
Дамытушылық мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты : жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар екенін таныту. Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: 1. Интербелсенді тақта
2. Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, аннимациялар, өлең.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықтарын ояту -кезекшімен сұхбат.
Бір-екі оқушыдан жыл мезгілдері мен апта күндерін сұрау
1. Қазір қай сабақ?
2. Қазақ тілі сабағы нешінші сыныпта?
3. 6 сынып қай кабинетте отыр?
4. үй жұмысына не берілді?
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз табы, зат есімнің анықтамасы, сұрақтары, бөлінуі?т.б.
Перфокарта.
Сөздер Сөздің мағынасы Сөз таптары Сұрағы Есім түрі түрі
Зат атауы Мезгіл құбылыс Зат есім Сын есім Сан есім Кім? Не? жалпы жалқы Жекеше көпше
Қар
Көктем
Жел
Тастар
-Балалар, біз қазір өлең тыңдаймыз. Сендер мұқият болыңдар. Тыңдап болғасын мен сұрақтар қоямын.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
А.Құнанбаевтің «Қыс» өлеңін қазақ және орыс тілдерінде тыңдалады.
-Өлең не туралы? Ол кімнің өлеңі?
-Суретте қай жыл мезгілі?
-Неге қыс мезгілі деп ойлайсыңдар?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыс айлары қандай айлар?
II.Жаңа тақырыпқа шығу
-Қалай ойлайсыңдар бүгін сабақта әңгіме не туралы болады?
-Сабаққа мақсат қойыңдаршы. Тәрбие.орг сайтынан Қыс 6 сынып Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Газизова Жулдуз Сеилхановна

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №8 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar