ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 901
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 02/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22741


Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Сынып: 5
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақтың тақырыбы: Қысқы ойындар
Оқу мақсаты: Тілдік коммуникациябарысында қысқы ойындар тақырыбына қатысты жаңасөздерді меңгерту. Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы оқушылардыңбайланыстырып сөйлеудағдысын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
а) тақырып аясында сыныптастарыменқысқы ойындар жөнінде тілдесе алады, қарапайымсөйлеу үлгілері арқылысұхбаттасады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
а) қарапайымсөйлемдер арқылы қысқыойындар, оның көріністерін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
а)қысқы ойындаржайлыақпараттар береді, қысқы ойын түрлерімен таныстыра алады.
Алдынғы білім: Шығарма
Жоспар
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар
Басы
(Ой қозғау)
0-10 1. І. Ұйымдастыру кезеңі
2. А) сәлемдесу;
3. Ә) кезекшімен жұмыс;
4. Б) оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
Қызығушылықты ояту
Оқушылар «Қыс» тақырыбында ой бөлісу мақсатында ортаға шығып, ішкі-сыртқы шеңбер болып тұрады. Ішкі шеңберде тұрған оқушылар сыртқы шеңберде тұрған оқушыларға сұрақ қояды. Ішкі шеңберде тұрған оқушылар оң жаққа екі адамға жылжып, сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ішкі шеңберде тұрған оқушыларға сұрақ қояды
Топқа бөліну үшін қызыл, жасыл, сары түстері бар шеңберлерді таңдап, сол түстер негізінде топтар бойынша отырады. Топтарға отырған соң топ басшылары сайланып, бағалау парақтары беріледі.
Ой қозғау
Қарапайым сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Өз ойларын айтады, тақырыпты ашады. үлестірме қағаздар

Ортасы (Мағынаны тану)
10-25 ІІ. Жаңа білімді хабарлау
1 – тапсырма. Берілген қиындылардан тұтас сурет құрастыру және сурет бойынша мәтін құрастыру.
2 – тапсырма. Берілген грамматикалық тапсырмаларды орындаңыздар.
желтоқсан қаңтар ақпан
«Шаңғы» сөзіне дыбыстық талдау жасаңыз. «шана тебу» сөз тіркесін жіктеңіз «сырғанақ» сөзін септеңіз

3 –тапсырма. «Бес жолды өлең» әдісі бойынша төмендегі сөздерді талдау.
желтоқсан қаңтар ақпан
1. Қыс
2. Салқын, желді
3. Борандайды, суытады, ұзарады
4. Қыс –өте салқын мезгіл.
5. Ызғар 1. Ойын
2. Қызықты, көңілді
3. Қызықтырады, күлдіреді, қуантады
4. Қызықты ойындар өте көп.
5. Ермек 1. Күн
2. Көңілді, ұзақ
3. Өткізеді, өзгертеді, жоспарлайды
4. Бүгінгі күн өте керемет.
5. Тәулік
4 – тапсырма. «Пирамида» әдісі бойынша сөйлемдер құрастыру.
желтоқсан қаңтар ақпан
қысқы ойынды салқын


Суреттер, маркер, интер белсенді тақта

АЗ қағаз, маркер

Соңы
25-40 IV. Сабақты бекіту
Берілген бейнежазбада қысқы ойын түрлері көрсетіледі. Ойын түрлерінің атаулары орысша айтылады. Оқушылар бейнежазбада айтылған сөздерді тыңдайды, аударады.
V. Үйге тапсырма
«Менің сүйікті қысқы ойыным» тақырыбында эссе жазу. интер-белсенді тақта, бейнефильм
Рефлексия
40-42 Сабақ қорытындысы бойынша сабақтан алған әсерлерін аққаланы құрастыру арқылы көрсетеді. маркер
Қорытынды бағалау
42-45 ҮІ. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысымын бағалау парақтары арқылы бағалау.
Бағалау парақтары Тәрбие.орг сайтынан ҚЫСҚЫ ОЙЫНДАР Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймаганбетов Руслан Тлепович

Астана қаласы, С. Мәуленов атындағы №37 орта мектеп қазақ тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar