Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕР
  • 21.11.2016
  • 147 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20130

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (41.0Kb) · Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу ()

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер
Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білу
Күтілетін нәтижесі: топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әркеті
Тренинг Қатысушылардың көздерін жұмғызып қолдарына парақ беріп, адамның бас мүшелерін салдыру, соңына аттарын жаздыру. Түрлі түсті қарындаштарымен ойынға белсене қатысады.
Үй тапсырмасын
тексеру. Бірыңғай мүше дегеніміз не?


Бірыңғай мүшелері бар сөйлем құра.

Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздер.
Мейрам күні сыныпта ақ,көк, қызыл,сары шарлар ілінді.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
Ой қозғау

Жұптық тапсырма Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
1. , ертең тоған басындағы суды бұзуға баратыныңызды ескертіп қояйын.
2.Осы жағдай жайлы білмеген шығар, .
3. , ол енді осы ауылға оралмай ма?
4. Бүлдіріп қойған соң, , мен жасадым деп мойындаушы ма еді?
Керекті сөздер: айтпақшы, мүмкін, сіздіңше, әрине. Тәрбие.орг сайтынан ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕР Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ержан Төлеужан

Бастауыш сынып мұғалімі Ақмола облысы, Есіл ауданы "Свободный орта мектебі"КММ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 147 | Жүктеулер: 84
Барлық пікірлер: 0
avatar