Қыстырма сөздердің тыныс белгісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 352
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20928


Қазақ тілі 18.11.16ж №12 Жуманова С.Е.
Сабақтың атауы Қыстырма сөздердің тыныс белгісі
Сілтеме Ғаламтор, қазақ тілін оқыту әдістемесі
Сабақтың жабдығы СТО стратегиялары
Жалпы мақсаттар

Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқайды, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба біледі, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйренеді. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыланады. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиеленеді.

Оқыту нәтижесі топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.

Топқа бөлу Стикерлер үлестіріледі. Әркім өз таңдаған сөздер туралы түсінік бере отырып, топқа бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері
– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау Өткен ережелерді жаттау.

Қызығушылықты ояту 1 - тапсырма
Әр қатардан қыстырма сөзді тауып, бос ұяшыққа салыңыз:
Әрине Тайынша Бірге Шындық
әркім Жеңеше Біреу Шын
Әрекет Көрпеше Бірнеше Шын сөзі
әрқашан меніңше біріншіден Шынын айтсам
2 - тапсырма
Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
1...., бұл мәселе бүгін шешілетін сияқты.
2. Болашақта аты шыққан әнші болар,...
3...., биыл қыс жылы болады.
4. Осының бәрін, ме, жалғыз істей алмассың.
Керекті сөздер: меніңше, шамасы, бәлкім, әрине.
3 - тапсырма
Сөйлемдерді оқу, қыстырма сөздерді теріп жазу.
Қыстырма сөздердің құрамы жағынан бір сөзден ғана емес, бірнеше сөзден де жасалатындығы туралы көзін жеткізу.
4 - тапсырма
Бос орынға қыстырма сөзді қойыңыз:
1., сені бір жерден көрдім.
2.,, мына киноны көрсем ғой!
3., бұл туралы айтуды ұмытып барады екенмін.
4., сапқа тұруға дайындалыңдар. (Флипчарттар, маркерлер,
түрлі - түсті қағаздар, желім, т. б.)
Мағынаны тану
Жаңа сабақ «Сауаттылық хатын» орындату.
Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аударту.
Жеке жұмыс
2 - жаттығуды дәптерге диктант түрде жазады. Сөйлемдердің ішінен қыстырма сөзді тауып, тыныс белгісін қояды. Ережені шығарып, оны қорғайды.
2 - жаттығу.
Әрине, ол шаттанып айқайлаған жоқ, айқайлап жүгірмеді де. Керісінше, көнетоз күпәйкесінің жеңімен көзін сүртіп, қорсылдап жылап келе жатты. Неге екенін өзі білген жоқ. Тек әйтеуір, туған ауылды көргенде елжіреп, көңілі босап сала бергені анық. Туған жерін көп жыл көрмегеннен шығар, бәлкім. (Бірін - бірі бағалау Тақта)
Оқулықпен жұмыс
Әр топтың жұмыс жүргізу барысын бақылау, бағыт беру. Жеке жұмыс
3 - жаттығу. Өлеңді оқып, қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу.
(Топтың бағалауы, Флипчарттар, маркерлер, түрлі - түсті қағаздар, желім, т. б.)
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, флипчарттарды толтырады, ой - пікірлерін бір арнаға тоғыстырады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді.

1 - топ. Бір сөзбен айтқанда.
2 - топ. Менің ойымша.
3 - топ. Дұрысын айтқанда
4 - топ. Оның ойынша.

Білем Білдім Білгім келеді


Үй тапсырмасы 5-жаттығу
Сөйлемдерді оқы.Төмендегі қыстырма сөздерді сөйлемнің мағынасына қарай көшіріп жаз.Сөйлемнің мағынасында қандай өзгеріс болады? Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Кері байланыс Кері байланыс (оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің... Тәрбие.орг сайтынан Қыстырма сөздердің тыныс белгісі Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жуманова С.Е.

Пікірлер: 0

avatar