Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өз тілімізді ардақтайық!
  • 22.01.2017
  • 77 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21233

Өз тілімізді ардақтайық!
Егеменді мемлекетіміз Қазақстан жүздің жүйірігіндей, мыңның тұлпарындай алда келеді. Сан алуан ұлы өкілдерін құшақ жайып, ыстық бауырға тартатын қасиетті мекен ол қазақ жері.
Мемлекетімізде ерекше орын алып, өркендетуге жол ашатын күн сәулесіндей – Елтаңбамыз, көгілдір аспанның суретін бейнелейтін – Туымыз, мазмұны ерекше болып келетін – Әнұранымыз бар десек, осының айғағындай Мемлекеттік тіліміз бар.
Мемлекетіміз қазақ тілі мәселесін көтеріп келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесін » - деді. Осы сөзден кейін қазақ екенімізді танытудан қашанға өзге ұлттарға жалтақтай береміз деген ой туатыны белгілі.
Ана тіліміз дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті, кең тіл. Ата-бабамыз өзінің асыл мұрасы тіл өнерін келер ұрпаққа жеткізетін оны аялауға, қастерлеуге, көздің қарашығындай сақтауға тапсырды. Бұл аманатты орындауға тиістіміз.
Тарихи кезеңді еске алып, көз жүгіртсек, жазушы Ғ.Мұстафин «Халық өз тіліне өзі иелік етпесе, кейде заңныңда құдіреті оған жете бермейді. Туа білген халық тәрбиелей де білу керек. Ұрпағыңды өмірге әкелген екенсің, оны баули да біл» деген. Бұл ой ұшқынында қаншама мәнді әрі көркем сыр жатыр десеңізші! Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есіміне ұлт ретінде сай болсақ, Мағжан Жұмабайұлы салған жолдың сенімін ақтасақ, Ахмет Байтұрсынұлы жазған шығармалардың мазмұнына тең болсақ, Міржақып
Дулатұлының өлеңдерін ұран етіп ұстансақ, қай ұлттан кем болар едік?
«Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» дейді дана халқымыз. Еліміз егемендік алғаннан бері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Кезінде ұмытылып бара жатқан, орыс тілінің шырмауында өз күшін жоғалтуға дейін барған ана тіліміз қазір еркін жердің кең құшағында өсіп, өркендеп қанаттануда. Мемлекетіміз қазақ тілін оқып-үйренуге бар мүмкіншілікті аянбай беріп келеді. Мекеме, ұйым, мектептерде қазақ тілін оқып-үйрену үйірмесі жүргізілуде. Бұдан туындайтын сұрақ, сол қызметкерлер мемлекеттік тілде таза сөйлеп, немесе құжаттарды мемлекеттік тілде ағын судай меңгеріп кеткендер бар ма екен? Бар болса оларды неге үлгі етпеске. Әлде баяғы жартас, сол жартас қазақ тілі өмір бойы үйретіле бере ме? Бұл сұрақтың өзі көкірегі ояу, саналы азаматтар мен азаматшалардың ойында жүрген бір ауқымды мәселе екеніне күмән жоқ.
Ана тілім қуат бердің сен маған,
Қайда жүрсем, арманымсың аңсаған.
Саған берем өмірімнің бар күнін,
Туған жерім алтын бесік босағам.
Шыр еткенде нұрсөзіне бөлендім,
Құшағыма гүл сыйлаған күндерің.
Әр қадамда сайрандаған ақ жолдар,
Жиып алып шашуменен теңедім.
Айтылмаған сырларым бар өмірде,
Қуанышым үмітім де күндерде.
Әлди сөзін анам айтқан есімде,
Дарысыншы жырларменен жүректе – деп жыр төксем, жүрегім кеңіп, алыстағы арманды іздеуге қайта жол бастайды. Ел еркіндігі, ұлтымыздың еркіндігі. Олай болса бүгінгі мемлекеттік тіл жөніндегі мәселелер азая берсін. Тәуелсіз мемлекетіміздің шынайы көрінісі ретінде ана тіліміздің алатын орны бөлек. Олай болса жазушы кемеңгеріміз, қазақ тілі туралы көптеген зерттеулер жасап, бүгінгі ұрпаққа сеніммен аманат етіп, Сталиннің қуғын-сүргініне ұшырап, пәле жабылып «Халық жауы» атанған А.Байтұрсынұлы «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» деген. Ал көрнекті жазушымыз, есімі «Абай жолы» кітабымен барша әлемге танымал болған М.Әуезұлының сөзі «Ана тілін білмейтін адам, мәдениетті адам санатына қосылмайды». Олай болса тілімізді – қадірлеп, құрметтеу қажет. Ойланайық баршамен!
Гүлім Ә. Дайкушева,
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданы
Дзержинский негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәрбие.орг сайтынан Өз тілімізді ардақтайық! Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гүлім Ә. Дайкушева,

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Өз, тілімізді, ардақтайық!, Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 77 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar